Кернеуге түскен адам өмірін құтқару, көпшілік жағдайда, зардап шегушінің ток жүретін бөліктерден қаншалықты жылдам құтқарылуы мен оған көмектің қаншалықты тез және дұрыс көрсетілуіне байланысты болады.
Электр тогының зардап шегушіге әсер етуін токтатудың негізгі тәсілдері (32-сурет): электр тізбегі немесе жабдығы бөлігін ажырату (шаппамен немесе басқа ажыратушы аппаратпен); зардап шегушіні киімінен тартып, сүйреп шығару; сымды денеден алу; сымдарды жұлу немесе шабу (зардап шегушінің екі жағынан құрғақ ағаш сапты күрекпен және т.б.). Егер бұл тәсілдермен токтың зардап шегушіге әсерін токтату мүмкін болмаса, онда оның
оқшауланбаған жерлеріне қандай да бір металл заттарды лақтырып іліп немесе электр қондырғысының фазаларын жерге қосып, бұл ретте өзін сымдарға немесе басқа металл заттарға жанасудан қауіпсіздендіре отырып, желіде әдейілеп қысқа түйықталу (замыкание) жасаумен қорғаныс құрылғыларының (сақтандырғыштардың, автоматтардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.
Егер электр қондырғысын жылдам ажыратуға болмайтын болса, онда зардап шегушіні ол жанасқан ток жүретін бөліктерден құтқару (жұлып алу) шараларын қабылдаған жөн. Бұл үшін қолға резеңке қолғап (ол жоқ болған кезде қолға кұрғақ шүберек орау) кию, өзін жерден резеңке кілемшемен (құрғақ тақтаймен бірнеше қабат брезентпен) оқшаулау, зардап шегушіні киімінен ұстап тарту арқылы ток жүретін бөліктерден құтқару қажет. Егер зардап шегуші колдарымен сымды қатты қысып тұрған болса, онда оның қолын әрбір саусағын жеке-жеке жаза отырып босатады. Зардап шегушіні кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр қондырғысынан ажыратып алу кезінде міндетті түрде диэлектрлік қолғаптар, резеңке аяқкиім, қарнақтар, қыскыштарды пайдалану керек.
Егер зардап шегуші биіктікте жұмыс істеп жүріп кернеуге түссе (токты ажыратқан кезде оның құлап түсуі мүмкін), онда оның құлауына жол бермейтін немесе құлауын қаушсіз ететін шаралар қабылдаған жөн. Зардап шегушіні абайлап құтқару қажет: біріншіден, оған қосымша жарақат жасамауды; екіншіден, құтқарушы өзінің кернеуге түсіп қалмауын ойлағаны дұрыс. Зардап шегушіге жанасудың кез келген жағдайында өзін токтың мүмкін болатын соғуынан қорғау (әдеттегі немесе қолда бар қорғаныс құралдарын пайдалана отырьш) қажет, өйткені әрқашан да ток соғудың нақты көзі анықтала бермеуі немесе олар бірнешеу болуы, олардың бәрі бірдей ажыратылмауы мүмкін. Егер ток соғу адамға сымның құлауы нәтижесінде орын алса, онда зардап шегушіні сымды оперативтік қарнақпен немесе құрғақ таяқпен, тақтаймен алып тастау арқылы құтқаруға болады. Бұл ретте 1 кВт-тан жоғары электр қондырғыларда міндетті түрде диэлектрлік қолғаптар, резеңке аяқкиім, қарнақтарды және қысқыштарды пайдалану керек екендігін есте сақтаған жөн. Электр тогының адам ағзасына әсері ол арқылы өтетін токтың күшіне байланысты болады. Адам ағзасы арқылы өтетін, күші 0,05 А ток оның өмірі үшін қауіпті. Ток жүретін бөлшектерге жанасу дененің жанасқан жерінде күйік, тыныс алу органдары мен жүректің салдануын туындатуы мүмкін. Зақымдану дәрежесі адам денесінің электрлік кедергісіне байланысты, ол қалыпты жағдайда бірнеше ондаған мың Ом-га тең болады. Терінің ылғалдығына, дене температурасына, ток жүретін бөлшектермен жанасу беттерінің шамасына қарай адам денесінің электрлік кедергісі 500 Ом-нан бастап 0,5 МОм-ға дейін өзгереді. Сондықтан тіпті 40 В кернеу адам өмірі үшін қауіпті болып есептеледі.
Егер электр тогының адамға әсер ету уақыты 0,1 секундтан аз болса, онда ағза бірнеше ампер токқа шыдауы мүмкін. Ал токтың неғүрлым ұзақ әсер етуі өлімге өкеледі. Өнеркәсіптік жиіліктегі (50 Гц) айнымалы ток үшін қауіпсіз шама 0,01 А ток болып табылады. Күші 0,015 А ток адамда ауырсыну туындатады, күші 0,05 А ток өмір үшін қауіпті болып есептеледі, ал күші 0,1 А ток өлімге әкеледі. 0,05 А-ге дейінгі тұрақты ток қауіпсіз. Өндірістік жиіліктегі токқа қарағанда жиілігі 150-200 кГц-тен жоғары ток ағза үшін аса қауіпті емес.
Зардап шегушіні ток әсерінен құтқарғаннан кейінгі алғашқы жәрдем шаралары оның жай-күйіне байланысты болады. Егер зардап шегуші қалыпты тыныс алып, ақыл-есін білсе, онда оны ыңғайлап жатқызу, киімдерінің жағаларын ағыту, кеудесін ашу, үстін жауып, дәрігер келгенге дейін тыныштық беру қажет. Бұл ретте адам өзін қанағаттанарлық дәрежеде сезінсе де, оған орнынан тұруға болмайды, өйткені бұдан кейін хал-жағдайының нашарлауы мүмкін.
Адам есін білмейтін жағдайда болып, бірақ тыныс алуы мен тамыр соғуы тұрақты болса, онда оған мүсәтір спиртін иіскету, одеколонмен сылау, бетіне су бүрку және дәрігер келгенге дейін тыныштығын қамтамасыз ету, жергілікті зақымдануларды өңдеу және таңғышпен таңу керек. Егер зардап шегушінің тыныс алуы нашар болса немесе мүлдем тыныс алмаса, онда дереу жасанды дем алдыру мен жүрекке тікелей емес массаж жасауға кірісу қажет. Аталмыш әрекеттерді өздігінен тыныс алганға дейін жүргізе берген жөн. Зардап шегуші есін жиғаннан кейін оған сусынды (су, шай, компот) молынан беру қажет, бірақ алкогольдік ішімдіктер мен кофе бермеген жөн. Науқасты жылылап жабу керек. Токтан зардап шеккен адамды жерге көме отырып жандандыруға үзілді-кесілді тыйым салынады.