Сарапшылардың бағалауы бойынша, алдағы онжылдықта әлемдік энергетиканың дамуы үш: энергия тұтынудың экономикалық өсу қарқындарына және әртүрлі елдердегі халық санының өсуіне мөлшерлес кеңеюі; минералдық табиғи энергоресурстардың (бірінші кезекте мұнай мен газдың) жұтаңдауы; энергоресурстарды әлемдік өндіру, қайта өңдеу мен пайдалану көлемінің ұлғаюына байланысты қоршаған орта мәселелерінің шиеленісуі үрдісімен айқындалатын болады. Осы жағдайлардың қорытындысы көбінесе энергияны пайдалану тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік өндірістің энергия қажетсінуі төмендеуімен, үй шаруашылықтарының энергия тұтынуын төмендетуіне байланысты жаңа технологияларды енгізу мен пайдалану ауқымдарына тәуелді болады.
Бұл мақсатқа жету үшін мүлде жаңа экономикалық стратегия талап етілетін болады. Үкімет пен жеке субъектілердің экономикалық шешімдерді қабылдауы кезінде экологиялық тұрақтылықты бұзуға емес, күшейту жолдарына көңіл бөлген жөн. Осыған орай, дамудың жаңа үлгісін уәде етуді сипаттайтын маңызды тұжырымдама ретінде «ашық» экономика идеясы уағыздалады, соның жолымен жүру экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне өту мен кедейшілік ауқымдарының қысқаруына бір мезгілде септігін тигізу барысында Жер экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ете алады.
«Ашық экономика» термині — бұл адамдардың әл-ауқатын көтеретін және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін, сонымен қатар қоршаған орта мен оның кедейленуі үшін тәуекелдіктерді елеулі түрде төмендететін экономика. Мұндай тәсілдің себебі, әдетте, дәстүрлі экономикалық үлгінің тәуекелдері болады, олар БҰҰ (ЮНЕП) тұжырымдаған мыңжылдық даму мақсаттарын қауіп-қатерге ұрындырады және ресурстардың тапшылығы, су мен ауаның ластануы, тұщы судың жетіспеушілігі, климаттың өзгеруі, биотүрліліктің жоғалуы сияқты мәселелерге алып келеді.
ЮНЕП пікірінше, ЖІӨ сияқты дәстүрлі экономикалық көрсеткіштер экономиканың тиімділігі туралы дұрыс емес көзқарас тудырады. Олар өндіріс пен тұтынудың табиғи капиталға теріс әсерін білдірмейді. Табиғи ресурстарды жұтаңдатып немесе азық-түлікпен қамту, реттеу және мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру сияқты экожүйелердің өз пайдалы қызметтерін орындау қабілеттілігін төмендете отырып, экономикалық қызмет көбінесе табиғи капиталдың құнсыздануымен ілесе жүреді.
Тұрмыстық деңгейде «ашық экономика» қоршаған ортаны сақтау бойынша барлық мүмкін күш-жігерлерге келіп тіреледі және: «жаңа тұтынушылар», «жаңа сатып алулар», «жаңа тауарлар», «жаңа маркетинг пен комммуникациялар», «жаңа құрылыс», «жаңа үйлер», «жаңа шатыр мен керегелер», эколандшафтар, экоинновациялар мен «жаңа технологиялар», «жаңа инвестициялар», «жаңа ауыл шаруашылығы», «жаңа өмір салты» және басқалары сияқты түсініктердің пайда болуы мен кең таралуы соған байланысты.
«Ашық» экономиканың халықаралық қағидалары мен бағдарламалары
«Ашық экономиканың» мақсаты табиғатты қорғауға негізделген инвестицияларға қолдау көрсететін экономика мен саясаттың барлық салаларында өткізілетін реформаларға оң ықпал ету. Табыс пен жұмыспен қамтылудың өсуі көміртек шығындылары мен ластануларды төмендететін және энергия мен ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыратын, сонымен қатар биотүрлілік пен экожүйелі қызметтердің жоғалуының алдын алатын мемлекеттік және жеке инвестициялармен қамтамасыз етіледі. БҰҰ сарапшылары дайындаған «Ашық экономикаға» өту: түрақты даму тұрғысынан пайдалар, талаптар және тәуекелдер» атты баяндамасына сәйкес «Ашық экономика» тұжырымдамасы тұрақты дамудың кеңірек тұжырымдамасымен байланыста қарастырылуы қажет.
