Фагтар — бактериялар және бірқатар басқа да микроағзалардың вирустары. Белгілі жағдайларда олар өз қожайындарының лизисін (еруін) туындатады. Фаггардың әсері табиғатта байқалады және тәжірибеде қолданыс тапқан. Фагтарды ашу және зерттеу тарихы. 1898 жылы Н.Ф.Гамалея сібір күйдіргісі бациллаларының фильтраты осы микроағзалардың жаңадан егілген дақылдарының лизисін туындататынын көрсеткен. Ф. Туорт стафилококктардың ақ, мөлдір емес колониялары мөлдірленіп, жойылатынын және стафилококктарды ерітетін агенттің, осы микроағзалардың жаңадан егілген дақылдарының жою қабілетін сактай отырып, бактериялық сүзгілер арқылы өтетінін аныктаған. Микроағзалардың еріту құбылысы сипатталды, бірақ оның табиғаты зерттелмеді.
Бактериофгтарды канадтық ғалым д’Эрелль ашқан. Ол (1917 жылы) күыделікті дизентерия ауруына шалдыққан науқастан алып отырып, осы ауру қоздырғышының жаңадан егілген дақылдарын пробиркаларға салып, нәжістер фильтратын зерттеген. Термостатта инкубация өткен соң, дақыл өскен. Кейде ол өспей, еріп кетеді. Бұл құбылыс науқастың аурудан айыққан кезеңіне шақ келген.
д’Эрелль нәжістер фильтраттарының лизирлейтін қабілеті бактерияның жаңадан егілген дақылдарын кезектестіріп пассаж жасау барысында күшейе түсетінін көрсетті. Осыдан галым оларды бактериалдық сүзгілер, яғни вирустар арқылы өтетін тірі агент ерітетіні туралы қорытынды шығарған. Қазіргі уақытта оның көзқарасы галымдардың басым санымен қабылданған. д’Эрелль өзінің ашқан вирусын бактериофаг — бактерияларды жұтушы (грек тіліндегі фагос — жеуші), ал бұл құбылыстың өзін -бактериофагия деп атаған. Электрондық микроскопия ашылуымен фагтың корпускулярлық табиғаты өз дәлелін тауып, оның морфологиясы зерттелді. д’Эрелльдің жаңалығы фагтарды бірқатар жұқпалы аурулардан емдеу және оның алдын алу үшін қолданып жүрген дәрігерлер назарын тартты. Қазіргі уақытта фагтар медициналық тәжірибеде, түрлі биологиялық зерттеулерде кең қолданыс тапқан.
Фагтардың қасиеттері
Фагтардың морфологиясы. Фагтардың басым саны басынан және құйрық бөлігінен құрылған, сол себептен оларды итбалықтармен немесе сперматозоидтармен салыстырады. Фагтардың көлемі, басының пішіні мен үлкендігі, құйрығының ұзындығы және құрылысы әр фагта ерекше келеді. Мысалы, кейде құйрығы ұзын фагтар кездеседі, олардың қапсиді жиырылмайды, кейде қысқа құйрығымен, кейде құйрықсыз және жіптәрізділері кездеседі.
Фагтардың химиялық құрылысы. Барлық вирустар секілді, фагтар бір типті нуклеинді қышқылдан (жиі ДНҚ — фагтар кездеседі) және ақуыздан құрылады. Шираққа жиырылған нуклеинді қышқылдың молекуласы фагтың басында орналасады. Фагтың қабығы (капсид) және құйрығының табиғаты ақуызды.
Фагтардың табиғатта таралуы ауқымды — оның түкпір-түкпірінде кездеседі. Фагтар оған сезімтал микроағзалар жүретін жерде кездеседі: суда, топыракта, ағыс суларында, адамның бөліністерінде және т.б. Бактериялардың белгілі түрлерінің барлығы дерлік өздері үшін тән фагтардың қожайындары болып табылады.
Фагтардың сезімтал бактериялды жасушалармен өзара әрекеттесуі бірнеше сатыдан тұрады.
- Жасушаның бетіпде фагтардың адсорбциялануы.
- Фагтың нуклеин қышқылының жасушаға енуі
- Репродукция
- Фагтардың қалыптасуы
- Жасушаның еруі, фагтың жасушадан шығуы