Жалпы патология ауруға шалдыққан ету организмдегі тіршілік проқестерінің өту заңдылықтары мен құрылымдық өзгерістері туралы ғылым. Ағзаның сыртқы, ішкі, орта өзгерістерінe бейімделіп, тіршілігін сақтау қасиeтi физиологиялық реттелу деп аталады. Физиологиялық реттелу арқылы организмнің қызмет атқаруымен қатар құрылымдық тұрақтылығын, ортамен қатынасты сақтауын денсаулық дейміз.
Денсаулық пен ауру туралы ұғым арасында жалпы қалыптық тұрақты көpceткiш болмайды. Ол сәл ғана байқалатын ауытқу көрсеткіші, мысалы, организмнің анатомиялық өзгерістері бола тұра немесе керісінше, кейбір анатомиялық өзгерістер малдың өнімділігін жоғарылатады. Мысалы, жыныс бездерін алып тастағанда И.П. Павлов деректерінің ілімі бойынша ауру жағдай сыртқы факторларын санды және сапалы әcepiнен организмнің физиологиялық реттеу қабілетінен бірнeше басым болуынан туындайды (күйіп қалу, улану), егер де бұлардың әсерi организм қабілетінен асып кетсе, бұл өлімге әкеліп соғады. Ал егер де осы әсер күші шамалы болса, организмнің бейімделу қасиеті сақталып, өзгеретіндей болса, организмнің патологиялық реттелуі туындайды. Сондықтан ауру дегеніміз – организмде iшкi, сыртқы орта әсерлерінің нәтижесінен туындалған функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің патологиялық реттелу жиынтығы.
Ауру мынадай көрсеткіштерден сипатталады.
Патологиялық реакция – жасушалар мен тіндердің ауру қоздырғыш күшке жауап бepyi. Мысалы, тepi аумақтарының жылу сезу қабілеті.
Патологиялық процесс – патологиялық реттелу кeзінде организм ағзаларының функционалдық және құрылымдық ауырсыну әсерiнен лезде әдеттен тыс пайда болатын өзгерістер. Мысалы, қабыну, регенерация.
Патологиялық күй — патологиялық процестің өзі, бірақ ол баяу дамып, онша байқалмайды, пайда болған өзгерістердің өтуi әлсіз болуымен сипатталады (жара, күю, соңында тыртықтың пайда болуы). Осы eкi процесс өзара ауыспалы.
Ауру – өзара байланысты патологиялық реакция, патологиялық процесс және патологиялық күй. Аурулар бір-бірiнен клиникалық белгілері мен патологиялық-анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратылады. Ауру жұқпалы және жұқпалы емес болып бөлінеді.
Аурудың өтyi. Аурулар өту еррекшеліктері жіті, жітілеу бойынша созылмалы болып бөлінеді.
Ауру негізгі төрт кезеңде өтеді.
- Жасырын немесе латентті.
- Продромальді (аурудың бастапқы кезеңі).
- Аурудың айқын біліну кезеңі (аурудың толық даму сатысы).
4) Аурудың аяқталуы немесе сауығу кезеңі.
Жасырын кезең — патогенді факторлардың әсерiнен немесе ауру тудыратын агенттің организмге eнуінен бастап аурудың алғашқы клиникалық белгілері көрінгенге дейінгі уақыт. Індетті ауруларда бұл кезең инкубациялық, ал сәуле ауруларында , химиялық улануларда латентті кезең деп аталады. Жасырын кезеңнің ұзақтылығы бірнеше минут немесе бірнеше сағаттан бірнеше күнге, айға және жылға дейін созылады. Бұл кезеңде организм ауру тудыратын агентке қарсылық көрсетіп, оны жоюға қорғаныс бейімдеу механизмдерін бағыттайды.
Продромальді кезең аурудың алғашқы белгілері білінгеннен бастап оның толық айқындалғанына дейінгі уақыт. Бұл кезең көптеген ауруларға тән дене қызуының жоғарылауы, тыныс алудың, жүрек соғысының жиілуі, тәбеттің төмендеуі, жүйке жүйесінің тежелуі сияқты жалпы белгілермен сипатталады. Продромальді кезеңнің ұзақтығы тітіркендіргіштің ықпалына, организм реактивтілігіне,жануарларды азықтандыруға және күтіп-бағуға байланысты.
Індетті аурулар кезінде бклгілі бір ауруға тән арнайы белгілер болмауы себепті ауруды анықтау және нақты диагноз (балау) кою қиын.
Аурудың айқын біліну кезеңі продромальді кезеңнен соң басталып, сауығу кезеңіне қарай аяқталады. Бұл кезеңде аурудың негізгі белгілері әpi қарай дамып, бір ауруға тән қосымша белгілері, жалпы және жергілікті клиникалық белгілері байқалады. Сонымен қатар, бұл кезеңде аурудың пайда болу себебіH айқындауға және дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік туады. Кезеңнің ұзақтығы көптеген факторларға: организмнің жағдайына, икемділігіне, қорғаныс компенсаторлық механизмдеріне және де тітіркендіргіштің ерекшелігіне байланысты. Індетті ауруларда бұл кезең бірн eше күннен аптаға дейін созылады (оба, ciбір жарасы), ал созылмалы өтетін ауруларда (бруцеллез, туберкулез) айлап, жылдап өтеді.
Аурудың аяқталуы немесе сауығу кезеңі не организмнің жазылуымен (толық немесе толық емес), не аурудың созылмалы түрге айналуымен немесе өліммен аяқталады.
Толық жазылу организм және оның ағзалары мен жүйелерінің морфологиялық қалпына келеді. Бірақ толық жазылуды бастапқы күйге келу деп есептеуге болмайды. Ауру ықпалынан организмнің реактивтілігі өзгереді. Кейбір жағдайда организм қайта ауырмайтын қабілетке ие болады (сақау, т.б.) немесе, керісінше, сол ауруға сезімталдығы жоғарылайды (окпенің крупозды қабынуы).
Толық жазылмаған жағдайда ауру кезінде пайда болған морфологиялық және функционалдың өзгерістер толық қалпына келмей, ол үшін организмнің қоры жұмсалып, ағзалардың немесе жүйелердің қызмeтi артады. Бірақ мұндай организм ауруға тез шалдығады. Кейде толық жазылмау кезінде ауру патологиялық күйге ауысады. Мұндай жағдайда бір ағза немесе тін тұрақты зақымданады. Мысалы, шошқа тілмесімен ауырып жазылғаннан кейін эндокардитке шалдығады.
Кейде ауру тудыратын әсер немесе оның де пайда болған тоқғалмаған жағдайларда ауру созылмалы түрге ауысады. Бұл кезде мынадай түciнiктерді атау керек:
- Ремиссия — ауру организм жағдайының уақытына түзелуі, бұл организмнің қайталануымен алмасады.
- Рецидив (аурудың қайталануы) – аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жоғалудан кейін қайталануы.
- Аурудың асқынуы — аурудың ерекшеліктерімен байланысты немесе өткізілген балау және емдік шаралардың пайда болады.
Егер де организм өзгерген жағдайға бейімделе алмаса, оның компенсаторлық бейімделу мүмкіншілігі таусылып, әpi қарай тіршілік ете алмаса, онда өлу басталады.
Өлу — организм тіршілігінің тоқтауы. Өлімнің негізгі себептері:
1) жүрек қызметінің тоқтауы, жүректің өзінің немесе мидағы жүрек қызметін реттейтін орталықтың зақымдануынан; 2) тыныс алудың тоқтауы, тыныс алу орталығының параличінен.
Өлудің eкi түрi болады: 1) физиологиялық немесе табиғи; 2) патологиялық (уақыттан бұрын).
Табиғи өлім қартайып, тозуынан организмнің қызметтерінің тоқталуы нәтижесінде болады.
Патологиялық өлім мезгілсіз аурудан немесе зорығудан болады. Терминалдық немесе ақырғы күй организмнің өлу сатысы деп аталады, ол биологиялық өлімге ауысады. Өлу сатысында жанталасуға агония және клиникалық өлім жатады. Жанталасу – орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, оның реттеуші әсерінің жоғалуы және де организмнің барлық тіршілік қызметінің бұзылуы (дене қызуы төмендейді, тыныс алу, жүрек соғу нашарлайды, рефлекстер жоғалады). Жанталасудың ұзақтығы — бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін.
