Факторлар жалпыэкономикалық сипаттағы себептердің (жетекші елдер дамуының экономикалық кезеңділігі, дүниежүзілік қаржы жүйесінің халықаралық банктер саясатымен сипатталатын жай-күйі), халықаралық сауда-саттықтың, өз кезегінде, жасалған үкіметаралық шарттар мен келісімдерге (еркін кэсіпкерлік аймақтар құру, шекара маңындағы сауда-саттық, кеден тарифтері мен баждары туралы) байланысты орнықтылығының, халықаралық бәсеке (аса жоғары технологиялар немесе арзанырақ еңбек үшін бәсекелес фирмалар нарығы үлесін арттыру) ықпалымен қалыптасады.
Ұлттық факторларға: саяси, экономикалық-географиялық, мәдени және ғылыми-техникалық сипаттағы себептерді жатқызуға болады. Сонымен, мемлекеттің құқық арқылы іске асырылатын саяси тұрақтылығы мен бағыттылығы кәсіпкерлік қызметке қатынаста және экономиканы мемлекеттік реттеу ұстанымдарында, меншік түрінде, тұтынушылар мен кэсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларда көрінеді. Осының барлығы кэсіпорындардың қызметін айқындайтын заң актілерінде шоғырланады.
Экономикалық-географиялық факторлар қажеттіліктердің белгілі экономикалық алғышарттары — жұртшылықтың төлемге қабілетті сұраныстары болғанда, қажеттіліктердің көлемі мен құрылымы арқылы сипатталады. Оларға сонымен қатар: жұртшылықтың табыстары мен жинақ ақшасының деңгейін де, яғни сатып алушылық қабілетін, бағалардың деңгейін, кәсіпкерлік белсенділікке ықпал ететін кредит алу мүмкіндігін, ұлттық экономика тіреліп тұрған экономикалық кезең сатысын жатқызуға болады. Сұраныстың экономикалық даму сатысына тэн күрт төмендеуі, мысалы, бәсекенің ушығуына, банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның тақырға отыруына немесе жұтылып кетуіне келтіреді.
Мәдени сипаттағы факторлар әдеттерден, тұтынушылық нормадан, бір тауарлардың екінші тауарлар алдындағы басымдығынан көрінеді.
1997-1998 жылдары Уоррен Баффет Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ғаламат қаржылық-экономикалық дағдарыстың орын алуына себепкер болды. Бұл арандатушылық мына сценарий бойынша іске асты. Уоррен Баффет биржаның бір күнінде өзіне тиесілі Оңтүстік-Шығыс Азияның: Жапония, Корея Республикасы, Таиланд, Индонезия, Малайзия, Филиппин және Сингапур секілді елдерінің жоғары технологиялы корпорацияларының акцияларын 14 млрд. АҚШ долларына сатып, биржаның сол күні ішінде осы сомаға АҚШ-тың мемлекеттік қазыналық міндеттемелерін сатып алды. Бірақ дүниежүзілік қаржы нарықтарында мультипликация нәтижесі 100 бірлік коэффициентінен артық болатындықтан, биржаның бір күні ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қаржы нарықтарының өтімсіздігі 1,4 трлн. АҚШ долларынан артып кетті.
Оңтүстік-Шығыс Азияның эрбір елі дағдарыстан өз күшімен шығып жатты. Корея Республикасы өзінің аса ірі корпорациялары: КИЯ, ДЭУ және басқаларын банкрот етті, сонымен қатар ұзақ мерзімдік борыш міндеттемелері бойынша жұртшылықтан 72 млрд. АҚШ долларына асатын сомаға алтын және қымбат заттар сатып алып, өз экономикасын сонымен сауықтырды. Жапония дағдарыстан экономиканы басқару философиясындағы өзінің үш артықшылығы: өмір бойғы (өмір бойы өтелетін) қарыз, канбан және сапа тостақтары есебінен, сондай-ақ интрапренерді (нарық субъектісі ретіндегі адамның ішкі резервтерін жұмылдыру) тереңдету жолымен шықты. Сингапур дағдарыстан Ли Кван құрған өзінің қаржылық «қауіпсіздік жастықшалары» есебінен шықты. Ю.Мохатхир Мохаммад Малайзияда ислам банкингін енгізді.
2003 жылдың екінші жартысында Шығыс Азияның бірқатар: Корея Республикасы, Таиланд, Индонезия, Малайзия, Филиппин секілді елдерінде валюта-қаржы дағдарысы бұрқ етті. Ол елдерде пайда болған негізгі қиындықтар халықаралық қаржы жүйесі мен мемлекеттік қаржы саясатының ахуалына байланысты еді. Дағдарыстың айқынырақ анықтамасы — капитал нарығын ырықтандырудың жылдам қарқындары мен қоғамдағы тепе-теңдіктің болмауы арасындағы арақатынас.
Дағдарыстың негізгі себебі — жаһандандыру үдерісіне, жалпыға бірдей қайта реттеуге, сауда-саттықты ырықтандыруға, инвестициялық кызметке және капитал ағындарына байланысты жаңа талаптар есепке алынбаған. Дағдарыс бұл елдердегі кемшіліктердің бетін ашып көрсетті және оларды жоюды талап етті. Әлемдік экономикадағы қазіргі заманғы қаржы дағдарысының себептерін анықтау үшін, осы факторларды қарап көрейік.
