Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы

Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының саны мен сапасы деңгейіне талдау жасау. Либералдық неоклассикалық доктрина аясында қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік кезеңдерді ажырататын белгі болып өндіріс факторларының саны мен сапасының өзгеруі саналады. Егер соны негізге алсақ, онда өндірістің бар факторларын, өзгермейтін саны мен сапасын қарқынды пайдалану есебінен өнім шығарудың артуын қысқа мерзімдік ауытқуларға жатқызуга болады. Бірақ өндірістің өсуі санның артуымен және әсіресе өндіріс факторларының жақсартылуымен байланысты болса, онда қандай уақыт кезеңінде орын алса да, жай ғана кезеңдік ауытқу емес, экономикалық өсу іске асады. Өнімнің әлеуетті шығарылуы факторын есепке алу маңызды, өйткені экономикалық кезеңдердің тұтас материалдық негізі — негізгі капиталды жаңарту, яғни еңбек факторына жататын өндіріс факторларының сапасын өзгерту. Жандандыру және көтеру сатысының өндіріс факторларының саны мен сапасын өзгерту мен әлеуетті өнім шығаруды арттыру үшін шешуші маңызы бар. Ол кезде өсудің ұзақ мерзімдік кезеңаралық тренді, негізінен, жеке кезеңнен тыс емес, соның шектерінде орын алатын жандандыру және көтеру сатыларындағы өндіріс факторларын жаппай жаңарту бойынша жұмсалған күш-жігердің нәтижесінде мүмкін болады.

Жүргізген зерттеулеріміз қазақстандық экономиканың 2000-2008 (дағдарысқа дейінгі) жылдардағы өркендеуі, негізінде, инвестициялық емес, атап айтқанда: әлемдік нарықта энергия ресурстары мен металдарга бағаның жоғары болуы, тоқтап тұрған қуаттарды пайдалану, капиталдардың қаржылар мен қызметтердің алыпсатарлық секторына жылыстауы жэне басқалары секілді факторларға байланысты болды. Нәтижесінде, экономикада айналымға түсіп жатқан инвестициялардың жалпы елеулі көлеміне қарамастан, инвестицияның құрамдас бөлшектерінің өнеркәсіптің көтерілуіндегі рөлі қанағаттанарлық емес күйде қалып отыр. «Дамусыз өсу» үрдісі соңғы жылдардың қағидасына айналды. Экономика орнықты 8-10 процентпен өсіп отырғанда да, өңдеуші сектордың үлесі іс жүзінде көтерілмей, экономиканың нақты эртараптандырылуы орындалмай, өндірістің, тауарлар мен капиталдың әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу міндеттері шешілмей отыр. Оның негізгі себептерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «…сыртқы инвестициялардың өңдеуші өнеркәсіпке салынуына үміт арту ақталмады. Шикізат ресурстарына деген жоғары бағалар шетелдік инвесторлар үшін шикізаттық емес салалардың тартымдылығын төмендетті. Ішкі ресурстардың тіреуіші іспетті маңызды істер болмады. Үкімет қолайлы бизнес-ахуалды, кәсіпкерлер үшін өндірістің негізгі факторларына қолжетімдікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты аяғына дейін жеткізбеді», — деген себепті келтірді.

Ұлттық экономиканың ЖІӨ-сі нақты тұлғасында 1994 жылдан 2011 жылға дейін 16 есе өсті. 2003 жылдан бері қарай баға факторының үлес салмағының тез көтерілгенін келтіріліп отырған көрсеткіштерден байқауға болады: 2001 ж. — 48,8%, 2002 ж. — 30,3%, 2003 ж. — 50,4%, 2004 жылы — 59,7, 2005 ж. — 72,2%, 2006 ж. — 78,9%, 2007 ж. — 82,3%. Бұл үрдісті мұнайдың экспорттағы үлесінің өсуі, яғни 2000 жылғы 48,2%-тен 2011 жылғы 62,4%-ке дейін артуы да растайды. Оның үстіне, ЖІӨ-дегі өңдеуші сектордың үлес салмағы артьтп, 2003 жылғы 14,2%-тен 2009 жылғы 18,0%-ке дейін жетті. Әлемдік нарықта энергия көздеріне бағалардың көтерілуінен түсетін табыстардың өсуі экономикалық өсуге парапар, өйткені ол кезде алынған валюта қаражаты экономикаға және оны жаңартуға салынады. Қаражатты Ұлттьтқ қорда шоғырландыру есебінен Қазақстан қауіпсіздік «белбеуін» жасап, экономика құлдырауға ұшырамауы үшін, ел экономикасының жалған әл-ауқаттың мұнай-газ долларының қақпанына түсіп қалуы мүмкіндігін жойды. 2007-2009 жылдардағы ғаламдық дағдарыс жағдайында елдің экономикалық орнықтылығы «Қазақстанның қарқынды индустриялық-инновациялық өркендеуінің 2014 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын», яғни мыңдаған өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі негізін құрған жоғарғы технологиялардың көмегімен өндірісті жаңартуға мүмкіндік беретін бағдарламаны жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етілді.

