Cүттi сүзудің үлкен санитарлық маңызы бар. Мал күтімінде малдәрігерлік-санитарлық ережесін сақтағанда, сиырды саууға дайындағанда және оны дұрыстап сауғанда сауылған сүттің ластануы механикалық жағдайдың сақталмағандығынан болады. Механикалық қоспа азық пен төсеніш қалдықтары, қылқыбыр мен тозаңнан құралады. Кейде сүт ішіне шыбын, құрт-құмырсқа да түседі.Механикалық қоспаның көпшілігі мал нәжісінің қалдықтарынан болады.
Сиырды машинамен сауғанда сүт жерге түсіп кеткен сауу стакандары арқылы да ластанады. Сүтке түскен мал нәжісі сүттің түpi мен түciн ғана бұзып қоймай, сүт ішіндегі зиянды микробтың, оның ішінде қауіпті микробтың санын кобейтеді. Тағы бір ecкepeтін жайт: сүтке түскен механикалық қоспаның біразы (шамамен 15%) аз уақыттың ішінде ериді де, сүтпен араласып кетеді. Мұның өзі сауылған cүттi тез сүзудің керек екенін дәлелдейді.
Сауу кондырғыларында сүт сүзгісі сүт өткізгіштің салқындатқышқа қосылатын жерінде орнатылады. Сөйтіп, сүт өткізгіштен келген сүт сүзгі арқылы вакуумды салқындатқышқа, содан танкке құйылады. Сүзгіні дайындау үшін металл қаңқаға сүзгіш матадан (фланель немесе қабат дәке) тігілген дорба кигізіледі де, ол резеңке сақинамен бекітіледі. Сиырды сауар алдында сүзгіні сүт өткізгіштің ішіне орнатады.
Соңғы уақытта өнеркәсібіміз сүтті тазарту үшін сүзгі ретінде синтетикалық мата — лавсанды шығарып келеді. Бұл мата ешбір зиянсыз, өте әpi жуылуы, оңай. Ол механикалық қоспаларды дакеден артық устайды және 40 м орнына 1 м лавсаннан 1стелген пайдалануға болады. Құйылмата сусып флягтың пайдалануға болады. Құйылған сүттің салмағынан мата сусып флягтың ішіне түсіп кетпеуі үшін сүзгіні пайдалануға болады. Сүзгінің металл корпусының сыртына шығыршығы бар eкi дөңгелек темір торға дәкеден немесе лавсаннан салады. Cүттi сүзіп жатқан кезде лас болған сүзгіні ауыстырып отырған дұрыс, өйткені нәжістің, былғаныштың еріп кететін бөлшектері сүтке араласып, сүзгіден өтіп кетеді. Сондықтан да бір сүзгімен 2 флягтан артық сүтті сүзуге болмайды.
Сүт зауыттарында сүттi тазалау үшін сыртқа тепкіш тазалағыштар пайдаланады, бұл сүттi нәжістің қалдығынан, щырыштан, қаннан, т.б. механикалық қоспалардан тез тазартады. Сыртқа тепкіш тазалағыштың негізгі механизмі болып минутына 4-8 мың рет айналатын барабан саналады. Сөйтіп, барабанға түскен cүттің ішіндегі механикалық, қоспалар сыртқа күштің әрекетінен тазалағыштың қабырғасына ығыстырылып, барабанның қабырғасына, тәрелкенің орнына, яғни лас жиналатын бос жершге жиналады.
Лас жиналатын жер әбден толғанша тазалағыш жақсы жұмыс істейді, оған әдетте 3-4 сағат уақыт кетеді. Осыған орай, көрсетілген мерзім толған уақытта тазалағышты тоқтатып, ішін тазартады. Сүтті сеператор арқылы да тазалауға болады, ол үшін сеператордың қаймақ және көк сүті ағатын шүмектерін бір флягқа бағыттайды. Әрине, бұл қиындау, сеператорды ажырату, жуу, қайтадан құру көптеген уақытты алады. Бірақ бұл әдіспен сүт жақсы тазаланады, сөйтіп ол өзін-өзі ақтайды.
Сүтті сүзіп болғаннан кейін сүзгіні алдымен жылы су, сонан соң 0,5%-дық ыстық жуғыш ерітінділермен немесе кальцийленген соданың 0,5%-дық ерітіндісін жуады да, ыстық сумен шайқайды. Ыстық үтікпен үтіктейді. Осы тәртііппен «сыртқа тепкіш» тазалағышты да пайдаланады. Бұл аппараттардың бөлшектерін жұмасына бір рет құрамында 0,25-0,5% белсенді хлоры бар хлор препараттарымен жуып отырған жөн.