Экономикалық өсу: негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары
Экономикалық өсу — əлеуметтік мəселелерді үйлесімді шешудің негізі, адамдардың тұрмыс деңгейінің көтеріліп, табыстарының молаюының қайнар көзі. Экономикалық өсу экономиканың үдемелі қозғалысын, оның алға басуын жəне дамуын көрсетеді. Экономиканың үдемелі қозғалысының тереңде жатқан себептері — ол қоғамдық өндіріс пен оның мақсаты — адамның қажеттілігін қамтамасыз ету арасындағы күрделі жəне қарама-қайшылықтарға, байланыстарға негізделген. Адамның экономикалық қажеттіліктері өндірістен туындайды. Жаңа өнім шығарып жəне оған қажеттілік туғызып, өндіріс осы қажеттіліктерді қамтамасыз етудің жағдайларын қалыптастырады. Өз жағынан қамтамасыз етілген қажеттілік пен жаңа түрлерінің туындалуы өндірісті қайталауды талап етеді. Жаңа қажеттіліктерді қанықтыру өндірісті одан ары өсірудің мейлінше жетілдірудің негізін қалайды.
Қоғамның қажеттіліктері өсіп отырады жəне сапа жағынан өзгереді. Бірінші кезекте олар халық санының өсуіне байланысты туындайды. Осымен бірге адамдардың қажеттіліктері де өседі жəне əрқилы болып қалыптасады. Қоғам өміріндегі ағымда болатын бұл объективтік үрдістерді ғылым «Қажеттіліктердің жоғарылау заңы» деп біріктіреді. Халық санының өсуіне байланысты олардың қажеттіліктерінің ұлғая түсуі жəне осы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін экономика өнім өндіруді толассыз арттырып отыруы тиіс.
Экономикалық өсу мəселелері мына бірізділікте қарастырылады: біріншіден, оның түсінігі мен мəнін анықтау; екіншіден, оны талдаудың болашақ моделін жасау; үшіншіден, оның төңірегіндегі тұжырымдау мен ойларға қысқа шолу жəне де оған ынталандырудың жүйелік шараларын қалыптастыру.
Экономикалық өсу екі өзара байланысты тəсілмен анықталады жəне өлшенеді: белгілі бір кезеңдегі жалпы ұлттық өнімнің немесе таза ұлттық өнімнің ұлғаюы жəне сол көрсеткіштердің жан басына шаққандағы көлемінің өсуі.
Қай елдің болмасын экономикалық өсуі алты негізгі факторлармен анықталады. Олардың төртеуі экономиканың өсуге деген физикалық қабілеттілігіне байланысты. Бұл, əдетте, ұсыныс факторлары деп аталатын — табиғи ресурстардың саны мен сапасы, негізгі капиталдың көлемі жəне технологиясы. Ал бесінші — сұраныс факторы. Ол шығыс деңгейін жоғарылата отырып, ресурстарды пайдалану көлемін кеңейту арқылы елдің экономикасының өндірістік əлеуетін жүзеге асырады. Алтыншысы — ресурстарды өнім өндірушілер арасында өзара бөлу факторы, оларды пайдалы өнімнің барынша толық пайдаға асыруы. Экономикалық өсуге əсер ететін ұсыныс, сұраныс факторы өзара байланысты. Бұл факторлардың өзара əрекеттестігін тұтыну жəне инвестициялық тауарлардың өсу арасындағы өзара тəуелділігінен көруге болады. Оны белгілі табиғи, еңбек ресурстарының саны мен сапасы, негiзгi капитал мен технологиялық əлеуетнегізінде өндірілген өнімнің барынша көп нұсқаларының болуын мейлінше қамтып көрсетеді. Əйтсе де өз өндірістік əлеуетін толық пайдалану мүмкіндіктері сұраныс жəне ұсыныс факторларымен шектеледі.
Экономикалық өсу факторларын АҚШ жəне Еуропа елдерінде жүргізілген зерттеулер еңбек өнімділігін көтерудің жалпы ұлттық өнімнің өсуіне еңбек шығынын өсіруден əлдеқайда жоғары əсер ететінін көрсетті. Бірақ, еңбек тиімділігін көтеру оңай емес. Оған техникалық прогресс, қормен қаруландырудың өсуі, жұмыс күшінің сапасын жақсарту, еңбек ресурстарын төменгі өнімділікті салалардан жоғарғы өнімділікті салаларға ауыстыру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан да еңбек өнімділігі мен нақты өнімнің өсуін табиғи үрдіс деп қарауға болмайды.
Экономикалық өсу — бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар: Экстенсивті өсу дегеніміз-қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Интенсивті өсу дегеніміз- техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Аралас өсу дегеніміз- өндіріс қуатының өсуі нəтижесінде өндіріс факторларын пайдалану санының өсуі жəне техника мен технологияның жетілуі. Экономикалық өсуді есептеу пайыздық жылдық өсу қарқынымен анықталады. Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары. Ұсыныс факторына мыналар жатады: табиғи ресурстардың саны мен сапасы; халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы; негізгі капиталдың болуы; өндіріске қолданылатын технология деңгейі.
Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз етеді. Тек қана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық əлеуетін қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда, өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тəуелді. Өспелі өндірістік əлеуетін жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік əлеуетті мақсатқа сай пайдалану үшін тек қана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы камтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максималды санын беретіндей бөлу қажет.
Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады: еңбек ақы мөлшері; мемлекеттің фискалдық саясаты жəне халықтың қор жинау бейімділігі. Факторлардың өсуі əсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады: олар көп факторлы жəне екі факторлы модельдер. Көп факторлы модель — барлық аталған факторлардың өсуіне əсер етеді. Жалпы осы факторлардың бірлесіп əсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Əр түрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына əсерін тигізеді.
Экономикалық өсудің моделдері
Қазіргі кезде экономикалық өсудің үш моделін бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, кейнстік модель, екіншіден, Харрод-Домар моделі жəне үшіншіден, неоклассикалық модель.
Кейнстік модельмакроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраныстың басты рөліне негізделеді. Сұраныстың шешуші элементі — мультипликатор арқылы пайданы ұлғайтатын инвестиция.
Кейнстік модельден айырмашылығы Домар моделіндеинвестиция тек табыс емес, сондай-ақ жаңа қуаттылықтарды құру факторы. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі Домар бойынша жаңа қуаттылықтар мен жаңа табыс құратын капитал салымдарының динамикасымен анықталады. Демек, міндет инвестиция көлемі мен динамикасын анықтаудан тұрады. Домар моделінің дамуын Харрод моделі көрсетеді. Егер Домар моделі мультипликаторды пайдалануға негізделсе, Харрод моделінің негізінде акселератор теориясы жатыр, демек, ол капитал салымдары байланысты табыстың балансталынған өсу нормасын анықтайды. Харрод моделі акселератор базасы теориясында кəсіпкерлердің инвестициялық шешімдерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Неоклассикалық модельбір емес, екі өндірістік факторды ескереді жəне олардың өзара алмастырылуын көздейді. ЖҰӨ-нің өндірістік факторлардың əр түрлі комбинациялары есебінен мүмкін болады. Неоклассикалық модельдің аналитикалық құралдарының ішінде басты орынды өндірістік функция алады. Бұл модель экономист П.Дуглас пен математик X.Коббтың есімімен байланысты аталады.
Экономикалық өсу жəне оның ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттырудағы алатын орны
Елдің экономикалық өркендеуі экономистер мен саясаткерлердің назарында үнемі болып отырады. Бұл дұрыс та, өйткені ұлттық экономикада болатын құрылымдық өзгерістерге ел өмірі жəне оның болашағы тəуелді болады. Сол себепті экономикалық өркендеу мəселесі – бəсекеге қабілеттілікті арттыруды мақсат еткен мемлекеттің басты мəселелерінің бірі болып табылады.
Қоғамның экономикалық өркендеуі – көп факторлы, қарама-қарсылығы көп, өлшеуі қиынға түсетін үдеріс. Экономикалық өркендеу серпінінің көрсеткіштері əрқалай болып келеді, оларға сандық баға беру кейде мүмкін болмайды. Оларды келесі топтарға жинақтауға болады: – экономикалық өсу көрсеткіштері (ЖІӨ/ЖҰӨ, жеке салалардың, тауарлар мен қызметтердің көрсеткіштері); – өмір сапасы мен дамуының көрсеткіштері (өте көп болады, мысалы, тұтыну қоржыны, халықтың білім деңгейі, қызмет көрсету саласының деңгейі жəне т.б.). Макроэкономикада көбіне экономикалық өсу жиі талданып тұрады. Экономикалық өсудің басты көрсеткіштеріне келесілерді жатқызады: -Жалпы Ішкі өнім/Жалпы Ұлттық Өнім (ЖІӨ/ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс көлемінің өсуі; -ЖІӨ/ЖҰӨ немесе ұлттық табыс(ҰТ) өсу қарқыны немесе жан басына шаққандағы ұлттық табыс; -өнеркəсіп өндірісінің өсу қарқыны, басты салалар бойынша жəне жанбасына шаққанда.
Экономикалық өсу барлық елдерде маңызды экономикалық мақсат депқарастырылады. Ол келесідей түсіндіріледі. Жан басына шаққандағықоғамдық өнімнің артуы халықтың тұрмыс жағдайының артқандығыныңбелгісі. Нақты өнімнің өсуі материалдық молшылыққа əкеледі.
Жылдық нақты өнімнің өсуімен анықталатын, өсіп келе жатқан экономиканың жаңа сұраныстарды орындау мүмкіндіктері көп болады жəне ондайэкономика ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейде де əлеуметтік- экономикалық мəселелерді шеше алатындай жағдайда болады.
Нақты табыстың артуы əр отбасы үшін мүмкіндіктер аясын кеңейтетүседі, саяхат жасау, əр бала үшін жоғары білім алу мүмкіндігі отбасыныңбасқа мүмкіндіктері мен басқа да игіліктеріне шығын келтірмей-ақ жүзегеасырылады. Экономикалық өсу инвестиция көлемі мен қоғамдық игіліктерді өндірудіқысқартпай, тұтыну деңгейін төмендетпей-ақ кедейлікке қарсы күрескебағытталған бағдарламаларды жəне қоршаған ортаны ластауға қарсымемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.