БҰҰ сарапшыларының қорытындысы бойынша «Егер әлем халық санының өсуі мен климаттың өзгеруі, әлеуметтік құбылыстар мен экологиялық апаттар мәселелерін шешкісі келсе, кедейлер мен ашығушылардың мүдделеріне жақсырақ қызмет ету үшін, олардың көмегімен бүкіл әлемде азық-түлік өнімдері өсірілетін әдістерді түбегейлі өзгерту қажет». Осыған орай, тұрақты ауыл шаруашылығының жаңа үлгілері ұсынылады. Мысалы, табиғи егін шаруашылығы, оның негізіне денсаулық пен экологияны қорғау, адал ниеттілік пен күтім тұжырымдамалары салынған, ол экожүйені басқаруға сүйенеді және синтетикалық материалдардың пайдаланылуын шегереді, топырақ, су және биотүрліліктің сақталуына септігін тигізеді. Ол сау, дұрыс тамақтану үшін қажетті әртүрлі өнімдерді өндіреді, жергілікті ресурстар мен дәстүрлі тәжірибені пайдаланады, соның нәтижесінде ауылдық аймақтар нығаяды. Бұл тұрпаттың негізінде химиялық тыңайтқыштарды қолдануды шектеу, жұмыс күшін кең түрде пайдалану арқылы фермерлік егін шаруашылығын кеңінен қолдану тұжырымдамасы жатыр. Экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өсірудің, қайта өңдеу мен сатудың барша тізбегін жеке салаға бөліп шығару, олардың тұтынылуын экономикалық және ақпараттық тұрғыдан ынталандыру маңызды. Ауыл шаруашылығы саласында бұның өте маңызды болатын тағы бір себебі — елдің ауылдық аймағында халықтың шамамен жартысы өмір сүреді, ол — әлеуетті жұмыс ресурстарының үштен бір бөлігі және экономикадағы ең төмен жалақы деңгейі. Егер ауыл тұрғындарының медицина мен білім берудің кең қызметтеріне, заманауи коммуникациялық желілерге, ауызсуға толық қолы жетпейтінін еекеретін болсақ, онда байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық көрсеткішін елдің қалалық және ауылдық аймақ халқы арасындағы өмір деңгейінің көрсеткіші деп есептеуге болады.
Алғашқы өнеркәсіптік революция кезеңінен бері әлем халқының, жан басына шаққандағы табыстың, энергия және ресурс тұтынудың, қалдықтар мөлшері мен ластаушы заттарды өндіру ауқымының өсуі заттарды көрмеге қою (экспонент) бойынша жүреді. Адамның тіршілік қарекеті ауқымдарының тиісті кеңеюі ресурстар мен қалдықтарды кәдеге жарату көзі ретінде Жердің шекті қабілеттілігінен асып кетуі қауіп тудырады. «Ашық» экономикаға өтудің мақсаты — бұл шекті қабілеттіліктің асып кетуін болдырмау. Бұл мақсатқа жетудің мүмкін жолдарының бірі — табыстардың өсуін шектеу болар еді, себебі өндірістің бар әдістері сақталғанда, ол тұтынылатын ресурстардың, болатын қалдықтар мен ластағыш заттардың ұлғаюын шектер еді. Бірақ бұл даму саласындағы мақсатқа жетуді қиындатар еді, сөйтіп, әлем халқының басым бөлігі өмір сүретін дамушы елдердің мүдделеріне сәйкес келмейтін еді.
