Архив рубрики: Экономика

Отандық мұнай-газ компанияларын әртараптандыру

Отандық мұнай-газ компанияларын әртараптандыру жолдары және капиталдандыру деңгейін көтеру. 1997 жылдан бері қарай «ҚазМұнайГаз» корпорациясы кен орындарының санын өзгертпестен, өзінің кен орындарында мұнай өндіруді 4,8 млн. тоннадан 9,34 млн. тоннаға дейін (35,3 баррельден 68,7 млн. баррельге дейін) арттырды. Мұнай өндірудің артуы кен орындарын зерттеу жүйесін оңтайландыру, жаңа ұңғымалар енгізу есебінен де, мұнай өндірудің қарқынды (өндірудің қайталама… Читать далее »

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы

Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игерудің мемлекеттік бағдарламасы: жер қойнауын пайдалану құқын беруге, инфрақұрылымды дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, қазақстандық мамандарды даярлауға, экспорттық көлік бағыттары құрылысын салуға және басқаларына байланысты бірқатар сұрақтарды қамтиды. Белгілі болып отырғандай, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру кезеңі атқарылатын іс-шаралар мен жұмыстардың мазмұнына қарай ажыратылатын: 1-кезең — 2003-2005 жылдар — «Кешенді игеру… Читать далее »

Инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі

Техникалық-экономикалық негіздеме — ол инвестициялық жобаның әлеуетті инвесторларын, тапсырыс берушілерін және қаржыгерлерді инвестициялау, қаржыландыру тәсілдері туралы шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін құрал.Инвестициялаудың келесідей: инвестиция алдындағы саты; инвестициялық саты; пайдаланушылық саты деп аталатын сатылары ажыратылып көрсетіледі. Инвестиция алдындағы саты: инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау (сәйкестендіру); инвестициялық жобаның балама нұсқаларын талдау; жобаны алдын ала таңдау; техникалық-экономикалық негіздемені… Читать далее »

Құрылыстың техникалық-экономикалық ерекшелігі

Құрылыстың экономиканың басқа салаларынан айырмашылығы, бірінші кезекте, оның өнімдерінің өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады. Кез келген салада өнім өндіру барысында: өндіріс құралдары, еңбек құралдары, жұмыс күші мен еңбек нысандары (өнімдері) секілді үш фактор біріктірілетіндіктен, өнеркэсіптегідей емес, құрылыстағы өнім қозғалмайды, ал аталған үш фактор, яғни: өндіріс құралдары, еңбек құралдары мен жұмыс күші орын ауыстырып жүреді. Одан өзге,… Читать далее »

Ғаламдық экономикалық дағдарыстың қазіргі заманғы факторы

Факторлар жалпыэкономикалық сипаттағы себептердің (жетекші елдер дамуының экономикалық кезеңділігі, дүниежүзілік қаржы жүйесінің халықаралық банктер саясатымен сипатталатын жай-күйі), халықаралық сауда-саттықтың, өз кезегінде, жасалған үкіметаралық шарттар мен келісімдерге (еркін кэсіпкерлік аймақтар құру, шекара маңындағы сауда-саттық, кеден тарифтері мен баждары туралы) байланысты орнықтылығының, халықаралық бәсеке (аса жоғары технологиялар немесе арзанырақ еңбек үшін бәсекелес фирмалар нарығы үлесін арттыру) ықпалымен… Читать далее »

Экономикалық дағдарыстар теориясы

Экономикалық дағдарыстар теориясы және олардан шығудың шетелдік тәжірибесін талдау. Дағдарыстан шығудың жолдарын қарастырудан бұрын, дағдарыс әрекетінің өзін түсініп алу қажет. Шетелдік те, отандық та авторлардың пікірінше, қазіргі заманғы қаржы дағдарысы — ол нарықтық экономика заңының әрекеті. Дағдарыс — ол әлеуметтік-экономикалық жүйедегі (ұйымдағы) қарама-қайшылықтардың оның қоршаған ортадағы өміршең табандылығына қауіп төндіретін өзгеше ушығуы. Дағдарыстың себептері әртүрлі… Читать далее »

Қаржы дағдарысы жағдайындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі

Корпоративтік сектордың қаржылық-шаруашылық қызметі көрсеткіштері, экспортқа бағдарланған кэсіпорындардың 2008 жылғы қызметінің жалпы нәтижелеріне елеулі ықпалына байланысты, бір қарағанда, кредит белсенділігі төмендеуінің және ішкі сұраныс бәсеңсуінің әсерін білдірмеген-ді.Іскерлік белсенділіктің баяулауы келешекте кәсіпорынның табыстылығының төмендеуіне әсер етіп, корпоративтік сектордың өтімділігіне түсетін жүктемені арттыруы мүмкін. Шетелдік валютадағы теріс теңгерім ұстанымы, төлем қабілетсіздігі тұрғысынан алғанда, экспорттан түсетін валюта түсімдерінің… Читать далее »

ҚР-да инвестициялық саясатты жетілдіру

Индустриялық-инновациялық дамудың әртүрлі сатыларында мемлекеттің атқаратын қызметтері мен инвестициялық қызметті реттеу ұстанымдары бір-бірлерінен бөлек болып шығады. Одан өзге, қызметтер мен ұстанымдар шетелдік капиталды келтіру түрлері бойынша да әрқилы болмақ. Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық кәсіпкерлік түрінде жеке шетелдік капиталды келтіру және пайдалану саласына қарағанда, халықаралық кредит беру және кәсіпкерліктің акционерлік емес пошымдары жүйесі мемлекет тарапынан үлкен… Читать далее »

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты елде қолайлы инвестициялық ахуал орнауына қол жеткізу және экономикаға тікелей шетелдік инвестициялардың ағылып келуін ынталандыру болып есептеледі. Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде келтірілетін шетелдік инвестициялардың жаң басына шаққандағы көлемі бойынша көшбасшы болып отыр. 1996 жылдан 2011 жылға дейінгі кезең ішінде қазақстандық экономикаға 125 млрд. АҚШ долларынан артық тікелей шетелдік… Читать далее »