Африканың кейбір елдерінің тарихы мен әдебиеті туралы қазақ тілінде жарық көрген біраз жарияланым бар. Бірақ африкалық философия туралы жазылған дүниелер жоқ. Біздің мақсатымыз осы тың мәселені қозғап, тек атақты үш философтың еңбегіне шолу жасамақшымыз.
Қазіргі кездегі африкалық философияда алдымен ауызға ілінетін — атақты философ, көрнекті мемлекет кайраткері Леопольд Седар Сенгор. Африкалықтардың рухани атасы Сенгордың ойынша, негрлердің шығармалары мың, екі мың жыл бойы өз маңызын жойған жоқ. Африкалық негрлердің шексіз де терең сезімділігі олардың негізгі идеясы болып табылады. Сенгордың «Африкалық негрлер психологиясы» атты еңбегі африкалықтардың «сезімдік күштілігін» дамытады. Негрлерде рухани тереңдеу мен тамырлану іскерліктен көрінеді. Кейбір жағдайларда ол неграфрикалық ойлауды, мұны материалдық және техникалық әдістегі мәселелермен нақты ұштастырғанда немесе табиғатқа үстемдік ету жайлы сөз болғанда, абстракция арқылы жоғары қояды.
Сенгор көркем шығармаларды діни және философиялық ойларды тандауда африкалық негрлер ойлауының нақты стиліне сүйенеді. «Әсемдіктің», «игіліктің», «болмыстың» ақиқаттылығына байланысты сұрақ туғанда, африкалық негр адам грек үлгісінде поэзия тілін, Хайдеггер ойларын, сонымен бірге символикалық образдарды, аллегорияларды, метафораларды қолданады.
Осыған орай, Сенгор өз философиясының типологиясын ұсынады. Бірінші — мистикалық философия абсолюттің идентификациялығын (ұқсастығын) адамды және шынайы табиғатты өзіндік таным тұрғысынан түсіндіреді (мысалы, индуизм, буддизм, даосизм, дүниені африкалық тұрғыдан қарастыру, дзэн). Екінші — Құдайдан тарайтын әлеуметтік немесе пайғамбарлық философия, оның адамға ашылуының мақсаты, ғарышты жасаудағы үздіксіз процеске қатыстыру (мысалы, Заратуштраның ілімі, индуизм, христианшылдық, ислам).
Үшінші — сыни философия, ол — танымдық актімен шектелген, дуализмге сүйенген бағыт. Африкалық негрлер философиясының негізгі белгісін Сенгор оның діни мистикалық сипатымен және интуитивтік (сезімдік) бағыттылығымен байланыстырады. Сенгорша, африкалық танымға мифтер (аңыздар) және символикалық образдар арқылы суреттеу, сезімдік пен ырғақтылық тән. Ол африкалық танымның диалектикалығын интуиция мен логиканың интуитивті және дискурсивті бөліну бірлігінен анғарады. Себебі символикалық образдар мен мифтер арқылы дүниені тану Сенгорша африкалық ойының практикалық сипатында ерекше орын алады. Африкалық негр ойына поливалентті логика немесе негрлік өнердің суперлогикасы тән. Сенгор Батыс философияеындағы диалогты негізгі айқындамаға айналдыра отырып, мынандай тұжырымдар жасады: 1) негізгі ортақ айқындама бойынша, ол африкалық негр ойының тезисін санаттық және топтастыру тұрғысынан ұсынады; 2) африкалық ой дүниенің келелі көрінісін динамикалық диалектика арқылы білдіреді; 3) африкалық ойды саны емес, сапасы жағынан сезінеді: 4) дүниенің біртұтас түрде көрінуіне қарамастан, онда итермелеушілік, белгілеу мен белгіленудің арасыңдағы сәйкессіздік, саналылық пен санасыздық, басқа себеп айтқанда кідірмелілік бар; 5) өмірлік универсум мен африкалық негр ойының құрылымында маңызды орынды феминизм алады; 6) универсумда адам орталық орынға шығады; 7) болмыстың негізінде негрге тән қуат пен өмір күші жатыр.
Л. Сенгор ежелгі грек философтарынан өзінің көзқарастарына сай, африкалық негр философиясының мәнін ашатын идеялар іздейді. Мысалы, африкалық негрлер тәжірибені қолданатын адамдар болғандықтан, индукцияға икемді, себебі сезімдік негізде ойлау мен ой жүгірту оңайға соғады.
Руанди елінен шыққан көрнекті ойшыл Алексис Кагаменның африкалық философияны дамытуда өз қолтанбасы бар. Ол -тарихи тақырыптарға арналған жиырмадан астам кітаптар мен басқа да шығармалар. Руанди тарихына байланысты жазылған екі томдық еңбектің авторы, африка этнофилософиясының көрнекті өкілі. Ең шоқтығы биік философиялық туындысы «Банту-Руанди болмыс философиясы» болып табылады. Кагаме қолданған зерттеу тәсілі — диалог. Ол философия мен этнология ғылымдарының арақатынасын методологиялық түрде көрсетеді. «Философия — бұл ойлау нысанының абстракциясы, ой-тұжырымының ойыны болса, онда этнологиялық ғылымдар нақты деректерге сүйеніп, методологиялық бақылау жасаумен шұғылданады», — дейді Кагаме. Одан әрі кітапта бантуруандилықтардың лингвистикалық құрылымдары, философиялық элементтері банту-руандилық философиясындағы болмыс санаты арқылы тұжырымдалады.
Бұл философиялық құрылымды айқындау үшін, ол метафизикалық-логикалық санаттарды Аристотель ұғымдарымен салыстырады. Сонымен бірге Кагаме «жақсылық» пен «жамандық», «теодицея» мен «Құдай», «себел», «уақыт» пен «өмір сүру» мәселелерінің шығуының әртүрлі жақтарын қарастыра отырып, руандилық негізде «биболмыс» сөзінің мағынасын ашып, «болу», «бар болу» сөздеріне талдау жасайды. Кагаме болмыстың төрт санатына сәйкес келетін басты-басты деген төрт атаулы кластарды шығарды: му-нту — нақты ақылға ие адам; ки-нту = нақты ақылға ие емес (зат); ка-нту = нақты бірліктен шығармаушылық уақыт арыны; ку-нту = нақты, модельді (болудың кабілеттілігі).
Кагаме Африка философиясын нақты құруда этникалық топтар өкілдерінің бұрыннан келе жатқан ұжымдық өзгеруінен банту философиясының болжамын бетке ұстайды. Оның этнофилософиялық мақсаты африкалық ойды философиялық дүниетанымға ауыстыру еді. Нақты ешкімге ұқсамайтын, ұлттық дәстүрлік бағытты ұстауы көптеген сыни таластардың туындауына себеп болды,
Клод Самнер — эфиопиялық философ, оның үш томдық эфиопия философиясының тарихы, үш томдық адам философиясы, т.б. жөнінде еңбектері бар. Ол өзінің «Эфиопиялық ой» деген еңбегінде эфиопиялық жазу философиясының үш кезеңін көрсетеді. 1. «Психолог» қайнар бұлағының пайда болуы. 2. «Философтардың кітабы» және «Скендз өмірі мен максимы» кітабының пайда болуы (XVII ғ. I жартысы). 3. Зара Якоба (1667) жене оның шәкірті Уольде Хьйуота (XVIII ғ. басы), «Зерттеулер» кітабы пайда болды. Ол эфиопиялық философиясының тарихына талдау жасап, оны екі жағдайда көрсетеді.
Бірінші жағдай — бұл даму даналықтан рационализмге бағытталған қозғалыс. Осы қозғалыстың қадамдарын (даналықтан рационализмге) эфиопиялық ойшылдардың еңбектерінен көреміз. «Психолог» шығармасы теологиялық бағытта болса, ал «Зерттеулер» кітабы антитеологиялық сарында жазылған. Клод Самнер «Психолог» кітабын христиандық символизм негізінде жазылған натуралистік теологиялық кітап деп атайды. «Скендз өмірі» кітабы философиялық роман болса, ал «Зерттеулер» . кітабында ол философияны өзіне тән мағынадағы сөз деп алады. Зара Якоба өзінің «Зерттеулер» шығармасында философияны қатаң методология — түпнұсқада, жүйелі, тұтас негізде көрсете білді.
Екінші жағдай — Эфиопиядағы даналықтың екі нысанда болуымен байланысты. 1. Ойлардың халықтық философияға тигізген әсері. Эфиопияда даналық ауызша ғана емес, жазбаша түрде де болған. Оның көп бөлігі грек және араб түпнұсқаларынан аударма болса да, эфиопиялық шығармаларға бейімделген. Якоба «Зерттеулер» кітабы аударманы емес, дәстүрді де қамтымайды, бұл сыни рационализм, яғни антидәстүрлік рационализм. 2. Даналықтың құрылым түрде көрінуі. Ол эфиопиялық даналықты поливалентті түрде көрсеткен, яғни ол адам мен Жаратушы арасындағы байланысты, өмірдегі әртүрлі жағдайын, басқа адамдармен, бүкіл әлеммен байланысын қамтиды. Даналықтың құрылымы адамның құрылымымен сәйкес келеді. Даналық — мәдениеттің негізгі элементі. Эфиопиялық рационализм, Самнердің айтуынша, ғылыми емес, діни бағытта көрінеді. Ақыл-ой сенімді негіздеп және қорғап тұрады. Бірақ Зара Якобтың рационализмі ақыл-ойды Құдайдан жоғары қояды немесе Құдай мен адамның айырмашылығын тексеретін өлшем ретінде көрсетеді. К. Самнердің «Әдеп теориясының сегіз түрі» деген еңбегінде эфиопиялық сегіз ойшылдың өз дәуірлеріндегі рухани кезеңдерін анықтағанын негізге алып қарастырады.
Кітап үш бөлімнен тұрады: 1. Антикалык философия (Платон. Аристотель). 2. Ортағасыр философиясы (Августиң, Аквинский). 3. Жаңа дәуір философиясы (Спиноза. Юм, Кант, Сидгвик). Соңғы автор Тринитидан шыққан (1838 — 1900). Оны ұлы философтардың қатарына жатқызбаса да, өз шығармашылығында жаңа ғасырдағы эфиопиялық ойдың бағыттарын талдап, жинақтаған деп бағалайды. К. Самнер әдеп теорияларын жоғарыда айтылған сегіз философ ұстаған философиялық түрде қарастырады. Мысалы, Платонның әдеп ілімін ол оның өмірі мен әдепке қатысты енбектеріне тоқталу арқылы бастайды. Платонның әдеп теориясы сұрақ-жауап диалогынан басталады. Сұрақ: «Платон өзінің тұтас әдеп теориясын қандай негіздерді басшылыққа алып құрған?» Жауап: «Бақытқа байланысты. Оның ақлихаттық философиясының мәні эвдомоникалық философия болып табылады. «Бақыт дегеніміз — жоғары игілікті игеру». Содан кейін: «Ал енді игілікке не жатады?» деген сұрақ пайда болады. Бұл сұраққа жауап Платонның көптеген шығармалары негізінде беріледі немесе игіліктің мәні — оның ақлихаттық философиясының өзегі», — дейді. Сондықтан Клод Самнер үшін барлық әдеп теориялары адамдардың жалпы, тұтас көрінісін беру негізінде жасалған.
Жалпы айтқанда, африкалық этнофилософияның алғашқы басты принципі — адам мен әлем бірлігі, болмыстың тұтастығы, ойдағы дара мен жалпының, өлім мен өмір, дене мен рухтың, адам мен табиғаттың, ой мен іс-әрекеттің арасындағы дуализмнің жоқтығы немесе жойылу жолдарының анықталуы. Африкалық философияның екінші бір ерекшелігі — болмыс тұжырымдамасының серпінділігі, барлық болмыс бойындағы өмірлік күшке ие болу қажеттігі. Үшінші принцип — болмыстың сатылы болуы, универсум құрылымының өзара қозғалыста, сабақтастықта, әсерлілікте және бағыныштылықта болатын күштер жиынтығы ретінде көрінуі. Тағы да бір басты принцип -антропоиетризм. Адамның ең жоғарғы қызметі — қоршаған дүниемен үйлесімді қатынастар орнату. Кәсіби философия өкілдері тропикалық Африка елдерінің ежелгі Египет, Грекия, жалпы еуропалық өркениетіне өздерінің зор үлес қосқанын тілге тиек етіп, ғылыми дәлелдеуге талпьшыс жасауда.
Пайдаланылған әдебиеттер: Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ. Философия тарихы: Окулық, — Алматы: Раритет, 2006. — 312 бет.