Заманымыздың заңғар жазушысы, совет әдебиетінде интернационалистік рухты терең бейнелеп жүрген суреткер Шыңғыс Айтматов өз шығармаларында әр уақытта да қазақ халқы өкілдерінің бейнелерін жасауға және қазақтың кең даласын көркем суреттеуге көп көңіл бөліп келеді. Алғашқы шығармаларының бірі — «Жәмила» повесінің өзінде-ақ қазақ даласына деген сүйіспеншілігін үлкен тебіреніспен жазады: «О, айналайын кең далам! Ңазаң бауырым жайлаған алып далам! Мінекей, біздің тауларды екі жаққа ысырып тастап, ши менен көдеге ырғалып, үшы-қиыры жоқ шексіз теңіздей көсіліп жатырсың. Кім біледі сенің қойныңда жатқан күшті!»
Ал, осы повестегі Ұлы Отан соғысы басталғанын хабарлап, «Аттан, қырғыз, аттан! Жау келді!» деп құйғытып шауып келетін де қазақ жігіті. Ол ежелгі ата-баба салты бойынша келіп, ел басына күн туған кезде туысқан екі халықтың бүкіл совет халқымен бірлікте үлкен шайңасқа түсетіндігін пайымдайды. Ал, енді Данияр болса жастайынан жетім қальш, қазақ нагашыларының қолында ер жетеді. Сол Даниярдың Жәмилага деген махаббат-әнін автор: «Августың айлы түнінде… қазақтың үшы-қиыры жоқ кең даласындай шалңар ағында құбыла жайқалады…» деп тамылжыта нәзік суреттейді.
«Жануарым Гүлсары» повесінде де қазақ пен қырғызға ежелден ортақ бәйге, көкпар сияқты ойын-сауықтар көркем суреттеледі. Мына бір диалогта да бауырлас екі халыңтың айнымас достығы, қимас көңілі жатқан жоқ па.
Иә, әрбір халыңтың таусылмас асыл қазынасы — оның өткендегісі, бүкіл тарихы, солар туралы еске түсірулері. Өткенсіз бүгін ясоқ. Өткенін жақсы білген әрбір халық цивилизащш дамуының қалың қатпарынан өзін-өзі танып-түсінуге мүмкіндік алады. Мінеки, шығарманың осындай үлкен, күрделі мақсат-бағытын автор Едіге төңірегіне жинақтаған.
Едіге Жангельдин — жеті-сегіз үйлі Боранды разъезінің байыргы жұмысшысы, теміржолшы. «Ұланғайыр Сарыезектің даласын басып өткен ұлы жолдың бойындағы кішкентай ауыл. Кішкентай болса да, күретамыр темір жолдың бойындағы разъездерді, станцияларды, қалаларды бірімен бірін жалгастыратын буынның бірі болып, кенен даланың алақанында, өкпек желдің өтінде жалаң төстеніп қасқайып түр.
Сарыөзектің желі әсіресе, ңыстың күні құтырады ғой. Темір жолдың бойын, разъездің үйлерін таудай-таудай қар басып қалады, Сондықтан да бұл разъездің маңдайшасында қазақша: «Боранды», орысша: «Буранный» деген жазу тұр» деп таныстырады автор Едігенің мекенін. Соғыстан ңайтқалы бері осы разъезде жұмыс істеп келе жатқан Едігені де жүрт: «Боранды Едіге» деп кеткен. Өйткені, осы бір «ит байласа түрғысыз» Борандыда түру үшін де адамда қайсар рух болуы керек. Ал, далаға бәрібір. Дала -кенен, адам — ноқат. Далада қалау болмайды. Түрғың келсе — түр. Тұрғың келмесе — жолың әне. Ұлы даланың қатыгездігіне щыдамасаң, әттеген-ай, неге келдім десең болды, жүйкең жүндей түтіліп, жан-дүниең жүдеп жүре береді.
Борандыда өмірлікке өзек байлаған екі-ақ адам болды: бірі — Қазанғап, бірі — осы Боранды Едіге. Қаншама адамдар келіп-кетіп жатты, әйтеуір Едігенің қайыспағаны аңиқат. Өйткені, Едіге жаратылысынан рухы күшті,. өткір мінезді, өмірге құштар, ңайырымды да мейірімді жак. Қайсарлығы мен бірбеткейлігін айтсаңшы! Әйтпесе, ңаншама қиындықты, ауыртпалықты бастан кешірді. Бұл жерге қар тазалайтын түрлі техника келгенше, Қазанғап екеуінің көрген күнін құдай адам баласына бермесін деңіз. Тау-тау қарды қолмен күреп, жанталасып, ңаңтарда қарасорпа болған сол бір күндер…
Едіге мен қазанғап ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді білмеді деймісің? Білді гой, біле түра пілдің жүмысын өз иықтарымен көтерді емес пе? Кейбір пысыңсымаңтар бүлардың саналы түрде азаптың ауыр жүгін көтергенін ақымаңтыққа жориды. Сонда кім аңымақ? Ңазанғап осы жерде тапжылмай қырық төрт жыл. жүмыс істегенде, баеқалардан горі ақылы аз болды дейсіз бе? Едіге Ңазанғаптың бір өзін өзгенің оншақтысына айырбастамас еді… Амал қашпа, Қазанғап жоқ енді, жоқ…
Қазанғап қазасы Едіге үшін орны толмас ауыр ңаза болды. Енді оны жөнелту ңамына кірісті. Мінеки, роман осылай Қазанғаптың қаза болуынан басталып, соған байланысты Едіге іс-әрекеттерін көрсете отырып, оның бүкіл болмыс-бітімін, өмір жолын шым-шымдап, жүрек тебірентерліктей етіп таныстыра бастайды.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген Едіге, қадірлі адамды ақырғы сапарға жөнелту қайгылы шаруа болғанмен әуре-сарсаң, қолбайлау тіршілік емес, адамгершілік, аруақ сыйлаған білімділік, ұлы іс екенін пайымдайды. Және соны жүртқа ұқтырғысы, көрсеткісі келеді. «Иә, Борандының Едігесі ертең ертемен шашақты жабуын желбіретіп Қаранарға мінеді, Қазанғапты соң.
Ана-Бейіт жолына қарап бет алады. Сарыөзектің үланғайыр құла даласын кесіп өтіп бара жатып» Ңазанғапты еске алады. Ңазанғаптың тілегін орындап оны бабалардың зираты — Ана-Бейітке апарып ақырғы мекеніне жайғастырады. Солай деп түйгек уоделері бар о бастан. Ана-Бейіт алыс болсын, жақын болеын, бәрібір Едігенің Қазанғапқа берген уәдесін, Ңазанғаптың арыз тілегін ешкім де, тіпті, марқұмның бел баласы Сәбитжан да бұза алмас..» Осылай ойға бекінген Едіге Қазанғаптың ұлы Сәбитжанның: «Ау, жер түбіндегі Ана-Бейітке сандалып не керек… Жер жетпей ме сонша!» деген парыңсыздығына не істерін білмей, күйіп кетті. Марқұм Қазанғаптың ұлы бола тұра, болымсыз туған осы бір сілімтікті жаңа ғана құшақтап тұрып, егіле жылап, еңкілдегені есіне түсіп, ұяттан беті дуылдап, өзін өзі аяды. Ішіне ызасы сыймай булықса да, дәл бүгін марқұм Қазанғаптың аруағын сыйлағандықтан ғана, тілдеп-тілдеп жібере жаздап, өзін-өзі әрең тежеді. Бірақ Едіге соған бола сөзін ңор ңылып жатңысы келмеді, сөзіне татитын адамның сыңпытын көрмеді, бәрібір Едігенің өзі атқаратын міндет, әрі десе ауылдастары да қарал қалмай, қолқабыс етіп жатыр.
Ал, Сәбитжаннан мүлде түңіліп кетті. Едіге: «Қайран Қазанғап, — деп мұртын талмап тістелеп, үнсіз ыңыранады. Не масқара, әруаң сыйлар ару жоқ, қаза күтіп қайғыру жоқ! Ңұдды бір тойда отырғандай, арақта ақысы қалғандай ішеді. «Мемлекеттік денсаулық» деген сайтан сандырақты тауып алып, қойсашы кәне. Мейлі, — құдай қаласа, ертең аман-есен марқұмды арулап қойсақ, ас-суын беріп, жұртты абыроймен таратсақ, Сәбитжан, сенің жүзіңді біз көрмеспіз, бізді сен де көрмей-ақ ңой, кәпір?!».
Иә, қайран Қазанғап! Жазмыштан озмыш жоқ, тағдыр екен. Ңазанғапты жерлеу Едігенің маңдайына жазылыпты. Осы Ңазанғап емес пе еді сонау бір қиын кезде Едігенің тағдырын шешкен. Майданда алған Едіге госпитальдан шыққаннаң кейін қырық төртінші жылы елге қайтты. Неміс снаряды жарылғанда, соның дүм-пуі оны қатты есеңгіретіп кетіп еді.