Бүйрек ангиографиясы

Бүйрек ангиографиясы соңғы 15 жыл ішінде ерекше көп қолданыла бастады. Бұған техниканың барынша дамуы, рентген аппаратурасы мен зерттеулерді оңайлататын арнаулы құрылғылардың жетілдірілуі, сондай-ақ ангиография үшін жарамды, токсинділігі аз контрастық заттардың болуы қолайлы жағдай жасап отыр. Мұнымен қатар бұл әдістің диагностикалық тұрғыда барынша бағалылығы оның қолданылатын жағдайларын көбейтіп, бүйрек ангиографиясын жақтаушылар молаюда.

Контраст заттың енгізілу әдісіне қарай транслюмбалдық аортография (Dos Santos, 1929) және ретроградтық аортография деп екіге бөлінеді. Транслюмбалдық аортографияда қолқа мен оның тармақтарын рентгенконтрастық затпен толтыру бел жағынан қолқаны пункциялay жолымен жүргізіледі. Ретроградтық (трансфеморальдық) аортография кезінде контрастық зат қолқаға сан артериясын пункциялау арқылы енгізіледі. Мұнда қолқадан бүйрек артериясы тарайтын деңгейге дейін ( I бел омыртканың денесінің ортасы) сан артериясына катетер жүргізіледі. Бүйрекангиографиясының бұл екі әдісі қазіргі уақытта бәрінен гөрі жиі қолданылады.

Бүйрек ангиографиясы диагностиканың бағалы функциялықжәне морфологиялық әдісі болып табылады. Ангиоархитектониканың ерекшеліктерін анықтауға қоса бұл әдіс бүйректердің функциялық қабілетін басқа зерттеу әдістерімен білуге болмайтын жағдайларда анықтауға мүмкіндік береді. Оны рентгенодиагностиканың басқа әдістері аурудың сипатын анықтай алмаған кезде қолдану керек болады. Бүйрек ангиографиясы ретроградтық пиелографияныңнемесе экскреторлық урографияныңдиагностикалық мүмкіндіктерін жоққа шығармайды; ол бұларды толықтырады немесе бұлар жарамсыз болып шыққан жерлерде орындарын басады.

Бүйрек ангиографиясын мына жағдайларда қолдануға болалы: а) ретроградтық пиелография жүргізу мүмкін емес, ал экскреторлық урография аурудың түрі мен дәрежесін анықтамайтын кезде; ә) бүйрек гематуриясы болып, оның этиологиясын басқа әдістермен анықтай алмайтын жағдайларда; б) бүйректе, көбіне оның қыртыстық затында ісік бар деп күдіктенгенде; в) бүйректің ісігін оның кистасынан дифференциялау қажет болғанда; г) гидронефроз кезінде оның этиологиясын, бүйрек паренхимасының сақталу дарежесін және бүйректің негізгі және қосымша артерия арқылы қанмен жадбықталу масштабтарын негізге алып,қосымша тамырды резекциялауға болатынын анықтау мақсатында; г) бүйрек туберкулезі кезінде оның ангиоархитектоникасына байланысты резекцияның мүмкіндігі және деңгейі туралы мәселе шешілетін кезде; д) бүйректердің күрделі аномалиялары кезінде; е) этиологиясы анық емес гипертония кезінде; ж) нефрогендік гипертония кезінде оның түрін, бүйрек артериясының зақымдалу сипатын анықтау үшін (стеноз, атеросклеротикалық өзгерістер, аневризм және т.б.); з) бүйрек үсті бездерінің ісіктері және басқа да ішперде сыртындағы жаңа түзілімдер кезінде.

Бүйрек ангиографиясы оны тері арқылы пункциялау (Seldinger әдісі) жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Сериялық бүйрек ангиографиясының нәтижесінде контрастық сұйықтың бүйректегі және несеп жолдарындағы циркуляциясының төрт фазасы туралы пайымдайтын мүмкіндік бар. Бастапқыда бүйрек артериялары мен олардың тармақтарының бейнесі — артериограмма алынады, одан әрі тығыз көлеңке түрінде бүйрек паренхимасының бейнесі — нефрограмма шығады, бұдан әрі қарай контрасттық сұйықтың веналар бойымен кері ағыс моментін тіркеу — венограмма мүмкін болады және ақырында экскреторлық урограмма алынады. Бүйректегі контрастық сұйық циркуляциясының барлық стадияларын зерттеудің диагностикалықүлкен мәні бар.

Бүйрек ангизрхитектоникасын зерттеу бүйрек ауруларының диагностикасы үшін ғана емес, органды сақтап қалу сипатындағы оперативтік жәрдемді дұрыс таңдау үшін де төтенше маңызды. Мысалы, ангиография мәліметтері негізінде бүйрек артериясының жағдайы мен бағыты, қолқаның ауытқуыныңне қысылуының дәрежесі туралы, бүйрек венасының жағдайы туралы және т.б. туралы түсінік алуға болады; мұның өзі, мысалы, бүйрек ісігіне қатысты операция кезінде бүйрек ашасына жететін ең жақсы жолды таңдауға мүмкіндік береді. 5.2-суретте оң бүйректің ісік ауруының ангиограммасы келтірілген, Бүйрек артериясы стенозының, оның облитерациясының түрі мен шоғырлануын анықтауда, тамырлардың және т.б. аневризматикалық кеңеюін айқындауда ангиографияның маңызы зор, мұның өзі нефрогендік гипертония кезінде тиісті операциялық жәрдемді таңдау мәселесін шешуге жәрдемдеседі. Аортография іс жүзінде бүйрек тамырлары мен қолқаның пластикалық операцияларының дамуын анықтап береді, осыдан біз бүйрек стенозынан болған гипертонияға ұшыраған науқастарды емдеудегі тамаша табыстарды көріп жүрміз Пневморетроперитонеуммен ұштастырылған аортография әсіресе стереоскопиялық суретке түсіруді томографиямен қосып қолданғанда ішперде сырты ісіктерін диагноздауға мүмкікдік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *