Сынау (Мемстандарт 16504-81) — сыналатын объектінің қасиеттерінің сан және сапа сипаттамаларын оған ықпал ету нәтижесін ол жұмыс істеген кезде, объект модельдегенде және оған ықпал еткен кезде эксперименталдық анықтау. Сынақты өлшеу, талдау, диагностикалау, органометрикалық әдістерді пайдалану арқылы, сынау кезіндегі белгілі бір жағдайларды (жұмыс істемеу, бұзылу және т.б.) тіркеу арқылы жүргізуге болады.
Объектінің қасиеттерінің сынау кезіндегі сипаттамаларын мына жағдайларда бағалауға болады, егер сынаудың міндеті — сан немесе сапа сипаттамаларын алу болса сынаудың міндеті — тек объектінің талап етілетін талаптарға сәйкестігін анықтау ғана болса — бақылауы мүмкін. Екінші жағдайда сынау тек бақылау мақсатында, мысалы, қабылдау-тапсыру, кезеңді, сертификаттау сынақтары жүзеге асырылады.
Сынақ нәтижелері бойынша белгілі бір шешімдер қабылданады. Сынау мен зерттеу кезіндегі тәжірибенің мазмұны үйлесуі мүмкін, алайда егер ол қандай да бір шешім қабылдау мақсатында жүргізілсе, онда сынақ тәжірибе болмайды және шешімдер де әр түрлі болуы мүмкін.
Сынауда да, мысалы, жаңа материал әзірлеу процесінде зерттеу элементтері болуы мүмкін. Сынаудың бір белгісі ретінде белгілі — нақты немесе модельденетін бір жағдай талап етілуін атауға болады. Сынақ жүргізу жағдайы деп объектіге жасалатын ықпалдар мен оның жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы аталады. Объектіге жасалатын ықпал сырттан ықпал ететін табиғи да, сондай-ақ жасанды факторлармен (ауа-райы, механикалық, электр, жылу, радиациялық, химиялық және т.б.) анықталады. Бірқатар сынақ түрі объектіге осы факторлар ықпал еткен кездегі төзімділігін анықтау үшін қарастырылады. Объектінің жұмыс істеуімен байланысты басқа да ішкі факторлар, мысалы, подшипниктердің қызуы немесе объектіні қосқан кезде токтың өтуі және т.б. орын алуы мүмкін.
Объектінің жұмыс істеу режиміне оны орнату, құрастыру, бекіту тәсілдері мен орны, жылжудың, жүктеудің жылдамдығы және т.б. кіреді. Сынақ жүргізу әдістемесін дәлдіктің, оның нәтижелерін жаңғыртудың ережесі мен нормалары белгіленетін негізгі құжат болып табылады.
Сынау объектісі — бұл сыналатын өнім. Сынауға арналған үлгі — бұл сынау кезінде тәжірибе объектісі болып табылатын өнімнің бірлігі немесе оның бөлігі. Мысалы, өнімнің тобы сыналғанда бүкіл топ сынақ объектісі болып табылады, ал сынау процесінде топтан таңдап алынған бұйымның немесе сынаманың сипаттамалары ғана бағаланып, ал мұның өзінде олардың табылған сипаттамалары жалпы сынақ объектісінің нәтижелерін алу үшін пайдаланылады.
Сынақ объектісінің басты белгісі — сынақ нәтижелеріне орай осы объект бойынша шешім (оның жарамдылығы немесе жарамсыздығы, кейін сынау үшін ұсыну, сериямен шығару мүмкіндігі және т.б.) қабылданады. Өнімнің түрі мен сынау бағдарламасына сәйкес жаппай немесе іріктеп бақыланатын жеке-дара бұйым немесе бұйым тобы, өнімнің немесе сынама алынатын топ сынақ объектісі болуы мүмкін.
Сынақ объектісі бұйымның макеті немесе моделі болуы мүмкін және сынақ нәтижесі бойынша шешім макетке немесе модельге тікелей жатуы мүмкін. Сынақтың техникалық базасы өлшеу құралдары — сынақ жүргізу үшін қажетті техникалық құрылғылар, материалдар, заттар болып табылады.
Өлшеу құралдарымен қатар сынақ құралдарының өте маңызды түріне сынақ жабдықтары — сынақтың жағдайларын жасауға, объектіге ықпал етуге және оның жұмыс істеуі режимдеріне арналған құрылғылар, яғни сынақтың жағдайлары — температура, ылғалдық, қысым, электр магниттік және радиациялық ықпал, механикалық жүктеме, вибрация және т.б. жаңғыртылатын арнайы стенділер, сынақ машиналары, ауа-райы камералары және т.б. жатады.
Сынақтың сапа сипаттамасына сынақ нәтижесінің дәлдігі мен жаңғыртылуы жатады. Сынақ нәтижелерінің дәлдігі — сынақ кезінде алынған белгіленген параметрлер мен олардың нақты мағыналарының белгілі бір жағдайлардағы жақындығының сипаттамасы. Сынақ объектісінің сипаттамасымен жеке объектінің — топтан алынған үлгінің сипаттамасы да, сондай-ақ үлгі тобының статистикалық сипаттамасы да анықталуы мүмкін. Сынақ нәтижелері сынақ объектісіне, ал өлшеу нәтижелері осы объектіден алынған сынақ үлгісіне жататындықтан, сынақ нәтижелерінің дәлдігі үлгінің сипаттамалары өлшемінің дәлдігімен үйлеспеуі мүмкін. Мемстандарт 16263-70 бойынша жаңғыртылу мен жинақтылық өлшеу сапасының өлшемі болып табылады.
Жаңғыртылу — бұл объектінің екінші қайтара сынау нәтижелерінің жақындығы. Жинақтылық — бұл бірдей жағдайда орындалатын екінші қайтара өлшеу нәтижелерінің жақындығы. ИСО 5725 Халықаралық стандартында қайталануға біздің жинақтылық терминіне сәйкес келетін дәл көшірілген жағдайда жасалған сынақтың сипаттамасы деген анықтама беріледі. Жаңғыртылу сынақ жүргізілетін орынмен, жағдайлармен, құралдармен, уақытпен байланысты шектеусіз екінші қайтара қайталаусыз, алайда біздің Мемстандартпен салыстырғанда бірдей сынақ эдістері қолданылатын жағдайларды білдіреді.
Сынақ әдістемесін аттестаттаудың негізгі қағидалары
Сынақ әдістемесінде сынақ әдісін қолдану ережелері, қажетті сынақ құралдары, сынақтың талап етілетін шарттары, сипаттамаларды анықтау жөніндегі операцияларды орындаудың алгоритмдері, операторлардың біліктілігіне қойылатын біліктілік талаптары, дерек тапсыру және сынақ нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын бағалау нысандары, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар белгіленеді. Сынақ әдістемесінде сынақ өткізудің режимдері мен реті анықталады. Сынақ әдістемесі зертелуі, тексерілуі және аттестаттаудан өтуге тиіс.
Сынақ әдістемесінің сынақ нәтижелерін талап етілетін дәлсіздіктен аспайтын дәлсіздікпен алуды қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды талаптарына мыналарға қойылатын талаптар жатады:
— дәлдік нормаларына, сынақ нәтижелерінің жаңғыртылуы мен сынақ кезіндегі бақылаудың дұрыстығына;
— сынақ үшін сынама немесе үлгі іріктеу тәсілдеріне;
— сынақтың деректерін өңдеу тәсілдері мен сынақ нәтижелерін табыс ету нысандарына;
— сынақ жағдайларын жаңғыртудың аралығы мен дәлдігіне (сыртқы ықпал мен сынақ объектісінің жұмыс режимдерінің);
— сынақ құралдарының, өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының ауқымы мен дәлдік сипаттамаларына;
— аттестатталған сынақ жабдығы мен тексерілген өлшеу қүралдарына. Сынақ әдістемесінде сынақ объектісінің қасиеттерінің өзара байланысты
бір немесе бірнеше сипаттамасын анықтау ережелері белгіленеді. Сынақ әдістемесінің үлгілік және жұмыс түрі болады.
Үлгілік әдістеме біркелкі өнім тобы үшін әзірленеді және онда сынақ жүргізуге қойылатын жалпы талаптар, сондай-ақ сынақтың жұмыс әдістемелері болуы тиіс. Сынақтың жұмыс әдістемесі белгіленген өнім түрі немесе жеке бұйым үшін әзірленеді.
Сынақ жабдықтарын аттестаттауды ұйымдастыру мен жүргізу
Сынақ жабдықтарын аттестаттау жабдықтардың сипаттамаларының нормаланған дәлдік сипаттамаларын, олардың ҒТҚ-дың талаптарына сәйкестігін анықтау және жабдықтың пайдалануға жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Жалпы тәртіп Мемстандарт 24555-81 белгіленеді. Сынақ жабдықтарының нормаланған дәлдік сипаттамалары — бұл ҒТҚ-да белгіленген, жабдықтың межеленген мерзім бойы талап етілетін дәлдікпен және тұрақтылықпен сынақ жағдайын қажет ауқымда жаңғыртып қолдауға мүмкіндік беретін сипаттамалар.
Барлық жабдық түрі қолдану саласына сәйкес жалпы өнеркәсіптік, салалық, аранайы қолданылатын деп аталатын 3 санатқа бөлінеді. Аттестаттаудың бастапқы, кезеңді және кезектен тыс деп аталатын үш түрі қолданылады.
Бастапқы аттестаттау — сынақ жабдығының межеленген уақыт бойы талап етілетін дәлдікпен және тұрақтылықпен сынақ жағдайын қажет ауқымда жаңғыртып қолдауға мүмкіндік береді, нормаланған дәлдік сипаттамаларының нақты мағыналары мен олардың ҒТҚ-ға сәйкестігін, өлшеудің дәлсіздіктері мен сынақ режимдерінің параметрлерін тіркейді, пайдалану процесінде бақылануға тиіс дәлдік сипаттамаларының тізбесін жасайды, кейінгі аттестаттауларды жүргізу әдістері мен құралдарын белгілейді, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуын тексереді.
Кезеңді аттестаттау — сынақ қызметі бастапқы аттестаттауда белгіленген мерзімдер мен көлемдерде өзі жүргізеді. Тексерілетін дәлдік сипаттамалары мен операциялардың көлемінің номенклатурасын кезеңді аттестаттауда анықталуы бойынша ҒТҚ-ға сәйкес нақты өнім түрлерін сынау үшін қажетті барлық сипаттамалар мен мағыналарды тексеруді қамтамасыз ететіндей шектеуге жол беріледі. Кезеңді аттестаттауды шектеу бағдарламасы метрологиялық қызметтің бас ұйымымен келісілуге тиіс.
Кезектен тыс аттестаттау — сынақ жабдық тасымалданғаннан, ұзақ сақтаудан, жөндеуден және т.б. кейін пайдалануға берілгенде тағайындалады. Тасымалдау, сақтау немесе сақтау жағдайларының жабдықтың сипаттамаларына ықтимал ықпал етуімен қатар аттестаттауды пайдаланудың жаңа жағдайларының, яғни үй-жайдың, жаңа іргетастың, құрастырудың, жинаудың салдары және т.б. ықпал етуіне байланысты жүргізіледі.
Сынақ жабдықтарын механикалық сынақта аттестаттау
Аттестаттаудың мақсаты-дұрыс анықталатын механикалық қасиеттердің шектеулі санының негізінде сыналатын материалдың стандартқа немесе техникалық шартқа сәйкестігін бағалау, оны нақты жағдайда пайдалану мүмкіндігін анықтау.
Жаңа материал әзірлеу, температуралық және әр түрлі ортаның ықпалын зерттеуде қазіргі бар сынақ түрлері мен жаңа сынақ түрлері жетілдіріледі. Сынақтың тиімділігінің ең негізгі параметрі ретінде қажетті ең аз сипатты белгілер бойынша материалдың сапасы, оның пайдалану кезінде жұмыс істеу қабілеті туралы толық жеткілікті түсінік алуға мүмкіндік беретін өлшемдерді таңдау болып табылады.
Стандартты үлгілердің механикалық қасиеттері бойынша нақты конструкцияларда материалдардың іс-әрекетін бағалау әрбір нақты жағдайда үлгілерді сынау нәтижесін статистикалық өңдеудің, оның сынған жерінің сипатын талдаудың және т.б. негізінде шешілетін күрделі мәселе болып табылады.