Қайтарымды ресурстарды ұтымды пайдаланудың халық шаруашылық маңыздылығы. Кез келген өндірістің түпкі мақсаты — халыққа қажетті игіліктерді өндіргенде барлық шығындарды үнемдей отырып, қоғамдық сұранысты неғұрлым толық қанағаттандыру. Материалдық игіліктерді арттырудың басты бағыттары — табиғи ресурстарды үнемдеп кешенді пайдалану, қалдықтарды азайту, қайта қолдану арқылы өндірістің табиғи ортаға зиянын азайту. Ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды пайдалану экономикасы тек қана салалық экономика емес, барлық табиғаттану, техника, қоғамдық ғылымдардың дамуымен тікелей байланысты. Қалдықтарды пайдалану экономикасының пәні өндіріс шығындардын үнемдеу, өндірістің табиғи ортаға зиянын азайту болып табылады.
Қайтарымды ресурстарды тиімді пайдалану салааралық мәселе болғандықтан, кешенді шешімдер қабылдауды талап етеді. Ресурстарды тиімді пайдаланудың басты бағыттарының бірі ретінде осы саладағы іргелі ғылыми-техникалық, іс-тәжірибелік жетістіктерге сүйенеді. Ғылыми-техникалық жетістіктер бір жағынан табиғи ресурстарды толық кешенді пайдалану дәрежесін арттырып, оларды үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қалдықты азайтуға, пайда болған қалдықтарды қайта пайдалануға жол ашады. Осы тұрғыдан табиғи ресурстарды үнемдеп, тиімді пайдалану мәселесі қалдықтарды пайдалану мәселесімен сабақтас, біртұтас қарастырылады. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту және оларды қайта пайдалану табиғи ресурсқа, шикізатқа сұранысты азайтады, яғни оны ондіру қажеттілігі қысқарады. Бұл өндіріс шығындарын, оның ішінде өндірушінің өндіріс шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан қайтарымды ресурстарды пайдалану көп жақты процесс.
Ресурстарды үнемдеудің мынадай тиімділігін мысалдардан аңғаруға болады. 1 т мыс алу үшін 100 т кенді өндіру қажет. Яғни 1 т мыс үнемделсе, 100 т кен өндіру қажет емес деген сөз. Қайтарымды ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылдау үшін ең алғаш олардың жинақталған шамасы, пайда болуы, пайдалану бағыттары, физикалық, химиялық қасиеттері, пайдалану мүмкіндігі, тиімділігі туралы толық мәліметтер керек. Қазіргі жағдайда ондай мәліметтерді алу өте қиын. Өйткені әдістемелер жеткіліксіз, орталықтандырылған есеп беру жүйесі жоқ. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, пайдалану жеке кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың құзырына берілген. Мұндай жағдайда қалдықтарды пайдалануды жақсартудың бірден-бір жолы қалдықтар биржасын, банктерін үйымдастыру және олардың жүмыстарын жақсарту. Қалдықтарды жинау, сату, өндіріске дайындау, ұқсату, пайдалану кезеңдерінің барлығының тиімділігіне жету керек. Сонда ғана осындай бір-бірімен сабақтас қалдықтарды пайдалану процестері кешенді және үздіксіз болады. Өндіріс иелері оларды сатуға, қайта пайдалануға мүдцелі болуы керек. Сондықтан қалдық шығарғаны үшін төлемдермен қатар, қалдықтарды қайта пайдалануға қажетті инфрақұрылымдарды жетілдіру қажет.
Қайтарымды ресурстарды пайдаланудың маңыздылығына байланысты әр елде оларды пайдалану туралы ұлттық бағдарламамен қатар, арнайы қалдықтарды жинақтайтын, пайдалануға әзірлейтін ұйымдар, кәсіпорындар қүрылды. Мысалы, АҚШ-та қатты қалдықтарды жинап, өңдеп, қайтарымды ресурсқа айналдыру жөніндегі арнайы Басқарма жұмыс істейді. Қайтарымды шикізатты жинау, өндеу, сату жөнінде АҚШ Конгресі бірнеше заңдар қабылдады. Материалдар саясаты жөнінде үлттық комиссия АҚШ экономикасының материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін және оларды қайтарымды шикізатпен алмастыру мүмкіндігін зерттеп отырады.
