А. Тойнби (1889-1975) көптеген нақты материалдардың негізінде тарих үдерісінің мәнін анықтауға тырысты және адамзат ұйымдарының әр алуан түрлерден тұратындығы туралы қорытындыға келді. Тарихи үдеріс көптеген жағдайларда георгафиялық шарттармен анықталады, сондықтан әрбір өркениет («аймақтық өркениет» деп аталатын) өзінің қайталанбайтын ерекше кейібін жасайды. Бірақ өркениеттердің бәрі бірдей тарихи бар болуында барлық фазаларынан өтуі мүмкін емес («пайда болу»,«өсу», «жарылу», «құлдырау», «ыдырау»), — олардың кейбірі өз даму барысында гүлденбей жатып тарих саханасынан жойылып кетуі мүмкін.
Өркениеттердің мәні туралы өз түсінігін аша отырып, Тойнби, адамзаттың бірыңғай өркениеттері жоқ деп есептейді. Тек қана, өзіндік құндылықтарымен, мәдени шығармашылық қарекеттерінің үлгілерімен, тарихи дамуының бағытымен және материалдық-техникалық базисінің деңгейімен айрықшаланатын көптеген өркениеттер бар — деп есептейді. Бұл ерекшеліктердің үйлесуі және мағынасы әрбір өркениеттерде өз алдына, әр түрде бейнелеу өнерінде, әдебиетте, музыкада көрініс табады. Тойнби, «әрбір өркениет өзіндік дара көркемдік стильді жасайды» — деп есептеді. (Тойнби А. Постижение истории. М. 1990. С. 289) Өркениеттер негізіне Тойнби тіл емес, ұлыстық бөліну емес, дінді жатқызды. Өзінің ағашқы зерттеулерінде бір-бірімен байланысты және байланысты емес 21, ал кейіннен — 26 өркениетті бөліп көрсетті.
Тойнби тұжырымдаған этерификация заңы — өте нәзік энергияны қолдану көбірек орын алатын үдемелі қарапайымдатуды білдіреді. Бұл әрине жоғалту емес, өз нақтылығында ие болумен бара-бар. Өркениеттердің өсуі сонымен қатар өзін-өзі прогресшіл ішкі айқындалу барысында көрінетін діннің өрескел түрінен діни сананың және мәдениеттің көтеріңкі және күрделі түрлеріне ауысуына да байланысты.
Ерте ме немесе кеш пе, кез келген өркениет өзінің шарасыздық соңына жетеді. Оның пікірі бойынша мұны ғарыштық қажеттілікпен, не болмаса географиялық факторлармен немесе нәсілдік азғындалумен, сыртқы дүшпандардың шабуылымен, техника мен технологияның құлдырауымен байланыстыруға болмайды. Негізінде өзінің ыдырау сатысында оған қойылған сұрақтарға адекватты жауап табу сәтті болмайды. Творчестволық азшылықтың жауаптары қолайлы болмай, сұрақтар жауапсыз қалады. Сол себептен, өркениеттер өздерін өздері құртады.
Сонымен қатар, өркениеттердің құлауы адамдардың жандарының жік-жікке бөлінумен байланысты — бұл кезеңде жеке тұлғалардың бірнеше негізгі типтері пайда болады: — архаистер және футурисшілдер — қазіргі нақтылықтан, заманауи құндылықтардан, көпшілік жағдайда зорлықпен жасалатын өткенге немісе келешекке кетуге ұмтылады; — дүниеден безгендер және тақуалар — әлемнен кетудің енжар жолын таңдайды; — гедонистер — әрбір сәттің рақатын ұстап қалуға ұмтылады; — азапшылар — өз өмірін қиюға дейінгі талпынысымен жаңаның тұқымын себуге тырысады.
Айтылғандарды қорытындысылақ, Тойнби, ешқандай да күш бұл ыдырауды тоқтата алмайтындығына назар аударады. Берекелі жалғыз ғана жол — кейпін өзгерту, мақсатын және құндылықтарын ең сезімді Құдай патшалығында өткеру. Бұл өркениеттің ыдырауын тоқтатпайды, бірақ өркениеттің басқа түріне айналудың бірден-бір қадамы бола алады, яғни жер қаладан құдай қаласына көтерілу барысындағы адамнан асқан адамға өтуге апарады. Тарихтың мақсаты да Тойнби үшін осында.