Дегенмен дамыған экономикалардың тәжірибесі және осы сала бойынша жүргізілген соңғы ғылыми зерттеулер «экономикалық дамудың формуласы экономикалық әлеуеттің (жаңа технология, жаңа материалдар, мейлінше дамыған адам капиталы) сапасын өзгерту болуға тиіс» екенін үлкен айқындықпен көрсетіп берді. Ондай инновациялық үдерісті ұлттық экономика шектерінде кеңінен жая жүргізу инновациялық бағыттылық инвестициялары мен ауқымдарын талап етеді. 2007-2011 жылдар үшін шикізат секторына әртүрлі көздер бағалаған қажеттілік 40 млрд.-тан астам долларды қүрайды. Оньтң ішінде 17,5 млрд. доллар ғылыми негіздеуді қажетсінетін және импортты ауыстыратын салаларда, сондай-ақ даму институттарының қатысуымен инфрақұрылымдық секторларда басымдыққа ие жобаларда игерілуі мүмкін. Сөйтіп, қазіргі заманғы экономиканың, халықаралық нарықтар үдерістерінің сұраныстары мен талаптарына сүйеніп, инвестициялық нарықты қайта құрылымдауды дер кезінде іске асыру маңызды.

Нақты сектордың инвестициялық нарығына талдау жасау — нарықтық орта жылдары ішінде капиталдың көлемдері мен құрылымының өзара заңды байланысын, өнеркәсіптің өсуі қарқындарының, тұтастай экономиканың өзгерістерін көрсетеді. 1991-2011 жылдарда негізгі капиталға салынатын инвестициялар жылына орташа 50% өсіп, 2011 жылдың соңына қарай 6836 млрд. теңгеге жуық болды. Өсу серпінін негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жан басына шаққандағы мөлшері сипаттайды: 2000 жылы ол 1991 жылғы деңгейге жеткен-ді. 2011 жылы 244331 теңге (2100 доллар) болып, 1991 жылдың деңгейіне жетті. Бұндай үрдісті экономикадағы жинақ ақша серпіні де дәлелдейді. Капиталдардың ішкі нарығында тұтынушылық пен инвестициялар арасындағы мөлшерлестік 2011 жылға қарай 0,79-га 1 деңгейінде (2000 жылы 0,38-ге 1 болған) қалыптасты. Ішкі қаржы нарығындагы жинақ ақша деңгейі артуының дәлелі ретінде соңғы жылдары іске асырылып жатқан инвестициялардың (олардың көлемі 2011 жылы 70 млрд. доллардан асты) шетелге экспортталуын айтуға болады.

Алайда ҚР экономикасына құйылып жатқан инвестициялар ағынының оң серпініне қарамастан, инвестициялар құрылымының айтарлықтай өзгерісі болып жатпаган, ұлттық экономиканың салалары мен тармақтары бойынша инвестициялық белсенділіктің тұрақты біркелкіліксіздігі байқалатын факт маңызды мәселе болып қалып отыр. Сөйтіп, Қазақстанның 100 ірі компания-инвесторының салалық құрылымына жасалган ірі талдау негізінде мұнай-газ өнеркәсібіне (тау-кен саласына) ірі кәсіпорын-инвесторлардың аса көп саны тура келетінін көруге болады. Отын-энергетикалық және минералдық-шикізаттық кешендер салаларында, экономиканың түпкілікті тұтыну өнімдерін өндіретін нақты секторы кәсіпорындарының көпшілігіне қарағанда, инвестициялық белсенділік анағұрлым жоғары. Инвестициялардың салалық құрылымы мынадай салаларға: 32,9% — мұнай мен газға; 21% — жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар мен қызметтерге; 8,9% — өңдеуші өнеркәсіпке; 5,1% — көлік пен коммуникацияларға; 1,9% ауыл шаруашылығына бағытталады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың негізгі көздері: шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары мен шетелдік инвестициялар (тиісінше 56,8% және 25,2%), бюджеттік қаражат — 12,6%, қарыз қаражат 5,4% құрайды. Сонымен қатар зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, барлық инвестициялар нақты ұдайы өндірісте пайдаланылмайды: кәсіпорындардың 50%-ке жуығы өз табыстарын өндірісті дамытуға бағыттайды. Екінші бір бөліктері табыстарын жалақыны көбейту немесе қаржы жинақтау түрінде ұстағанды жөн көреді.

