Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым – қатынас жасайды. Бұл адаммен қызмет немесе оқу орнындағы, сондай – ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары да болуы мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат – мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым – қатынасқа түседі. Сондықтан оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл – әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады. Шартты топқа мысалы мектеп жасына дейінгі балалар деп есептеліп сол жастагы бірнеше бала іріктеліп алып зерттеледі.Мұндай зерттеу әлеуметтік психологиялық обьектіге жатады.
Шартты және байланысты топтар әлеуметтік психологиялық топтың екі түрі.Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиеттеріне орай ажыратылады.Бұл топқа адамдардың,мәселен жас ерекшеліктеріне жасына ұлттық белгісіне не мамандығына т.б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне қарай осы топтық қатынаста тұрады. Байланысты топ – белгілі кеңістікпен мерзім арасында мақсат мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы– мұның бәрі байланысты топтар деп аталады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі– ұжым, ұжымның міндеті– адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымның түпкі мақсаты– адамдардың игілікті мұрат – мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосуы. Ғылыми тұрғыдан алғанда әрбір жеке адам өз қауымдастығында ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп қоғамға өз пайдасын тигізеді.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп оларды мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді:
а) деффузиялық топты аралас топ депте атайды, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым– қатынасы топтың негізгі іс – әрекетіне байланыссыз – ақ жүзеге асады;
ә) ассоциация – күрделі топ, топтың іс – әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым – қатынас жандана бермек;
б) корпоратция, мұнда жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоцияциялық негізде дами бермек;
в) ұжым – топтың ең жоғарғы деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым– қатынас жалпы мақсатты іс– әрекеттер жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық мақсат мүддесімен ұштасып жатады.
Топтағы адамдардың өзара қарым – қатынас түрлері.
Әлеуметтік ортада азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа қоршаған ортамен сыртқы дүниеге деген қатынас арқылы таныта алады. Адамдар қарым – қатынасының сыр – сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір – біріне тәуелделігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері , өзара көмектесуі – олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым – қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс – әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуымен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым – қатынас бір – бірін, ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жаман қарым – қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен істерін бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Ұжымдық қарым – қатынас жасаудың негізгі обьекісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал әрбір ұжым мүшесінің көңіл күйі, сергектігі болашақ мақсат мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дербес қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүдде деп саналады.