1998 жылы Англия, Бельгия, Голландия, Франция қалдықтарды пайдалану жөнінде халықаралық ұйым құрды. Оған Еуропаның қазіргі 18 елі кіреді. Барлық елдерде тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалануға қызығушылық артып келеді. Өйткені С.В. Дуденковтың мәліметі бойынша, олардың шамасы жыл сайын 3-10%-ға өсіп отыр. АҚШ-та бір жылда жан басына есептегенде 520 кг, Канадада — 380, Ұлыбританияда -300, Голландияда — 190, Испанияда — 200, Францияда — 360 кг тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Осы қалдықтардың 80%-ын қайтарымды ресурс ретінде қолдануға болады деп есептеледі.
Сонымен қатар, қалдыктарды қайта пайдалану процестері өнімдерді шикізаттан өндіруге қарағанда табиғи ортаға едәуір аз зиян келтіреді. Мысалы, металл сынықтарынан және т.б. қалдықтардан болат қорытқанда, сондай өнімді кеннен өндіргенге қарағанда атмосфераға шығарылатын зиянды заттар 6,5 есе, судың ластануы 4 есе, пайда болатын қатгы қалдықтар 16 есе азаяды. Қалдықтан өндірілген 1 т болат кеннен өндіргеннен 20 есе арзанға түседі. Қалдықтан түсті металдар өндіру де өте тиімді. Егер өнімдердің қалдықтан және кеннен өндіру шығындарын салыстыратын болсақ, мынаны байқаймыз. 1 т алюминий қорытпасын алуға электр энергиясы 23 есе, отын 7,4 есе аз жұмсалады, өнімнің өзіндік құны 2,5 есе арзан болып, күрделі қаржы 8 есе аз жұмсалады. 1 т жез-қола қорытпасын алуға электр энергиясы 5 есе, отын 1,5 есе аз жүмсалады. Өнімнің өзіндік қүны 2,5 есе арзан, күрделі қаржы 10 есе аз қажет болады. Осындай үнемдерге басқа түсті металдарды қалдықтан алғанда да қол жеткізіледі.
Әлемде қалдықтардан темірдің — 30%-ы, қорғасынның — 40%-ы, мыстың — 20%-ы, никельдің — 30%-ы, мырыштың — 21%-ы, алюминийдің — 12%-ы, вольфрамның — 4%-ы алынады. Өнеркәсібі дамыған елдерде қалдықтан өнім өндіру үлесі бұдан да жоғары, яғни темірдің — 52%-ы, қорғасынның — 65%-ы, мыстың — 41%-ы, никельдің — 40%-ы, мырыштың — 32%-ы, алюминийдің — 33%-ы, вольфрамның — 12%-ы.
Минералдық тыңайтқыштар, химия, мұнай-газ, және т.с.с. өнеркәсіп салаларында көп мөлшерде қалдықтар шығарылады. Бірақ олардың шамамен 40%-ы ғана қайта пайдаланылады. Тоқыма, мата өндірісі қалдықтарының 50%-ы қайта пайдаланылады. Ағаш дайындау қалдықтарының 46%-ы, тақтай тілу қалдықтарының 40%-ы ғана қайта қолданылады. Түсті металлургия кәсіпорындары ауаға едәуір күкіртті газ шығарады, соған қарамастан күкірт қышқылын өндіруге жыл сайын мыңдаған тонна күкірт пайдаланылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қалдықтарын микробиология өнеркәсібінде көптеген қажетті өнімдер шығаруға қолдануға болады.
Өнеркәсіптің дамуы, қалдықтардың артуы атмосфераның ластануына әкеп соғуда. Оның үстіне атмосфера ауасын тазартатын орманның аумағы жылдан-жылға кеміп келеді. БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі ұйымның мәліметі бойынша жер бетінде 4 млрд га орман қалған, ал орман өсіру аумағы қажетті мөлшердің 45%-ына ғана жетеді.
Қазір әлемде өндірілетін энергияның 97%-ы отын жағып өндіріледі, соның салдарынан атмосфераға 20 млн т зиянды заттар шығарьшады, оның 18 млн т жерге қонып, 2 млн т атмосфераны ластайды. Жыл сайын атмосфераға 100 млн т күкіртті ангедрид бөлінеді. Ол күкірт қышқылына айналып, жерге қышқыл жаңбыр болып жауады. Сөйтіп топырақтың, судың қышқылдығы артады. Мысалы, Шотландияда жаңбырдың қышқылдығы рН-2,4, НорвегиядарН-2,8, Лос-Анжелесте қыста түманның қышқылдығы рН-1,7 жеткен кездері болған.
Әдетте тұщы көлдерде рН-7 шамада болады. Бұл шама 5-ке дейін төмендегенде судағы тірі жәндіктердің едәуір бөлігі өледі, ол рН-4 болғанда көлде тіршілік қалмайды. Қышқыл жаңбырдың әсерінен Швецияның 5 мың көлінде балықтар өлген және егістік алқаптарында топырақтың құнарлылығы кеміген. Вермонт университетінің (АҚШ) зерттеулері бойынша, Грин Маунтес ауданындағы қызыл шыршалардың жойылып құруына қышқыл жаңбыр мен тұман әсер еткен. Атмосферадан түскен қышқылдар топырақтың құрамындағы алюминийді еритін түрге келтіреді, ал ол өсімдік тамырымен сіңіріліп, өсімдікті уландырады.
Қышқыл жаңбырдың табиғи ортаға зиянын есептеу өте күрделі. Әйткенмен, АҚШ-тың Табиғатты қорғау агентгігінің есептеуі бойынша, 1982 жылы оның су қорына зияны 250 млн доллар болған. Орманға зияны 600 млн долларға жетсе, ал ауьш шаруашьшығына зияны бірнеше млрд доллар болған. Одан басқа мәдени ескерткіштерге де зиян келтірілген. Қышқыл жаңбырдың құрьшыс материалдарына, құрылысқа келтірген зияны 2 млрд долларға бағаланған.
Ауаға шығарылатын газдардың құрамында зиянды қоспалар түзейтін металдар болады. Әсіресе, адамның денсаулығына мыс, кадмий, сынап, қалайы, қорғасын, ванадий, хром, молибден, марганец, кобальт, никель, тұз тозандары күшті зиян келтіреді. Өйткені олар ауада ыдырамай, тірі организмдердің жасушаларында жинақгалып, ондағы зат алмасу процесіне кедергі келтіреді, жасушалардың өсімін тоқгатады. Жалпы барлық металдардың жасушадағы қалыпты мөлшері артқанда олар зиянды болады.
Мысалы, мыс ағзаға керек элементтердің бірі, бірақ оның шамасы мөлшерден тыс артық болса ол улы элементке айналады. Егер кадмий ғасырдың басында аз қолданылатын элемент болса, бүгін тотықгырмау үшін пластмасса құрамында және тағы басқа өнімдерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ол ауаны негізгі ластаушылардың біріне айналды. Зерттеулерге қарағанда кадмийдің басым бөлігі ауаға (жылына 5500 т) мырыш, мыс, қорғасын, кадмий өндірісінен бөлініп, шойын және болат қорытқанда, көмірді, мүнай (100 т) өнімдерін жаққанда шығарылады. Дөңгелектердің резина қаптарын, пластмасса бүйымдарын жаққанда ауаға кадмий бөлініп шығады. Адам ағзасына кадмий ауамен және тағаммен келіп түсіп, өкпе-бүйрек ауруларына ұшыратады.
Американдықтардың есептеуі бойынша, атмосфераға жыл сайын 180-250 мың т қорғасын шығарылатын көрінеді, мұның 25%-ын автомобильдер мен ұшақтар шығарады. Қорғасынның ауа арқылы жер бетіне кең таралуының салдарынан 1966 жылы Гренландиядағы 1 м мұздан 210 мг қорғасын табылған.
Адам қорғасынмен уланғанда оның жүйкесіне зақым келеді. Әлемдік мұхиттардың ластануы да қауіпті мәселеге айналды. Мұхит жағалауларын мұнай және мұнай өнімдері, ақаба сулар, олардағы қосылыстар, металдар және т.б. ластауда. Мысалы, соңғы 15 жылда озен-теңіз суындағы мышьяктың (күшәланың) мөлшері 2 есе артқан. Мұхиттарды зерттейтін ғалымдар мышьяктың мөлшері жол берілмейтін шекке жетіп қалғандығы туралы алаңдатушьшық білдіруде. Бұл элемент жағалаулардағы микроорганизмдерден табьшып отыр. Ол планктондарды өлтіреді, балықтар мен теңіз жәндіктерінің денесінде жинақталып, оларды азыққа жарамсыз етуі мүмкін. Суға мышьяк негізінен өндіріс қалдықтарымен бірге түседі.
Табиғи ортаның полиэтилен пленкаларымен ластануы да қауіпті мәселеге айналды. Табиғи ортада полиэтилен он шақты жыл бойы өздігінен ыдырамай сол қалпында жата береді және судағы, жердегі тіршілікке қауіп төндіреді.
Ғылыми-техникалық прогресс табиғатгы қорғау мәселесін ұдайы шешіп отыруды талап етеді. Қазіргі өнеркәсіп жетістіктері, оның ішінде химиялық-синтетикалық материалдар өндіру өндіріс пен тұтыну қалдықтарының сипатын өзгертті, табиғатқа жат қалдықгар шығарып, оның ластануын күшейтті.
Сонымен қатар, бүрын шексіз деп есептелінетін табиғи ресурстар сарқыла бастады. Соның салдарынан дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы «табиғатты қорғау» мәселесіне келіп тіреледі. Оның үш астары бар:
- табиғи ортаның ластануы;
- экологиялық теңдестіктердің, теңдіктердің бұзылуы;
- табиғи ресурстардың сарқылуы.
Табиғи ортаны өндірістік ластаудан қорғау деңгейін арттырған сайын, оған жүмсалатын шығындар да күрт өсіп отырады. Сондықтан табиғатты қорғау шараларының жеткілікті мөлшерін, шегін анықтай білу маңызды мәселе. Ол үшін табиғи ортаға келтіретін зиянды, табиғатты қорғау шығындарын, олардың тиімділігін неғұрлым толық және дәл есептеу керек. Бірақ, табиғи ортаға келтірілетін зияндарды толығымен ақшалай өлшеу мүмкін емес. Барлық елдер табиғатты қорғауға жеткілікті көңіл бөлмейді, себебі қаржы бөлу мүмкіндіктері жоқ.
Қазір дамыған елдерде өнеркәсіптің табиғи ортаға зияны жалпы ұлттық өнімдерінің 3-5%-ына жетеді, ал табиғатты қорғау шығындарының мөлшері не бары 1-2%. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш табиғи өнімдердің 0,5-1% мөлшерін қүрайды. Табиғатты қорғаудың тиімділігін арттырудың ең басты жолы — аз қалдықты, қалдықсыз технологиялық процестерді қолдану. Ондай процесс ретінде тек қана қалдық шығармау емес, өндірістің қалдығын қайта пайдалану, бір өндірістің қалдығын екінші ондірісте пайдалану, бір жердегі қалдықты екінші жерде іске асыру және т.с.с. мәселелер қарастырьшады. Қазіргі кезде тұрмыстық қалдықтарды жинау, жою немесе қайта пайдалану өте өзекті мәселеге айналды. Өйткені олар едэуір жерді қолданыстан шығарып, табиғи ортаны ластайды және бұл ірі қалаларға, елді мекендерге өте қауіпті. Сонымен қатар, оларды жинап пайдалану, залалсыздандыру мүмкіндіктері мен жолдары бар. Мәселе осыны қолға алуда.
Шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, тұрмыстық қалдықтарды жинаудың екі түрлі әдісі бар: қалдықтарды тұрғындардың көмегімен бөлектеп жинау және аралас қалдықтарды жинап, арнайы орындарда болшектеу және өңдеу. Бөлшектеп жинағанда әр түрлі қалдықтарға бөлек контейнерлер қойылады. Бірақ бұл әдіс тұрғындар тарапынан ұқыптылықты талап етеді, сондай-ақ тасымалдау шығындарын арттырады. Сондықтан көпшілік елде екінші әдіс қолданылады.