Бұл слайд Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген көрнекі мәліметтермен толтырылған. Ғабит Мүсірепов шығармашылығы қазақтың қөркемсөз әлеміне қайталанбас ғажайып құбылыс болып енгені анық. «Нағыз өнердің белгісі — оның ешқашан да ескірмейтіндігінде», — деген екен орыстың белгілі жазушысы Ф.М.Достоевский. XX ғасырда өмір сүріп, өнер түрлеген Ғабит Мүсірепов сөзі XXI ғасыр таңында да өзекті әрі өтімді, ұғынықты да ұлағатты қалпында. Мүсірепов қолтаңбасы бүгінгі әлемдік әдеби процесс ағымында өз айшығымен танылып, өз бедерімен айқындалып Біз қазір де жақсылық пен жамандық, жауыздық пен ізгілік бетпе-бет келіп шарпысқан, адамның ой-санасы шарықтап өскен, адамзаттық көзқарас, дүниетанымы түбірлі өзгеріске түскен, нарықтық қатынастарға бейімделген әлемдік бұқаралық әдебиет өрістеген, ұлттық әдебиеттер жаһандану жағдайында өз қасиет-сипатын сақтап қалу үшін тайталасқа түскен аса күрделі уақытты бастан кешудеміз.
Слайд бірнеше тарауларға бөлініп, ғаламтор беттерінен мәліметтер енгізілген. Ғабит Мүсіреповтің қоғам қайраткері екендігі тарих беттерінен белгілі, оған «Бесеудің хаты», «Екеудің хаты» сияқты батыл әрекеттерінің өзі-ақ дәлел. Осы дүбірлі дүниеде қоғамдық-саяси мәселелер ұлттық қасиетті сақтап қалуға ықпал етіп, дін мен тілге деген адалдықты бойға сіңіретін рухани-адамгершілік ұстанымдарын, ұлттық мүдде мен жалпы адамзаттық құндылықтар сабақтастығын бүгінгі оқырман да, өсіп келе жатқан жас ұрпақ та қазақ халқының ұлағатты жазушысы Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов шығармаларынан табары хақ.