Әлемде, қоғамда және адамның іс-әрекетінде басқарылатын және басқарылмайтын үдерістер бар. Басқарылмайтын үдерістер адамның мақсаты мен мүдделеріне қарамастан, бірақ оның әрекетінің апатына, түріне және көлеміне сәйкес табиғат пен қоғамның табиги заңдары бойынша өтеді. Адам өз әрекетінде қандай болса да мақсат көздесе, осы мақсаттарға жетудің жағымды да, жағымсыз да салдары болады. Бұл нақты дәлелденген құбылыс. Өндірістің дамуы адам жағдайының жақсаруы мен оның өмір сүру сапасын өзгертуге бағытталған, бірақ өндірістің дамуы адам мен табиғат арасындагы бйланыстардың өзгеруіне әкеліп, адам өміріне қауіп тудырады.
Адамзат тарихында өндірістің даму саласы табиғат үдерісін жүйелі меңгеруге, табиғатты адамның хал-ауқатын көтеру құралына айналдыруға байланысты болған. Бұл жерде өндірісті басқару негізгі рөл атқарған. Басқару қазіргі кезеңге дейін өндіріс дамуының экологияліық салдарын және табиғаттың емес, өндірістің мүмкіндіктерімен белгіленетін адам өмірінің өзгерістерін ескермеген және әлі де ескермейді. XX ғасырда табиғатқа үстем ету барысында қолданылатын негізгі қағида мынадай «Табиғаттан ешқандай аяушылық күтуте болмайды, табиғаттан алу біздің басты міндетіміз!».
Қазіргі таңда экологиялық мәселелердегі интернационализация заңдылығын бақылауға болады. Экология адам және адамзат дамуының демографиялық, биоәлеуметтік, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, табиғат қүраушы үдерістеріне әсер етеді. Сондықтан да, осы мәселелерді шешу кезінде трансұлттық күштер қажет.
Экология саясаттануда, ал саясат экологиялануда. Экология бүдан ары адамзаттың прогресті өлшеуіне, қоғамдық моральға, басқарудың құнды (акциологиялық) тәсілдеріне әсер етеді.
Адамды табиғатқа қайшы келетін, сана-сезімінде қалыптасқан өзінің материалдық игілігіне бас июшіліктен қорғау міндеті туындайды. Бұл өткенге шақыру емес, келешектің ақиқаты. Сондай-ақ бұл кедейлікке шақыру емес, табиғатқа жақындықты білдірту. Бұл байлық пен бақытқа, табиғатқа сәйкес келетін жаңа сападағы өмірді материалдық қамтамасыз етуге шақыру.
Осы беталыстар экологиялық менеджменттің қажеттілігін анықтайды және оның жүйесінде өндірістің қайта құрылуы туындалады.
Адамзат баласы барлық уақытта адамның іс-әрекетін шектейтін, басқарылмайтын үдерістерді басқаруға талпынып, проблеманы шиеленісуіне қарай, олардың күрделілігі мен туындау жағдайына байланысты шешуге тырысты. Осы жағдайда экологиялық үдерістерді басқару мәселелеріне қатысты көзқарас қалыптасып, өндірістің дамуын басқару және экологиялық үдерістерді басқару секілді түсініктер туындайды және олар бірлескен және бір-біріне жақын болады.
Бүгінгі таңда экологтар өндіріс дамуының жаңа бағыттары мен жолдарын көрсетті. Ол өндіріс пен табиғаттың өзара әрекетіндегі жаңа технологиялық шешімдер мен жаңа беталыстардың импульсі болып қалады.
Экологиялық өндіріс дегеніміз не және оны қалай түсінуге болады?
Экологиялық өндіріс адамның өркениетті өмірін табиғат арқылы байыту, яғни адам қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінуге, өз дамуын табиғаттың дамуына сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қасиеттерін дамыту арқылы қамтамасыз ететін үдерістер жиынтығы.
Табиғатты адамнан қорғауды экологиялық өндірісті басқару және құрудағы бірінші қадам ретінде болжауға болады. Бірақ, басқарудың стратегиясы — бұл тек жай ғана қорғау емес, жаңа технологияларды, қоғамдық сана-сезімнің жаңа элементтерін, өндіріс дамуының жаңа беталыстарын және де ең бастысы, адам мен оны қоршаған ортаның өзара байланысуы нәтижесінде құрылған басқару тұжырымдамалары мен жаңа тәсілдерін құру мәселелерін шешудің толық және біртұтас кешені.
Біздің экономикалық ой-пікірімізді де түбегейлі өзгерту керек. Экономистер қоршаған ортаның ластануы мен «сырттан» келтірілген залалды әлі күнге дейін қарастыруда.
Төменде берілгендер экологиялық өндірістің негізгі қасиеттері болып табылады:
- адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының үйлесу факторларына мақсатты қондырғы;
- өндірістік үдерістердің қалдықсыз мөлшері бойынша диверсифициялық өндіріс;
- экологиялық қолайлы технологияларды табуға мүмкіндік беретін дамыған ғылыми компоненттері бар өндіріс;
- өркениетті рыноктың экологиялық ортасы, экономикалық нәтижеліктің басты факторы — өнімнің экологиялығы;
- менталитет, білім және өмірге негізделген мамандардың экологиялық мәдениеті;
- экологиялық сапа — экологиялық дамудың анықтайтын фактор;
- экологиялық менеджмент — экологиялық өндірістің қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне жауап беретін басқару.
Экологиялық менеджмент туралы көптеген әр түрлі ұғымдар бар. Оның идеялары ерте заманнан басталған. Мысалы, 1871 (1974) жылы америкалық эколог; ғалым Коммонер экологиялық менеджменттің қажеттілігін болжайтын экология заңдарын келесідей тұжырымдаған:
- Бәрі барлығымен байланысты.
- Бәрі бір жаққа жоғалып кетуі керек,
- Ештеңе тегін келмейді. • Табиғат жақсы біледі.
Экологиялық менеджмент — қоршаған ортаны қорғау қажеттіліктерімен шектелген дәстүрлі басқару деген ұғым бар. Дегенмен, басқаруға нормативтер немесе әкімшілік талаптар ретінде шектеулер енгізу жеткілікті, сол кезде ол экологиялық менеджмент болады деп ойлау қателік.
Экологиялық менеджмент дегеніміз қоғамдық сана-сезім, мәдениет, қоғамдық қатынастар саласындағы басқару деген түсінік те кездеседі. Технологиялық жетістерді тоқтату, сондай-ақ өндірістің қалдықтары қауіпті болмауы да мүмкін емес. Сондықтан да, адамның қоғамдық қатынастары мен мәдениеті, оның қауіптілікті түсінуі қазіргі технологияның жағымсыз салдарын бейтарап қалдыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, экологиялық менеджмент басқарумен қатар, саясаттың да мәселесі болып табылады.
Экологиялық менеджмент — экологиялық өндіріс пен адам өмірінің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған басқару түрі. Бұл адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасының үйлесімін әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық ынталандыру негізіне құрылған басқару түрі.
Экологиялық менеджменттің тұкырымына басқару нысаны ретінде экологиялық үдерістерге байланысты басқару мәселелерінің толық кешені жатады.
Экологиялық менеджмент әлеуметтік-табиғи үдерістердің мақсаты, өлшемдері, басымдықтары мен даму себептері бойынша өндіріс пен қоғам басқаруының жаңа тұжырымдамасы.
Экологиялық менеджменттің қажеттілігі экологиялық жағдайдың нашарлануына, қоршаған ортаның дағдарысы ғана емес, сондай-ақ өндірістің аймақтық орналасуы; жаңа технологиялардың қажеттіліктері бойынша өндірістік қуаттылықтың өсуі; өндірістің аймақтық табиғатқа және жалпы әлемдік кеңістікке әсерінің күшеюі; әлемдік экономикада елдердің қауіпті қалдықтар шығарушы және оларды жүтушылар (қалдықтардың шоғырлануы) болып бөлінуі; экологиялық сананың саяси мазмұнының пайда болуы және дүниетаным; ғылыми-техникалық прогрестің (биотехнологиялар, ядролық технологиялар және т.б.) беталыстары сияқты қазіргі өндірістің дамуының заңды бағыттарымен анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.