Осы бағытта шетелдік те, отандық та инвесторлардың төмен инвестициялық белсенділігінің салдарынан негізгі өндірістік қорларды жаңартудың деңгейі де тым төмен екені, құрал-жабдықтардың пайдалану мерзімі өткендіктен тозуы және ескіруі үлесінің өне бойы артып отырғаны байқалады. Өнеркәсіптегі негізгі өндірістік қорлардың орташа жасы (мерзімі) алдын ала бағалау бойынша 17 жылдан аспайды. Негізгі құралдардың ұдайы өндірісін сипаттайтын жаңарту коэффициенті бірте-бірте көтеріліп келеді. Жалпы республика бойынша 2011 жылы бұл көрсеткіш 52%-ке жуық болды (2001 жылы 10% болған). Қазақстандық кәсіпорындардың негізгі қорлары тозуының орташа көрсеткіштері соңғы жылдары 33-35% деңгейінде тұр. Экономиканың бірқатар салаларында негізгі құралдарды жаңартудың олардың тозуы дәрежесіне қарай артта қалуы — экономикалық қызметтің түрлері бойынша біртекті емес және олардың ескіруін әсіресе өңдеуші өнеркәсіп салаларында, энергетикада, көлікте, ауыл шаруашылығында көрнекі түрде көрсетіп отыр.

Қазақстанның дамуының қазіргі жай-күйіне жан-жақты талдау жасау негізінде, әлемдік үрдістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуі стратегиясын жасады: онда елдің өркендеуінің (оның ішінде экономикадағы да) басты басымдықтары жэне элемдік шаруашылық жүйесіне қатысуы тұжырымдалды. Экономика мен дамудың инвестициялық үдерістерге байланысты аса маңызды басымдықтары қатарында төмендегі ережелер ажыратылып көрсетілген:

1) халықаралық маңызы бар «жарып шығатын» жобаларды іске асыру, индустрияны, элемдік деңгейге сай тауар мен қызметтер өндірісін дамыту;

2) халықаралық экономикаға ықпалдастық, ДСҰ-ға кіру;

3) Қазақстанның жаңа технологияларды әзірлеуші және дамытушы халықаралық компаниялардың құрылтайшысы және акционері ретінде қатысуы;

4) жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру;

5) қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;

6) экономиканың отын-энергетикалық және өндіру секторларының тиімділігі мен экономикалық пайдасы деңгейін көтеру;

7) әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің аймақтық корпорацияларын қалыптастыру есебінен экономикалық өркендеудің аймақтық «локомотивтерін» құру;

8) қазіргі заманғы білім беру және білікті мамандар даярлау жүйесін дамыту.

Осындай стратегиялық жоспарларды айқындап алып, республика техникалық-технологиялық жаңалықтарды, капиталдардың, шикізаттық, ақпараттық және еңбек ресурстарының серпінді ауыстырылуын, сондай-ақ қаржылық, құрылымдық және институттық өзгерістердің болуын талап ететін «жаңа экономика» қалыптастыруға көшеді. Сөйтіп, дамудың экспорттық-шикізаттық түрінен инновациялық түріне өту тұжырымдамасын қалыптастыру қажет. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ҒБИ) 30-көрсеткішке жету үшін, бәрінен бұрын, әзірше белгіленген деңгейден төмен тұрған бизнес дамушылығы институттарының, технологиялық дайындық пен инновацияның индекстерін көтеру қажет. Нақ осы салалар олардағы инвестициялауға тікелей байланысты.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру барысындағы маңызды фактор — өсу қарқындарын экономикада қалыптасқан шикізат пен өңдеу секторларының мөлшерлестіктері есебінен емес, еңбек және технологиялар өндірімділігі деңгейіне, әлемдік көрсеткіштер негізінде секторлық құрылымдарды дамытудың терең сапасына қол жеткізу есебінен қамтамасыз ету болып саналады.

Өсу сапасы мәселелерін үш деңгейде шешу маңызды болып көрінеді: факторлық-экономикалық деңгейде — ғылыми-техникалық өрлеу (ҒТӨ) факторлары құрылымында негізгі және адам капиталына инвестициялар салудың, инновациялардың басым болуы; құрылымдық-экономикалық деңгейде — қосылған құны жоғары, ғылыми негіздеуді талап ететін салалардың, қазіргі заманғы технологиялар өндіретін салалардың озық дамуы; әлеуметтік-экономикалық деңгейде — табыстардың жоғары саралануын еңсеру, ұлттық табыстың, әсіресе табиғи ресурстар, алкоголь, темекі және басқалары есебінен алынған табыстардың әділетті бөлінуі талап етіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *