Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси өмірдегі рөлі

Заманауи өмірде бұқаралық ақпарат құралдары қандай орын алады? Енді келесідей жағдайды көзіңізге елестетіп көріңіз: сіз газеттер, журналдар, теледидарлар, радиотаратқыш құралдар мен компьютерлер толық жоғалып кеткен жағдайға тап болдыңыз делік… Байланыс және коммуникация құралдарының барлығынан айырылған адамның әдеттегі күні қалай өтетіндігін ойға алып көрелік. Сіз соңғы жаңалықтарды, футболдық жарыстардың нәтижелерін біле алмайсыз, қызық концерттік бағдарламаларды көре алмайсыз. Нәтижесінде адамның күнделікті өмір сүру тәртібі өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде, адамның әлемді тануы мен қабылдауы көз алдында өтіп жатқан оқиғалармен шектелетін болады. Ал сізден тысқары жатқан, яғни естіп-көре алмайтын әлем сіз үшін terra incognita (белгісіз жер) ретінде қала береді.

Ал енді өткен кезеңдерде ақпараттармен алмасу қалай жүргендігін ойға алып көрелік. Ежелгі дәуірлерде әртүрлі елдер мен мәдениеттер арасында ақпарат алмасатын сенімді арналар болмады десе де болады. Мұндай жағдайда прогресс өте баяу қозғалды. Бір елде ашылған жаңалықтар немесе ойлап шығарылған құралдар туралы басқа мемлекеттер білу үшін сан ондаған жылдар өтіп кетуі де мүмкін еді. Яғни, әрбір мәдениет өзінің тар кеңістігінде өмір сүріп келді. Дегенмен, уақыт өте іселе теңізде жүзушілер мен саяхатшылардың пайда бола бастауымен мұндай иллюзия бұзыла бастады. Осының нәтижесінде Қытайда ойлап шығарылған жібек мата мен оқ-дәрі, Ежелгі Грекияның математикада ашқан жаңалықтары, Америкадан әкелінген сирек кездесетін көкөністер (қызанақ, картофель және т.б.) адамзаттың басым бөлігінің игілігіне айнала бастады.

Уақыт өте келе жаңа ақпараттарға қатынастағы сұраныстардың өсуі олардың жоғары жылдамдығын талап ете бастады. ХVIII-ХІХ ғасырларда бірқатар мемлекеттерде газеттер мен журналдарды басып шығару тарала бастады. Ал, бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі радио мен теледидар тек XX ғасырда ғана кең тарала бастады. Қазіргі күнде жер бетінде спутниктер арқылы теле және радиосигналдар қабылдамайтын нүкте жоқ деп айтуға болады. Компьютерлік желілердің дамуы ақпараттарды алу мүмкіндігі туралы түсініктерді мүлдем өзгертіп жіберді. Біз қазіргі күнде әлемнің ең шалғай жатқан елдерінен ақпараттарды бірнеше секундтта ала аламыз. Интернет мемлекеттердің шекараларына бағынбайтын және осы тұрғыда кез келген цензурадан жеңіл аттап өте алатын ғаламдық ақпараттық желіге айналды. Бір сөзбен айтқанда, баспасөз, теледидар мен раиотаратқыш құралдар қазіргі күндегі заманауи адамның маңызды компоненттеріне айналды.

Біз баспаеөздің арқасында әлемде өтіп жатқан оқиғалар, ғалымдар ашқан ғылыми жаңалықтар, спортшылардың қол жеткізген табыстары туралы біле аламыз. Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни масс-медиа адамның мәдениет туралы түсініктерін мүлдем өзгертіп жіберді. Біз бүгінгі күнде жаңадан шыққан фильмдер мен театрларда қойылатын үздік премьераларды үйде отырып-ақ қарай аламыз. Теледидар біздің барлығымызға жер шарының ең алыс нүктелерінде орын алып жатқан оқиғаларды назарда ұстауға мүмкіндік береді. Әрине, кез келген нәрсенің екі ұшы болатыны тәрізді, бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының оңды тұстарымен қатар, бірқатар мәселелерді де тудырып отырғанын айта кету керек. Олардың ішінде келесілерін көрсете кетуге болады: — бұқаралық мәдениеттің кең таралуы, — әртүрлі адамдардың қалаулары мен мүдделерінің ұқсастануы, индивидуалдылықтың жоғала бастауы, — ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің ең үздік жетістіктерінің жоғалта бастауы, — белгілі бір қабылданған стереотиптік жүріс-тұрыстарды таңу мақсатында масс-медиа мүмкіндіктерін пайдалану. Мұның жарқын мысалы ретінде адамға күнделікті өмірде аса қажеті жоқ тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне назар аудартатын жарнаманы айта кетуге болады, — БАҚ қоғамдық пікірді алдап-арбау құралына айнала бастады. Бұған көптеген сайлау кампаниялары дәлел бола алады. Көптеген саяси басбұзарлықтар мен егестер нақты кандидатқа кір жағу үшін арнайы ұйымдастырылады. Осы орайда, тіпті дәлелденбеген және соңынан жоққа шығарылған ақпараттың өзі саясаткердің мансабына кері ықпал етуі мүмкін екендігін айта кеткен жөн.

Әрине, осындай олқылықтарға қарамастан БАҚ бүгінгі күнде қоғамның билік үстінен бақылау жасауындағы маңызды құралға айналып отырғанын айта кеткен жөн. Азаматтардың ақпараттарды алу мен таратудағы үлкен мүмкіндіктері мемлекеттердің демократиялық сипатының бірден-бір шартына айналды. Қазіргі күнде БАҚ өкілдерінің қоғамда туындап отыратын келеңсіз жағдайларды ашып көреететін мақалалары мен түсірілімдерімен биліктің өзі санасуға мәжбүр болады. Біздің елімізде де қазақстандық журналистер мен баспасөз өкілдері ел өкіметінің, бір жағынан, ақпаратты алу және таратудағы демократиялық принциптер көрініс тапқан халықаралық және басқа да маңызды құжаттарды мойындайтынын басшылыққа алатындығын, екінші жағынан, өздеріне жақпайтын ақпарат құралдарының қызметін шектеудегі әрекеттерін айыптайтын алаңдаушылықтарын ашық білдіріп отырады. Мәселен, телеарналар мен радиожиіліктерге тендер өткізуді бұқаралық ақпарат құралдарын өз ықпалынан шығармау және өздеріне жақпайтын журналистерді ақпарат кеңістігінен аластату мақсатында билік тарапынан қолға алынып отырған заңсыз әрекет ретінде бағалауға болады.

Баспасөзді кейде «төртінші билік» деп атайды. Адамдар оны не үшін биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармацтарымен бір қатарға қояды? Сіз мұндай анықтамамен келісесіз бе? БАҚ-тың «билік функциясы» неден көрініс табады?

Баспасөз бостандығы — ақпараттарды еркін тарата алу және бұқаралық ақпарат құралдарында, радио мен теледидарларда өз пікіріңді ашық білдіре алу құқығы.

Баспасөз бостандығының арқасында әрбір азамат қоғамдағы және әлемдегі әртүрлі мәселелер бойынша өзінің тәуелсіз пікірін қалыптастыруға мүмкіндік алады, ал бүл қоғамның демократиялануының маңызды әрі ажырағысыз шарты болып табылады. Журналистер цензураға немесе басқа да шектеулерге ұрынбай өз пікірлерін білдіру құқына ие. Демократиялық емес режимдерде мемлекеттік және өкімет айтқан шеңберден шықпайтын бүқаралық ақпарат құралдарының жүмыс атқаруына ғана жол беріледі. Ал, демократиялық елдерде, тәуелсіз ақпарат құралдарының ақпараттарды алу мен тарату мүмкіндігі заңнамалық түрде бекітіледі.

Әдетте, диктаторлық құрылымдардың ең алғашқы шаралары баспасөз бостандығын шектеумен басталады. 1991 жылғы 19 тамызда КСРО билігін путч нәтижесінде үш күн бойы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет басып алды. Комитет өзінің бірінші жарлығымен өзіне бағынышты ондаған газеттерден басқа жалпымемлекеттік деңгейдегі барлық газеттердің шығуын тоқтатып тастады. Жалпы, тоталитаризм мен авторитаризм жағдайында журналистердің қызметін қатаң шектеу үнемі орын алып отырады.

Кейде цензура демократиялық мемлекеттерде де енгізіледі. Алайда мұндай шетін әрі мәжбүрліктен туындайтын шара соғыстар мен төтенше жағдайлар кезінде нақты мерзімге ғана ендіріледі. Қазақстанда баспасөзді алдын ала қадағалауға заң бойынша тыйым салынған. Дегенмен, газет бетінде жарық көрген мақалаларда немесе телеарналардан берілген бағдарламаларда азаматтардың ар-ожданы мен намысына тиетін және конституцияға қайшы пікірлер орын алған жағдайда, мұндай істі сот қарауына беруге болады. Жалпы, жекелеген жағдайларда бұл салада белгілі бір шектеулердің болғаны дұрыс: баспасөз беттерінде фашистік және үлтшылдық көзқарастарды насихаттауға, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақыруға, мемлекет тұтастығын бұзуға бағытталған материалдарды таратуға жол беруге болмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қүпияларға жататын мәліметтер мен деректерді жариялауға жол берілмейді. Егер белгілі бір газеттер мен телеарналар тарапынан осы ережелерді бүзуға жол берілген жағдайда олардың лицензиялары қайтарылып алынуы немесе дәйексіз және заңсыз ақпараттарды таратқан бұқаралық ақпарат құралдарының жарыққа шығуы тоқтатылуы мүмкін.

Өз ұстанымдарын азаматтарға жеткізуге ұмтылатын оппозициялық партиялар мен қозғалыстар үшін тәуелсіз баспасөздің болуы принципиалдық мағынаға ие. Әсіресе баспасөздің бір қолда жинақталуына жол бермеу аса маңызды. Бұл жерде, басқа да салалардағы тәрізді, монополиялау сөз еркіндігіне кедергі келтіреді. Осы ретте, белгілі бір күштердің сойылын соғатын және солармен байланысқан БАҚ-тар шынайы баспасөз бостандығы жолындағы бөгетке айналады. Жалпы, кез келген басылым үшін қоғам көкейінде жүрген және оның назарында тұрған оқиғалар мен фактілерді шынайы түрде беруге ұмтылу басты ұстаным болуы тиістігі сөзсіз.

Цензураның жоқ жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының өздері этика мен кәсібилік нормаларын ұстануы аса маңызды. Мәселен, телекомпаниялар әдетте күндізгі сағатта эфирге шығарылатын көркем фильмдердің ішінде зорлық-зомбылықты, қаталдықты, адамңың жеке басын қорлайтын көріністерді мен ұятты көріністерді насихатттайтын және көрсететін эпизодтарының болмауына бақылау жасап отырады. Өз абыройы мен беделіне мұқият қарайтын телеарналар эфирге тексерілмеген және дәлелденбеген хабарларды шығармайды. Осы ретте, журналистердің кәсіпқойлығы — кез келген жолмен ақша табуға емес, басты орында моральдық-адамгершілік қүндылықтар мен нормалардың тұруымен көрініс табады. Басқаша болған жағдайда, барлық эфир танымал адамдардың жеке өмірлерін көрсететін арзан сипаттағы өсек-аяңдарға толып кететіні анық. Әрине, бұл жердедәл осы сипаттағы ақпараттарды алуға қоғам тарапынан сұраныс болып тұрған кезде оның толастамайтыны анық. Сондықтан, қазіргі күндегі заманауи қоғамда осындай сүраныстармен жүмыс істейтін «сары газеттер», басқаша айтқанда «аңыз бен ақиқатты» ұштастырып жүрген көптеген басылымдар да жұмыс істейді.

Заманауи демократиялық мемлекеттерді баспасөз бостандығынсыз көзге елестету қиын. Мәселен, АҚШ және басқа да бірқатар елдерде мемлекетке тиесілі газеттер, теле және радиоканалдар жоқ. Әрине, баспасөз бостандығы басылымның меншік нысанымен айқындалмайтыны сөзсіз. Өйткені Швеция, Финляндия тәрізді демократиялық елдерде мемлекеттік телеарналар бар. Алайда, бұл хабар таратуда олар пайдалы жағдайды иеленеді немесе тәуелсіз каналдардың мүмкіндіктерін шектейді дегенді білдірмесе керек.

Біздің елімізде соңғы жылдары көптеген бұқаралық ақпарат құралдары пайда болды: ресми түрде жүздеген теле және радиокомпаниялар, газеттер мен журналдар тіркелген. Олардың ішінде мемлекеттік те, тәуелсіздері де бар. Газеттер, телекомпаниялар мен радиокомпаниялардың басым көпшілігі билік құрылымдарынан тәуелсіз әрекет етеді. Осы ретте, БАҚ-тардың жеке адамдарға тиесілі екендігі олардың қоғамдық маңызға ие ақпараттарды жинау, беру мен тарату бостандығына кепілдік бермейді.

Қазақстан азаматтары отандық басылымдардан бөлек, шетелдік көздерден алынған ақпараттарды да пайдалана алады. Біздің еліміздің аумағында Ресейдің және басқа да көптеген елдердің бірнеше ондаған басылымдары еркін таратылуда, ал тұрғындар спутниктік және кабельді теледидарлардың көмегімен көптеген бағдарламаларды көре алады. Әрине, БАҚ сандарының көптігі барлық ақпарат қүралдарының сөз бостандығын басшылыққа алатындығын білдірмесе керек. Жекелеген басылымдар саясат туралы ақпараттарды мүлдем таратпайтын болса, енді бір газеттер сөз бостандығын шектеуді талап етеді, тіпті айтар болсақ мемлекеттің қоғамды тоталитарлық неесе авторитарлық әдістермен басқаруына қолдау білдіреді (әрине, бұл жерде біршама қайшылық та болуы мүмкін, алайда демократия демократиялық принциптерге қарсылық білдіретін пікірлерді айтуға мүмкіндік береді).

Әрбір оқырман кез келген басылымды пайдалану қүқығына ие болуы тиіс. Газеттер мен телекомпания басшылары көп жағдайда өз ақпараттарын ресми ұстаныммен үйлестіріп отыруға мәжбүр. Әрине, бұл олардың үкімет пен парламентті, басқа мемлекеттік қүрылымдарды сынау мүмкіндігінен толық айырылғандығын білдірмейді. Баспасөз туралы заңнамалық қүжаттар және ел Конституциясы сөз бостандығына қажетті кепілдіктерді береді. Әрине, бұл жерде көп мәселе журналистерге байланысты екендігі де анық, өйткені журналистер өзекті мәселелерді ашу мен жеткізуде өздеріне жасалатын қысымдарға қарамастан принциптік ұстаным көрсетуі тиіс.

Соңғы онжылдықтардағы саяси тәжірибе баспасөздің қоғам өмірінде қандай үлкен рөл ойнайтынын көрсетіп берді. Осы ретте айтар болсақ, сөз бостандығы демократияланудың ең маңызды және көзге көрінетін жетістігіне айналды. Билік те, экономикалық қүрылым да, саясат та, қарапайым азаматтар да телеарна экрандарынан айтылған және газеттерде басылған сөздердің қандай маңызға ие екендігін өз көздерімен көріп, өздері толығынан сезінді. Сондықтан, бірқатар жағдайларда жекелеген шенеуніктер тарапынан журналистердің кәсіби борыштарын іске асыруына бөгет қою, басылымдарға қысым көрсету орын алып отыратындығын айта кету керек.

Көптеген елдерде шынайы ақпараттарды іздестіру мен жариялау үлкен қиындықтармен қол жеткізіледі, ол кейде журналистер мен репортерлердің өмірлеріне қатер төндіреді. Әлемде өз бастарына төнген қатерлер мен әртүрлі қоқан-лоққыларға қарамастан, «ыстық нүктелерде» жұмыс істеп, шындықты іздеуге ұмтылып жүрген журналистердің әртүрлі қудалауларға үшырағандары туралы естуге болады. Көптеген журналистер өздерінің кәсіби борыштарын іске асыру барысында соғыс жүріп отырған елдерде қайтыс болып жатады (Босния, Ирак, Сирия т.б.). Билік тарапынан баспасөз құқығын бұзатын елдердің қатарына тоталитаризмнен демократиялық жүйеге өтуді басынан өткеріп отырған ТМД елдерін, сонымен қатар Азия, Африка құрлықтарындағы бірқатар мемлекеттерді ендіруге болады. Әрине, бұл өздерін «демократияның шамшырағы» сезінетін Құрама Штаттарда немесе Батыс Еуропа елдерінде осы салада ешқандай мәселелер немесе қиындықтар жоқ деген ойға алып келмеуі тиіс. Мәселен, АҚШ-тың жетекші телекомпаниялары мен басылымдары ірі қаржы-өнеркәсіп топтарының мүддесіне сәйкес жұмыс істейтіндіктен, олардың өз қоғамдарындағы белгілі бір мәселелерге қатысты ұстанымдары немесе Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде өтіп жатқан процестерге қатынастағы көзқарастары тым біржақтылықпен сипатталатындығын айта кету керек. Жалпы, батыс елдерінде «желдің қай жақтан соғатынын» көзі қарақты жұртшылықтың барлығы біледі.

Жоғарыда айтып өткендей, ТМД елдері сөз бостандығына енді бой үйретіп жатқандықтан, билік тарапынан да, қоғам тарапынан да бір-біріне ұқсамайтын көптеген және әртүрлі басылымдарға қатынастағы келеңсіз көзқарастар мен пікірлер орын алып отыратыны шындық. Мұны көп адамдардың кеңестік кезеңде барлық басылымдардың бірдей ақпарат беруіне және олардың айналада болып жатқан оқиғаларға бір көзқараста болуына үйреніп қалғандығымен түсіндіруге болады. Олар үшін пікірлердің әртүрлілігі хаос, берекетсіздік ретінде көрінеді. Ал плюрализм жағдайында саясатта, қоғамдық өмірде, мәдени салада орын алып жатқан оқиғалар туралы айтарлықтай көп пікірлер мен көзқарастардың білдірілуіне бой үйрету қажет. Адам демократиялық қоғамда өз жанына жақын басылымды таба алатыны анық болса да, бұл жерде ең бастысы -өзіңнің жеке пікіріңді білдіре алу керек, ал ол басқалардың пікірлерімен міндетті түрде сәйкес келе бермейді және сәйкес келуі тиіс те емес.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *