Экономиканы мемлекеттік реттеудегі əдістер мен құралдарды таңдау кездейсоқ болмауы керек. Реттеу құралы экономиканың даму бағытына сəйкес анықталады. Əр елде экономикаға мемлекеттің əсер ету құралы бірдей болып келуі мүмкін. Дегенмен, əр елдегі саяси, экономикалық, əлеуметтік ерекшеліктер, мақсаттар мен міндеттердің əр түрлілігі экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарын таңдау барысында əдістер мен құралдардың тиімділерін таңдауды талап етеді.
Мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін экономиканы мемлекеттік реттеудің құралын құрайтын əр түрлі тəсілдерді қолданады. Экономикаға тура жəне жанама əсер ету əдістері Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістері тура жəне жанама депжіктеледі. Мемлекеттің экономикаға əсер етуінің тура əдісі қосымша материалдық ынталандыруды қажет етпейді жəне қаржылық зиян келтіру қаупінтудырмайды. Олар билік күшіне жүгінеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тура əдістеріне мыналаржатқызылады: – экономика дамуының стратегиялық мақсаттарын белгілеу жəне олардыжоспарлар мен мақсатты бағдарламалар арқылы көрсету; – белгілі бір өнімге, жұмыс жəне қызмет түріне мемлекеттік тапсырыс беру; – өнім жəне технология сапасына нормативті талаптар қою; – құқықтық жəне əкімшілік шектеулер жəне белгілі бір өнім шығаруғатыйым салу; – экспорттық-импорттық операцияларды лицензиялау жəне квоталау. Мемлекеттің экономикаға жанама əсер ету əдістері шаруашылықсубъектілердің мүдделеріне жүгінеді. Оларға мыналар жатады: – салық салу; – бағаны реттеу, – ресурстар үшін төлемдер, пайыздық мөлшерлеме, несиелік жеңілдіктер; – экспорттық-импорттық операцияларды тариф тұрғысынан реттеу; – валюталық реттеу.
Нарықтық қатынастардың дамуы нəтижесінде экономиканы мемлекет- тікреттеуде жанама əдістерді қолдану аясы ұлғайып келетінін атап өту керек,бұл жағдай мемлекеттің шаруашылық қызметке тікелей араласу мүмкіндігін азайтып отыр.
Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары былайша топтастырылады: – əкімшілік (тиым салу, рұқсат беру, күштеу); – экономикалық (ақша-несиелік, бюджеттік, салық саясаты, мемле- кеттікэкономикалық бағдарламалау жəне болжау); – құқықтық (шаруашылық қызметті реттейтін нормативті актілерді жасаужəне қабылдау); – əлеуметтік-психологиялық (моральдық наным, еркін келісу).
Мемлекеттік реттеудің нақты құралдары алты топқа біріктіріледі: 1. Ұйымдастыру-басқарушылық: лицензия беру, тіркеу, регламенттеу, антимонополиялық тыйым салу, баға шегі, квота беру (жалақыны минимализаицялау). 2. Нормативтік: стандарттар, нормативтер, тарифтер. 3. Қаржы-кредиттік: есептік мөлшерлеме, валюталық операциялар, кредиттік жеңілдік. 4. Қазыналық-кедендік: салық мөлшерлемелері, кедендік баж, кедендік жеңілдіктер. 5. Қаржылық: мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік тапсырыстар, демеуқаржы, көмекқаржы. 6. Жоспарлы: болжамдар, бағдарламалар, индикативті жəне стратегиялық жоспарлар. Айта кету керек, орталықтандырылған директивті жоспарлаудан индикативтіге өту ұзақ мерзімді алады. Мамандардың айтуы бойынша, дағдарыс кезінде өтпелі нысан ретінде пұрсатты жоспарлау алға шығады. Ол өз бойында орталықтандырылған-директивті қасиетпен бірге индикативті жоспарлауды да қамтиды.
Мемлекеттік реттеу құралдары экономиканы мемлекеттік реттеу əдістерімен тығыз байланыста болады. Тура əсер ету əдістері əкімшілік жолмен, жанама əдістері экономикалық тəсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық реттеу құралдарында тура жəне жанама əдістер қолданылады. Олесептік мөлшерлемені қолдану мысалында айқын көрінеді. Ұлттық банкдисконттық саясатының негізінде есептік мөлшерлемені белгілеп береді.Есептік мөлшерлеме несиелік қатынастардың дамуы мен несие пайызының өзгерістерін шаруашылық субъектілерінің экономикалық мүдделері арқылы анықтайды.
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі əкімшілік құралдардың ерекшелігі деп келесі жайттарды айтады: – оларды жүзеге асыру үшін қосымша материалдық ынталандыру қажет етілмейді; – мемлекеттік биліктің күші мен беделіне негізделеді; – тиым салу, рұқсат беру жəне күштеу шаралары жүргізіледі; – экономиканың мемлекеттік секторының кəсіпорындары мен мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады. Əкімшілік құралдар шаруашылықты орталықтан басқару түріне тəн болып келеді жəне алғашқыда нарықтық экономикамен үйлесімсіз болып көрінеді. Бірақ нарықтық экономика жағдайында əкімшілік құралдарды қолдану тиімді болатын, тіпті қажет болатын жағдайлар кездесіп отырады. Нарықтық экономикада əкімшілік құралдарды қолдану салаларына келесілер жатқызылады. 1.Экологиялық жəне əлеуметтік сала. Олар: – қоршаған орта (экологиялық стандарттарды сақтауға күштеу); – тарихи жəне мəдени ескерткіштер (мысалы, оларды коммерциялықбағытта пайдалану); – денсаулық сақтау; – білім беру (мысалы, міндетті бастауыш жəне орта білім); – əлеуметтік қамсыздандыру (жалақының ең аз көлемін белгілеу, фирмаларды жұмыскерлеріне əлеуметтік жағдай жасауына күштеу).
2.Төтенше жағдай (зілзала нəубеті, əскери əрекеттер, соғыс нəтижесіндеқұлдыраған шаруашылықты қалпына келтіру, саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дағдарыс). Төтенше жағдай туған кезде əкімшілік құралдардықолдану тіпті демократиялық қарқынды дамыған елдерде қажет болады. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, зілзала нəубеті кезінде (су тасқыны, зілзала,ірі өрттер) мемлекет əкімшілік сипаттағы төтенше шаралар қолданады: — халықты күштеп көшіру; — апат аймағында жүруді шектеу; — тіршілікке қажетті құралдармен қамтамасыз ету жəне т.б. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, соғысқа дайындық кезінде, соғыс кезінде, соғыс нəтижесінде құлдыраған шаруашылықты қалпына келтіру, саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу кездерінде əкімшілік құралдар ұзақ жəне қарқынды қолданылады. «Əскери-экономикалық саясат» құралына мемлекеттің тиым салу не күштеу жатады, олар: экономиканы соғыс өндірісі етіп қайта құру, ресурстарды жинау, еңбек міндеттілігі, жалақыға тиым салу жəне т.б.
3.Өмір сүріп отырған əлеуметтік-экономикалық құрылымды сақтау. Мұндай міндеттер қоғам дамуының шешуші кезеңдерінде, екінші дүние жүзі соғысынан кейін Батыс Германия мен Жапонияда, Франциядағы саяси жəне экономикалық дағдарыс кезінде, басты міндеттердің бірі болды. Бұл жағдайларда мемлекеттік реттеудің əкімшілік құралдары қолданып отырды. АҚШ, Франция, Ұлыбритания үкіметтерінің екінші дүние жүзілік соғысынан кейін Батыс Германиядағы жүргізген саясаты – осындай əкімшілік реттеудің нақты мысалы. Сосын осындай саясатты Батыс Германияның үкіметі мен басқару органдары да жүргізген болатын. Таза əкімшілік шараларға 1948 жылы болған тəркілеу түріндегі ақша реформасын, беделді неміс кəсіпорындарының жəне банктерінің күштеп ірілендірілуі, соғыс өндірісін азайту, сосын тіпті оған тыйым салу сияқты шараларды жатқызуға болады.
Көптеген дамыған елдер тарихындағы қиын жағдайларда əкімшілік құралдар қолданылып отырған: Францияда – билікке генерал де Голльдің келуінен кейін, Испанияда – генерал Франконың жеңісінен кейін, Чилиде – билікке генерал Пиночеттің келуінен кейін жəне т.б. Əкімшілік құралдар дамушы елдерде де қолданылады, өйткені экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын жүзеге асыру үшін реттеудің экономикалық құралдары кейде жетімсіз болады. Мемлекеттік реттеудің əкімшілік құралдары экономиканы индустрияландыруды қарқынды дамыту үшін, ішкі нарықты шетел тауарлары мен капиталдарынан қорғап қалу үшін де қолданылады.
4.Қоғамдық құрылымды өзгерту қажеттілігі. Қоғамдық құрылымның түбінен өзгеруі реттеудің əкімшілік құралдарды көп қолдану нəтижесінде болады. Меншік жəне билік қатынастарының, əлеуметтік-экономикалық өмірдің заң жəне институционалды базасының өзгеруі материалдық ынталандыру нəтижесінде емес, экономикалық қатынасты əкімшілік реформалау нəтижесінде болып отырады. Мысал ретінде мемлекеттік реттеуде əкімшілік құралдардың шаруашылықты орталықтандырылған түрінен нарық түріне – жеке кəсіпкерлікке рұқсат беру, орталықтан жоспарлауды доғару, мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру – ауысу барысында болған өзгерістерді атап өтуге болады.
Нарықтық шаруашылықта қалыпты жағдайда əкімшілік құралдардың рөлі төмен болады. Тек пайда болған мəселелерді шешуде мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары жедел жəне тиімді болмаған жағдайда ғана оларды қолдану əбден дұрыс болады. Дамыған елдерде əкімшілік құралдар дəстүрлі түрде экономиканы мемлекеттік реттеудің резерві ретінде болады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің əлеуметтік-психологиялық құралдарына моральдық наным мен еркін келісу жатады. Олар экономикалық жəне əкімшілік тəсілдермен қатар қолданылып отырады. Моральдық наным үшін материалдық ынталандыру мен əкімшілік шаралары қолданылмайды. Ол үкімет беделіне, əділдікке жүгінеді.