Басқа нұсқасы болып ел халқының өсуі қарқыны бәсеңдеуі табылар еді; бірақ бұл мәселені өмір деңгейін жақсарту жолымен тиімді шешуге болар еді. Сөйтіп, «ашық» экономикаға өтуде жаңғыртылмайтын энергетикалық және басқа да ресурстарды тұтынудың қысқаруы, пайда болатын қалдықтар мен ластағыш заттар көлемінің қысқаруы және жердің құлдырауы мен биотүрліліктің жойылуы үдерістерін кері шегеру басты рөл атқаратын болады. Бұл техникалық қордың түбегейлі өзгеруін қажет етеді. Энергетикалық жэне басқа да ресурстарды тиімдірек пайдалануды, сондай-ақ зиянды ластағыш заттардың пайда болуын мейлінше төмендетуді қамтамасыз ету үшін, жұмыс істеп тұрған, қолда бар технологияларды түбегейлі түрде өзгерту қажет болады. Қазіргі кезде энергияның 90%-і отынның қазба түрінде жұмыс істейтін дәстүрлі технологияларды қолдану арқылы өндіріледі және бұл өндірістің үлесіне көміртегі қос тотығының (С02) барлық шығындыларының шамамен 60%-і келеді. Сақтықпен жасалған сценарийге сэйкес, С02 парапар қоспаның шоғырлануын миллионның 450 бөлігі деңгейінде тұрақтандыру үшін (мақсатқа сәйкес индустрияландыруға дейінгі температурамен салыстырғанда, орташа әлемдік температураның 2°С-на дейін көтерілуін болдырмай, жаһандық жылыну үдерісін тоқтату) ғасырдың ортасына қарай қазба отынды тұтынуды 80% қысқарту қажет.
Ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи ауыл шаруашылығының үлесіне қазіргі кезде булы газдар шығындыларының шамамен 14%-і тура келеді, ал онда қолданылатын «жер және су пайдаланылуын басқару әдістері әлемнің көптеген аймақтарында экологиялық тұрақты сипатқа ие емес. Бағалауларға сәйкес, жаһандық шығындылардың 17%-інің көзі ормансыздану болып табылады, ол өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің және тұтас биотүрліліктің тіршілік етіп, таралу аймақтарының құруына алып келеді. Энергетика жағдайындағыдай, экологиялық тұрғыдан ауыл және орман шаруашылығын тұрақты жүргізуді қамтамасыз ететін, топырақ эрозиясының алдын алатын және ауылшаруашылық жұмыстарының нәтижесінде болатын су ластануын қатаң шектейтін технологиялар бар, алайда оларды жергілікті жағдайларға бейімдеу мүмкіндігіне ие болу үшін, инновациялық қызмет пен білімнің таралуын айтарлықтай белсенді ету қажет. Алайда сонымен қатар бүгінгі күні әлемде шамамен бір миллион адам тойып тамақтанбайды және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы айтарлықтай қауіп-қатерлермен бетпе-бет келеді, саны артып келе жатқан халықты тамақтандыру үшін, қазіргі деңгеймен салыстырганда, 2050 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің әлемдік өндірісінің көлемін 70-100% ұлғайту қажет. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық түрақтылығын міндетті түрде ұлғайтып, ауыл шаруашылығының өнімділігін айтарлықтай көтеру қажет.
Қазіргі таңда «ашық» экономикаға өту үшін қажетті көптеген технологиялар бар, оған, мысалы, жаңғыртылатын көздерден электр энергиясын өндірудің бірқатар балама технологиялары (жел энергиясын, Күн энергиясын, биоотынды және басқаларын пайдалану), көміртекті және энергияны тиімдірек пайдалану үшін технологиялар, биологиялық ыдырауға берілмейтін материалдарды алмастыру әдістері және ауыл мен орман шаруашылығын экологиялық тұрақты жүргізу әдістері, сонымен қатар апатты жағдайлар үшін жағалау желілері мен инфрақұрылымның төзімсіздігін төмендететін технологиялар дәлел болып табылады. Бұл балама технологияларды басшылыққа алынатын негіздеме ретінде пайдалануға болады. «Ашық» экономикаға өту үдерісін іске қосу үшін келесі маңызды: осы технологияларды жетілдіруді жалғастыру, оларды нақты жергілікті және салалық мұқтаждықтарға бейімдеу, соларға байланысты шығындарды айтарлықтай төмендету үшін, оларды қолдану ауқымдарын кеңейту және олардың таралуы мен білімдерімен алмасуына септігін тигізетін ынталар мен механизмдер әзірлеу мәселелерін шешу қажет.