Жамбас сүйегі (os coxae, сурет 29, 30) — қаңқаның барлық қызметтерін атқаратын сүйектердің бірі. Оның тіректік қызметі айқын көрінеді. Ол арқылы дененің жоғарғы бөлігінің ауырлығы аяқтарға беріледі. Жамбас куысыңца орналасқан ағзаларға қатысты жамбас сүйегінің қозғалғыштық қызметі де айқын. Бұл сүйек адамның және жануардың қозғалыстың қызметінің маңызды түйіні болып табылады. Оның кеуекті затындағы қызыл сүйек миының болуы функциональды (иммунитет) және клиникалық қатынаста маңызы зор. Кілттік тіректік элементтің жоғары беріктігін құру қажеттілігі жамбас белдеуінің жеке сүйектерінің бітісуін бір мықты, массивті сүйек түзілуіне әкелді. Сегізкөзбен бірге ол сәйкестік жамбас түзеді. Жамбас сүйегінің пішіні дұрыс емес. Балалар мен жасөспірімдерде ол үш бөлек сүйектерден тұрады: өзара шеміршекпен қосылған мықын, қасаға және шонданай сүйек. Оның сыртқы бетінің ортасына таяу сфера пішінді тілік орналасады. Бұл ұршық ойығының шұңқыры (acetabulum) жамбас сүйегінің ортан жілік сүйегінің басымен қосылуына арналған. Ұршық ойығының шұңқыры адам денесінің жоғарғы бөлігінің инерциялық сәттері мен заттар қысымының берілу нүктесі болып табылады, сондықтан оны ауданы мен беріктігі жеткілікті болуы тиіс. Осының салдарынан ұршық ойығының шұңқыры диаметрі бойынша айтарлықтай аумақты, терең (шартәрізді бетінің жартысына дейін), биік және кең шеміршектік ернеумен толтырылған ілінбелі жиегі (limbus acetabuli) бар. Бұл жерде жамбас сүйегін түзетін үш сүйек: мықын, қасаға және шонданай сүйектерінің денелері беттеседі.
Мықын сүйегі. Массивті және қысқа сүйек денесі (corpus ossis ilii) ұршық ойығының шұңқырының жоғарғы бөлігін құрайды. Жоғарыда денесі кең, иілген сүйек табақшасына — мықын сүйегінің қанатына (ala ossis ilii) өтеді. Оның жоғарғы жиегі S тәрізді иілген, қалыңдаған. Ішінде қызыл сүйек миы бар кеуекті заттан тұрады. Алдына қарай қанаттың бос жиегі мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қылқанымен (spina iliaca anterior superior) аяқталады. Жұқа құрсақ қабырғасынан жақсы сипатталатын бұл қылқан үлкен жамбастың бір өлшемін анықтауда жақсы бағыт береді. Бұл жерден санның тігінші бұлшықеті басталады. Сәл төменде санның тік бұлшықеті басталатын мықын сүйегінің төменгі алдыңғы төменгі қылқаны орналасады. Мықын сүйегінің қанаты артқа қарай мықын сүйегінің артқы жоғарғы қылқанымен аяқталады (spina iliaca posterior superior), оның астында мықын сүйегінің артқы төменгі қылқаны (spina iliaca posterior inferior) орналасады, үстінен мықындық қырға құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің үш қабаты бекиді. Сыртқы ернеу (labium externum), ішкі ернеу (labium internum) және аралық сызық (linea intermedia) сол бұлшықеттерге негізделе түзілген. Мықын сүйегінің қанатының ішкі беті аумақты көлбеу мықын шұңқыры (fossa iliaca) болып келеді. Оң жағында соқыр ішек пен аппендикс, ал сол жағынан сигматәрізді тоқ ішек орналасады. Мықындық шүңқырдан төмен және артқа. қарай сегізкөздің біртекті бетімен бекінуге арналған буындық, бірақ бұдырмағы құлақтәрізді беті (facies auricularis) орналасады. Мықын сүйегінің ішкі бетінің артқы бөлімдері аумақты кедір-бұдырлы мықындықпен, бұдырмақпен (tuberositas illiaca) орын басылған. Оған жамбастың кілттік байламдарының біреуінің көптеген талшықтары бекиді. Мықын сүйегінің сыртқы бетінде үш бұдырмақ сызықтар анықталады — бөксе бұлшықеттерінің беку орындары: алдыңғы, артқы және төменгі бөкселік сызықтар (lineae gluteae anterior et posterior) мықын және қасаға сүйектерінің алдыңғы шекарасы мықын-қасаға томпағы (eminentia iliopubica) болып табылады. Жамбас сүйегінің төменгі бөлімдерінен мықын сүйегі доғатәрізді сызық (linea arcuata) арқылы шектеледі, ал артынан шонданай сүйегіне өту орны үлкен шонданайлық ойық (incisura ischiadica major) болып табылады.
Қасаға сүйегі (os pubis). Бұл сүйек ұршық ойығының шұңқыры алдына қарай орналасқан. Оның денесі (corpus ossis pubis) болады, одан төменгі тармаққа (r. inferior ossis pubis) өтетін жоғарғы тармағы (r. superior ossis pubis) басталады. Жоғарғы тармағында қасаға төмпешігі (tuberculum pubicum) және қасаға қыры (crista pubica) шығып тұрады. Медиалді жақта қасаға сүйегінің жоғарғы тармағының төменгі тармаққа өту орны қарсы жақтағы қасаға сүйегімен бітісуге арналған дөңес симфизді беті (facies symphysialis) түзеді. Жоғарғы тармақтар симфизді беттің латералді қасаға төмпешігінен бүйірге қарай доғатәрізді сызыққа жалғасатын қасаға сүйегінің қыры (pecten ossis pubis) орналасады. Қырдан іштің тік бұлшықеті басталады. Жоғарғы тармақтың төменгі бетінде терең жапқыш жүлге (sulcus obturatoris) көрінеді. Онда тамырлар мен нервтер өтеді.
Шонданай сүйегі (os ischii). Ұршық ойығының шұңқырынан артқа және төменге қарай орналасқан. Бұл шұңқырдың түзілуіне қатысатын денесі (corpus ossis ischii) және тармағы бар. Олардың қосылатын массивті және қалыңдаған орны шонданай төмпегі (tuber ischiadicum) деп аталады. Шонданай және қасаға сүйектерінің денелері мен тармақтары жапқыш тесікті (for.obturatum) шектеп тұрады. Шонданай төмпесінің жоғары, кіші және үлкен шонданай ойығын бөлетін шонданайлық қыр (spina ischiadica) орналасады.