Осыған дейін айтылғандай, мәдениет қоршаған әлемде тірі қалуға көмектесу үшін пайда болды. Мәдениеттің арқасында адам өз өмірін ыңғайлы және қауіпсіз қылып жасайды. Мәдениет арқылы өзінің бар болуы үшін ортаға икемделе отырып ол өзін қоғамда, табиғатта, әлемде бекітеді.
Ең алғашқы мәдениеттен бастап екі мың ұрпағынан астам уақыт бойы өмірқарекеті үшін тіршілікте қазіргі заманның адамдық қоғамы қалыптасты, бірақ сонымен бірге дербес экономикалық, саяси, рухани өрістер бүгінгі күні өзара байланысқан түрін әкелді. Олардың әрқайсысы жалпы қоғамдық тұрғыда өзіндік құрылымға, атқаратын қызметтеріне, институттарына ие. Бұл күрделі көпдеңгейлі жүйеде мәдениет және оның өнімдері функционалдық қызмет атқарады, сонымен қатар олар өзара байланысқан және құрылымданған.
Мәдениеттің практикалық әлпетінде әртүрлі заттарды, әрекеттерді және оқиғаларды артефакты деп аталуы қабылданған. Бұлар нақтылы заттық өнім, жүріс-тұрыс актісі, әлеуметтік құрылым, ақпараттық хабарлар, немесе бағалау пікірлері түрінде бола алады. Бұлар өте ұсақ және мәдениеттің бөлінбейтін бірлігі. Тіптен адамның өзі артефактіге жатады, өйткені ол тек қана биологиялық тіршілік иесі болумен қатар, мәдениеттілі жан иесі.
Кез-келген артефакті заттық немесе рухани мазмұн түрінде көрініп сипаттала алынады. Артефактінің материалдық формасы адам мен қоғамның мүмкіншіліктеріне байланысты пайдалылық сапасымен анықтала алады. Рухани мазмұн (мағына, мән) әртүрлі ойлардың айтылу қажеттілігіне, эстетикалық талғамына, әлеуметтік статусын белгілеуіне және т. б. байланысты. Артефактілер белгілі бір айқын бүтіндікті, жүйені құрайды, және соған байланысты: әйтеуір бір мәдениетте олардың бірі орталық орынға немесе фундаментальдық орынға ие болады және өзге біреулері — қосалқы немесе туынды орынға, ал қайсы біреулері глобальды немесе жергілікті мағынаға ие болады. Артефактілердің маңыздылық мөлшерлері тұрақты емес, олардың бағалануы келе-келе өзгере алады, мәдениетте сондықтан әр уақытта кейбір элементтер жойылып олардың орнына басқалары көрініп отырады. Кейбір мәдени жетістіктер өз мағынасын жоғалтады, олардың қолданылуы қысқарады, ал басқаларға сұраныстар жоғарылайды және өседі. Жалпы алғанда егер мәдениеттің түрлерін аяқталған ойдың бөлек сөйлемімен теңестірсек, онда, мәдениет жүйесін тұтас мәтін деп есептеуге болады.