2006 жылы Шығыс Азия елдерінде қалыптасқан төлем теңгерімі тапшылығының, — өткен ғасырдың 90 жылдарында орын алған мексикандық дағдарыспен салыстырғанда, — бір қарағанда, қауіп төндіретіндей сипаты жоқ. Бір жағынан, ол мемлекеттік кредит секторында тым мүшкіл жағдай орнағанын дәлелдемейді (жеке секторға төнген қарыздар мен кредиттер ағыны туралы сөз болып отыр). Екінші жағынан, жеке көздерден алынған сыртқы қарыздар түтыну мақсатына емес, инвестициялар үшін пайдаланылды. Алайда мұқият қарағанда, сол кезеңде орын алған бірқатар қолайсыз факторларды ажыратып көру қиын болған жоқ. Олардың ішіндегі маңыздысы — көбінесе жылжымайтын мүлікпен, бағалы қағаздармен жасалатын алыпсатарлық қызметке, орасан үлкен мемлекеттік монополиялардың қатысуымен ауқымды, бірақ тиімсіз инфрақұрылымдық жобаларға салынған инвестициялар сапасының төмендігі.
Дағдарыс шарпыған елдердің ішінен барлығынан бұрын қалпына келіп, ес жиған Корея Республикасы болды, өйткені оның өнеркәсіптік негізі басқаларына қарағанда жетілген, әрі ол кредиттің жартысынан көбін ХВҚ желісінің азиялық қаржы дағдарысын еңсеруге бағытталған кредиттері есебінен алған-ды. ХВҚ-ымен жақсы ынтымақтастық орнатқан Таиланд та тәуір көрсеткіштерге жете алды. Аталған қор желісі бойынша ол 17 млрд. доллар көлемінде кредиттік қолдауға және 1,2% көлемінде бюджет тапшылығын уақытша сақтау үшін ХВҚ-ының келісіміне (Таиланд мерзімі өтіп кеткен борыштардан зардап шеккен өзінің банк жүйесін сауықтыру шартымен) ие болды. Дағдарыс зардаптарынан Малайзия да қиындықтарсыз шыға білді, алайда ол ХВҚ-ының қолдауынан бас тартып, дамуында ішкі сұраныс пен ұсынысты кеңейтіп, әрі мемлекеттік бюджет тапшылығын арттыру есебінен басымдыққа ие салалардың бірқатарын қаржыландыра отырып, өзінің жеке, меншікті күштеріне сенім артты. Малайзияда валюталық реттеу және қысқа мерзімдік алыпсатарлық капитал ағындарына бақылау жасау күшейтілді, мемлекеттік шығыстар, оның ішінде шығынды көп қажет ететін жобаларға бағытталатын шығыстар азайтылды. Шамасы, аса қиын жағдайға сыртқы борышы орасан үлкен (140 млрд. доллардан артық) және төленбеген борыштары тым салмақты ауыртпалық келтірген, әрі ахуалы биліктің билеуші эулеттері мен бизнестің ерекше қатынастарынан қиындай түскен Индонезия тап болған шығар. Гонконг басына түскен қиындықтарды ҚХР-дың және өзінде бар айтарлықтай валюта қорының (олар жергілікті доллардың америкалық долларға қатысты бағамын (7,7:1) сақтап қалу үшін пайдаланылды) көмегімен еңсере алды. Дегенмен бұндай басқыншылық Гонконг биржасында акциялар бағамдарының күрт құлдырауына тосқауыл бола алмады. Гонконгтың қор нарығындағы жағдайын онда акциялардың үлкен пакеттерін қүлшына сатып алған Қытайдың көмегінің арқасында сақтап қалу мүмкін болды.
Шығыс Азия елдерінің экономиканың ашықтығы мен ырықтандырылуы мәселесіне көзқарастарының әртүрлі екеніне қарамастан, олардың дағдарыстан шығу жолдары: валюталық реттеуді қатайту, шетел капиталы ағындары мен кредит-ақша саясатына бақылау жасау, ұлттық валютаның құнсыздануы «көмегімен» эскпорттық өнімді кеңейту сияқты көптеген жағдайларда ұқсас болды. Аймақтағы экономикалық өсуге 2002 жылдың аяғындағы сыртқы да, ішкі де факторлар себеп болды. Сыртқы факторлардың ішінде: әлемдік сауда-саттық өсіп, көлемі 2006 жылы 10%-ке жетті де, аймақтағы көпшілік елдерге өз экспортын айтарлықтау арттыруға мүмкіндік және дағдарысқа дейінгі деңгейге жетіп қалған аймақішілік, салаішілік сауда-саттыққа қосымша серпін берді. Өндірістің өсуін қамтамасыз еткен ішкі факторларға ұлттық өндірушілер үшін проценттік мөлшерлемелердің төмендеуін және салық жеңілдіктерінің сақталуын жатқызуға болады. Одан өзге, валюта бағамдарының осалдығы және өндірістік қуаттардың тиімдірек пайдаланылуы өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге себепші болып, ЖИЕ экспортының артуын ынталандырды.
Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.