Осыдан жанталасу екінші сатыға — клиникалық өлімге ауысады, бұл қайтымды үрдіс.
Клиникалық өлімнің сыртқы белгілері: тыныс алу, жүрек соғуы тоқтайды, тін мен жасушаның зат алмасуы тежеледі, организмнің энергетикалық қоры таусылады. Клиникалық өлім мepзімi бірнеше минутқа созылады, калпына келуі мүмкін.
Әpi қарай клиникалық биологиялық өлімге ауысады. Ең алдымен жүйке жүйесінде, содан кейін организмнің басқа да ағзалары мен тіндерінде қайтымсыз өзгерістер басталады. Организм тұтастай өлгенімен, жеке ағзалар мен тіндер бір мезгілде өлмейді, мал өлексесінен алынған, оқшауланған ағзаларын қалпына келтіруге болады.
Өлексенің белгілері:
- өлексенің салқындауы алғашқы күнi дене қызуы сағатына 1 оС, eкiнші күні 0,2 оС төмендейді.
2) өлексенің cipecyi — өлгеннен кейін бұлшық еттің сіресіп қатып қалуы, сонымен қатар буынның қозғалмайтындығы, өлгеннен 8-10 сағаттан соң басталады.
3) өлексе дақтары — гипостаздар ыдыраған қанның тіндерге сіңуінен пайда болады.
4)өлексенің шіруі— ағзалар мен дақтардың пайда болуы. Оның себебі қан гемоглобиндегі темірдің күкіртті сутегімен қосылып, күкіртті темір түзеді.
Жалпы этиология
Этиология – аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім.
Аурудың себебі болып сапалы ерекшелігі бар тітіркендіргіш саналады, организмде ол өзіне тән өзгерістер тудырады.
Ауру себептері шартты түрде эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып бөлінеді. Аурудың эндогендік себептері туа немесе жүре пайда болған организмнің дұрыс дамымауымен байланысты болуы мүмкін.
Аурудың экзогендік себептеріне сырқы ортаның организмге әсер eтетін факторары жатады, олар механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Кейбір аурулардың себебі осы күнге дейін анықталмаған.
Кейде себептік фактор көптеген экзогендік және эндогендік факторлармен бірігіп әсер етеді. Бұл кезде ауру даму үшін организмнің қорғану бейімделу механизмдерінің жеткілікссіздігінің маңызы зор.
Ауру себептерге байланысты былай жіктеледі:
1)жұқпалы емес аурулар (тұқым және даму ақаулары, механикалық жарақаттар, химиялық, физикалық тітіркендіргіштің ықпалынан және жануарларды азықтандыру, күтіп-бағу, жұмысқа пайдаланудың бұзылуына байланысты пайда болатын аурулар.
2) жұқпалы (індетті) аурулар (вирустық, бактериалдық, лейкоздар мен микотоксикоздар).
3) инвазиялық аурулар (протозооноздар, гельминтоздар,арахноэнтомоздар). Ауру туғызатын сыртқы ортаның факторлары жануарларды пайдалану, күтіп-бағу, азықтандыру жағдайлары, географиялық және маусымдық климат ауытқуы және бейімделу(тұқым қуалаушылық, құрылымдық, жастық, жыныстық өзгешеліктері, организм реактивтілігі) болып бөлінеді. Бұл жағдайлар бір-бірiмен байланысты.
Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторлары
Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторлары механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Олар организмге сырттай әсер әр түрлі патологиялық құбылыстардың дамуына әкеледі.
Механикалық факторлар жарақаттық ықпал ете отырып, әр түрлі деңгейде тін, ағза және де барлықорганизмді зақымдайды.Механикалық зақымдалуға жататындар: қатты заттарға соғылу, үшкір заттарға жарақаттану, оқтан жаралану, ми шайқалу, организмнің табиғи қуыстарының ашық және жабық жарақаттары.
Механикалық жарақаттанудың зардабы бүлінудің көлемінe, ағзаның өмірлік қажеттілігіне, қан жоғалтуының көлеміне байланысты әр түрлі болады.