Эфир майы күрделі химиялық құрамды болып келеді, оның химиялық қосылыстарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады:
— Терпендер — кең таралған қосылыстардың тобы. Антисептикалық болатын гармоналды, стимулдеуші, гипотензивті, релаксирлеуші әсер береді.
— Спирттер эфир майларының құрамына кіреді. Олар антисептикалық, антибактериалды, жылытушы, стимулдеуші қасиеттері бойынша біріктіріледі.
— Кейбір майлардың құрамына кіретін альдегидтер вирусқа қарсы белсенділікті арттырады, гипотензивті әсер етеді, ыстықты түсіреді.
— Фурокумариндер, кумариндер және лактондар ісікке қарсы мукалитикалық, антикоагуляцияланушы және адаптивті әсерлерді қамтамасыз етеді.
— Фенолды эфирлер антиспазматикалық және жалпы стимулдеуші әсерді қамтамасыз етеді.
— Фенолдар иммундық-стимулдеуші диуретикалық, мукалитикалық, антидепрессивті әсерлерді қамтамасыз етеді.
Әрбір эфир майы көп компонентті және соған сәйкес көпфункционалды, бірақ эфир майының әсер етуі бойынша жалпы тенденциясы бар:
— Барлық эфир майлары — кез келген микроорганизмдерге қатысты белсенділіктің әр түрлі деңгейін көрсететін антисептиктер.
— Барлығы психо-эмоционалды сфераға қолайлы әсер етеді.
— Барлығы стимуляторлар, адаптогендер және седативті болып бөлініп, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
— Барлығы иммунитетті стимулдейді, өзін-өзі реттеу процесін жаңартады.
— Барлығы ас қорыту жүйесіне баланстық әсер береді.
— Майлардың 70%-ы жазатын, ауруды басатын спазмаға қарсы әсерге ие.
— Майлардың 60%-ы жүрек-тамыр жүйесіне терапевтік әсер береді.
— Майлардың 40%-ы организмді қалдықтардан тазартады, у әсерін нейтралдайды, антиоксидант болып табылады.
— Майлардың 20%-ы ісікке қарсы және паразитке қарсы әсерге ие.
Арома шегу (аромакурение) қарапайым дәрілік және дезинфекциялаушы болған және болып қала береді. Оларды металл ыдысқа салып түтатудың өзі жеткілікті, эфир майы таза, күшті иіс береді, оның әсері эффективті, оның иісінде түтін иісі жоқ. Жоғарғы
концентрациялы фитопрепарат бола отырып, эфир майы шығыны өзіндік өсімдік шикізатымен салыстырғанда 4-5 есе төмен.
Ароматты заттардың керемет қасиетін қолданудың бірнеше дәстүрлі тәсілі:
- Ингаляция.
- «Хош иісті бұлт».
- Ароматты майларды теріге жағу.
- Компресс.
- Ванна.
- Өзіндік дайындалған әтір.
Адамзаттың ежелгі тәжірибесі қазіргі кездегі ғылым тұрғысынан тұжырым табуда. Адамға өсімдіктің ұшқыш заттарының қолайлы кешенді әсерінен оларды «аэровитаминдер» деп атады. Ароматтың мықты, өте терең әсері осы эфир майларының көптеген компоненттері адам денесін құрайтын маңызды заттар стероид, гармон, витаминдермен ұқсастығына байланысты.
Биохимиктер белгілі бір эфир майларының психиологиялық, сонымен қатар эротикалық әсерінің адамның «иіс шығарғыш» молекулалары мен генетикалық бағдарламаланған иіс сезу рецепторларының әрекетімен тығыз байланысты екендігін дәлелдеді.
Тіпті, мамандарды денсаулықтың өте әр түрлі бұзылыстарында иістің өте аз дозаларының эффективтілігі таң қалдырады. Бұл эфир майлары заттарды организмнің табиғи реттегіштерінің ішкі мобилизациясы үшін басқарғыш кілт рөлінде болатындығымен түсіндіріледі. Кейбір майлар, тіпті ішек паразиттеріне де қолданылады.
Қазіргі кездегі ғылым көрсеткен тағы бір жол эфир майларының әсері онда антиоксидант — қағып алғыш молекулалар және бос радикалдар нейтрализаторларының жоғарғы концентрациясында болуымен байланысты.
Зиянды микроорганизмдерден антибиотиктермен стерилизациялау арқылы құтылу әрқашан сәтті емес, өйткені олар өзгергіш ортақ бейімделушіліктің жоғарғы деңгейіне ие. Адам бактерияның дамуы мен белсенділігін өзіне қауіпсіз деңгейде бақылап отыруы керек.
Табиғи өсімдік заттарының әсерін әрі қарай зерттеу бізге денсаулық пен ұзақ өмір кілтін беретініне, жаңалықтар алып келетініне күмәніміз жоқ.