Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы

Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. Мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.

alkakol-sulama

Осы кездегі бар қалған қазақтың қасіретін «Елім-ай» әні баяндап дүниеге келеді. Өз күшіне бірте-бірте енген қазақтар мың жеті жүз жиырма алтыншы жылы үш жүз батырлары, қолбасшылары бірігіп, құрылтай өткізеті. Осы құрылтайда әр рудың басшылары жауға қарсы аттануға бел буып, шешім қабылдайды. Сол кезден бастап жоңғарларды бірте-бірте қазақ жерінен қуа бастайды.

Сол кездегі қазақ батырларының көрсеткен ерліктері, қазақ халқының бірлігі «Аңырақай» шайқасында жеңіске жетуге себеп болды. Бұл оқиға қазақ есінде мәңгі қалатын өшпес із болмақ. Болашақ ұрпаққа үлкен сабақ болмақ. Қазақтардың қайтпас қайсарлығы, еліміздің осындай бейбітшілік күнде өмір сүріп жатқанымыздың жемісі. Ақтабан шұбырынды оқиғасының мәңгі тарихта қалуы ұлы жеңіске жетуінің, ұлы дала болуының бейнесі ретінде есте сақталады.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасының басталуы мен аяқталуы туралы деректерді жинақтай келе Абылай ханның даналығының арқасында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтағанын көреміз. Жоңғар елінің ішкі алауыздығын тудыру арқылы, сыртқы қорғаныстарын әлсіретіп жаулап алған қазақ жерлерін қайтарып алды.

Жоңғар шеріктерінің негізгі күштері Цинь империясымен болған шайқастарда шыңдалды. «Жоңғар хандығының тарихы» атты еңбектің авторы И.Я. Зпаткиннің айтуынша, XVIII 20-жалдарына дейін жоңғарлар Шығыс Түркістан халықтарын, қырғыз, тува, алтайлықтарды өзіне бағындырды. 30-жылдарға қарай Жоңғария Еуразиядағы күшті көшпелі державалардың біріне айналды. Бұл кезеңдерде Жоңғар мемлекеті бір мезгілде Қытай, Қазақ хандығы және Орта Азия билеушілерімен соғыстар жүргізіп, Ресейдің солтүстік шекараларына қауіп төндірді. Олардың Сібір мен Алтайдағы бекіністеріне жиі шабуылдап отырды. Жойылып кетушілік қауіпі қазақ халқын біріктірді. Қазақ қоғамында ерекше бірігу рухы пайда болды. 1723-1724 жылдардағы ірі жеңілістерден соң асығыс түрде жер-жерде жасақтар құрыла бастады, оларды халық арасынан шыққан мықты батырлар басқарды. Осындай қиын кезеңде Абылай, Әбілқайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, талантты қолбасшылар — Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары және Жәнібек батырлардың даңқы шықты.

Райымбек ойрат және қалмақ тайпаларын Қазақстанның оңтүстік-шығысынан түgкілікті қуып шығуда үлкен рөл атқарды. Оның белсенді араласуымен Теrtc және Қарқара езендері бойында шекара анықталды. Ол тұрғызған улкен «Қызыл оба» кейіннен Нарынқолда қазақ-қытай шекарасын анықтауда ескерткіш белгі болып қалды, Сол кезеңде қазіргі Алматының айналасындағы үлкен аумақ қалмақ билеушілері Ағанас пен Арысханның иелігінде болатын — Ұлы жүз қазақтарының әскери кеңесінде, Қалмақтар күшпен басып алған жерлерді жаудан азат ету жөнінде шешім қабылданды. Ағанастың шабуыл жасауға дайындалып жатқанын сенімді адамдары арқылы білген Райымбек дереу іске кірісіп, күтпеген соққы арқылы жауды кері қайтаруға шешім қабылдады. Өзі бастап сарбаздарымен жаудың қосына басып кіріп, оларды қашуға мәжбур етті. ¥рыс басында Райымбек Ағанасты өлтірді. Келесі алған қамалы Ағанастың ордасы болды. Бұл үзіліс қазақтарға да өте қажет еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *