Кəсіпкерлік үнемі өсіп отырған сұранысты қанағаттандыру жəне пайда түсіру үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру үдерісі, сондай-ақ осы үдерісті басқару қызметі ретінде өзінің тарихы мен даму динамикасы бар.
Əрбір адамның бақытты жəне табысты болғысы келеді. Əрекетшіл, осы өмірде əлдебір нəрсеге қол жеткізуді қалайтын адамдар үшін бұл ұғымдар бір ғана нəрсені білдіреді – алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, өзге адамдардың құрметіне бөленген кезде (табысқа жету), өз-өзіңді қанағаттанған, өз-өзіңе сенімді, қанаттанған күй кешесің (бақыт).
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы өзінің кəсіпкерлік қабілетін байқап көргісі келетін кез келген адамға көптеген мүмкіндіктер береді.
«Кəсіпкерлік» (ағыл. — business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі, ірі экономист Ричард Кантильон (1680 — 1734) қолданған болатын. Кəсіпкерлік дегеніміз – бұл өзінде үнемі түрдегі тəуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сəйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Кəсіпкер ретінде Кантильон өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адамды түсінетін.
Американдық экономист Иозеф Шумпетер (1883 — 1950) былай деп тұжырымдайды: кəсіпкерлік дегеніміз – бұл, ең алдымен, өзінің нəтижесінде жаңа тауарлар жасалу нəтижесінде болып отыратын жаңашылдық қызмет. Римдік құқықта «кəсіпкерлік» негізінен коммерциялық іс, қызмет, жұмыс ретінде қарастырылған. «Кəсіпкерлік» ұғымының маңызы, терминологиялық мағынасы экономикалық теорияның даму үдерісінде өзгеріп, реттелді. В.И.Даль кəсіпкерлікке қарапайым да өте мағыналы анықтама береді. Ол, «кəсіпкерлік» дегеніміз «қандай да бір жаңа істі бастауға, орындауға шешім ету, елеулі істі жасауға кірісу», осыдан: «кəсіпкерлік – бір нəрсені кəсіп ету, шүғылдану» деп жазады.
Кəсіпкерлік – Уикипедия бойынша, азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кəсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кəсіпорынның) атынан жəне соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кəсіпкерлік кəсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Кəсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кəсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кəсіпорын ретінде тіркеледі.
Кəсіпкерлік – кəсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кəсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тəуекелге бой ұрады. Кəсіпкердің мəртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кəсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кəсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тəртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс.
Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, кəсіпкерлікке жатады: — коммерциялық-делдалдық; — сату-сатып алу; — инновациялық, кеңес беру; — бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, тағы басқа қызметтер.
Нарықтық жүйеде толымды кəсіпкерлік қызметке жол ашылады жəне ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тəн. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кəсіпорындарды жекешелендіру кəсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кəсіпкерлік мəртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Кəсіпкерлік – ұдайы артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға жəне пайда табуға арналған тауар өндіру мен қызмет ету үдерісі ретінде, сондай-ақ осы үдерісті басқару қызметі ретінде өзінің даму жəне өзгеру тарихына ие.
Кəсіпкерлікті салмақты зерттей бастаған алғашқы ғалым А.Смит саналады. Бірақ оның айтуынша он шақты жыл бұрын бұл проблемалармен тығыз айналысқан Р.Кантильон еді. Ол нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық жекелеген субъектілерге тауарды арзанға сатып алып, қымбатқа сатуға мүмкіндік береді деген тезисті алғаш тұжырымдаған еді жəне нарықтың осы субъектілерін кəсіпкер (француз тілінен аударғанда – делдал) деп алғаш атаған да осы Р.Кантильон болатын.
Қазіргі заманғы экономикалық əдебиетте кəсіпкерліктің мəніне берілген анықтамалар əлі толық емес. Бұл құбылыстың мəнін көп жағдайда кəсіпкерлік қызметтің мақсатымен алмастырып жүр. Мысалы, А.Н.Азирилянның редакциялығымен шыққан «Үлкен экономикалық сөздікте» мынадай анықтама беріледі: «Кəсіпкерлік – азаматтардың өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігіне немесе заңды тұлғаның атынан жəне заңдық жауапкершілікке алып іске асыратын, пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған дербес бастамашыл қызметі». Өкінішке қарай, осындай ыңғай біздің елімізде де басым, əсіресе, «Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпкерлікті мемлекеттік колдау туралы» Заңда, Азаматтық кодексте жəне т.б. заңдарда, кəсіпкерлік проблемасымен айналысушы отандық ғалымдар еңбектерінде бекітілген.
Қазіргі заманғы заңнамаға сəйкес, кəсіпкерлік қызмет немесе (кəсіпкерлік) – сол ретте заң тəртібімен тіркелген тұлғалардың өз мүліктерін пайдаланудан, яғни, тауар сатып, жұмыс орындап не қызметтер көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған, өзі тəуекелге барып жүзеге асыратын, дербес қызметі. Бірақ бұл анықтама да толық емес.
Кəсіпкерлікке əртүрлі тұрғыдан анықтама беруге болады, мысалы: — пайданы барынша көбейтуге бағытталған қызмет; — азаматтардың тауар өндіру мен қызмет көрсетуінен тұратын, пайда алуға бағытталған бастамашыл қызметі; — пайда алу мақсатында ұйымдық жаңашылдық үдерісі; — капитал артуына, өндіріс дамуына жəне пайда алуға бағытталған қызмет; — кəсіпорындардың жəне қоғамның өміріндегі бұрыннан бар түрлеріндегі өзгерістерді үнемі іздеуге бағытталған ерекше қызмет түрі, осы өзгерістерді ұдайы жүзеге асыру.
Кəсіпкерліктің терминологиялық, мазмұндық мəнінің эволюциясы тауар мен қызмет көрсетуді алмастыру, өндіру жəне бөлудің қалыптасу тарихына, ғылыми-техникалық прогресс даму деңгейіне байланысты.
Кəсіпкерлік негізінде протестанттықтың ұтымдылық этикасы жатыр, ал көзқарасы мен парасаттылығы кəсіпкердің қызметіне маңызды əсер етеді 1911 ж. Иозеф Шумпетер Кəсіпкерліктегі басты нəрсе — инновациялық қызмет, ал кəсіпорынға меншік құқы кəсіпкерліктің елеулі белгісі емес. Өндіріс факторларының жаңа комбина-циясын жасаушы кез келген тұлға: акционерлік қоғамның қызметшісі, мемлекеттік шенеунік жəне кез келген меншік иелігіндегі кəсіпорынның менеджері кəсіпкер бола алады. Ең бастысы: «басқалардың жасағанын жасамау…» жəне «…басқа-лардың жасағанындай етпеу». Кəсіпкер мəртебесі тұрақсыз, өйткені нарыктық экономика субъектісі инноватор қызметін жүзеге асырған кезде ғана кəсіпкер болады жəне өз бизнесін күйбең тірлік үдерісіне ауыстырғанда кəсіпкер мəртебесінен айырылады И. фон Тюнен Кəсіпкер — ерекше қасиеті бар адам (тəуекелге барушы, стандартты емес шешім қабылдап, өз іс-əрекеті үшін жауап беруші) жəне сондықтан да жоспарланбаған табысқа үміт артушы адам. Кəсіпкер — тəуекелі үшін де, кəсіпкерлік өнері үшін де кіріс алуы тиіс. (И.Тюнен кəсіпкердің инноватор болуы міндетті емес деп санаған) 1921 ж. Ф. Найт Менеджер іс-əрекеті дербес болған кезде жəне жеке жауапкершілікке дайын болған кезде ғана кəсіпкер болады. Кəсіпкерлік кіріс — фирманың күтілген (бол- жанған) ақшалай түсімі мен оның нақты шамасы арасындағы айырмасы. Болашақтың белгісіз болға- нына қарамастан, кəсіпкер өндіріс дамуының жəне айырбастың негізгі параметрлерін «дөп басып», қосымша коммерциялық тиімділік алуы мүмкін 1936 ж. Джон Мейнард Кейнс Кəсіпкер — шаруа адамның ерекше əлеуметтік-психологиялық типі, «…ол үшін ең бастысы — Вебер-дің ұтымды калькуляциясы немесе Шумпетердің инноваторлығы емес, белгілі бір психологиялық қасиеттердің жиынтығы». Негізгі кəсіпкерлік қасиеттер: тұтыну мен жинақтау арақатынасын ұстай білу, тəуекелге ете білу, белсенді болу, болашаққа сенімді болуы жəне т.б. кəсіпкерлік қызметтің негізгі себебі — жақсыға, тəуелсіздікке ұмтылу, мұрагерлеріне дəулет қалдыру 1961 ж. Дэвид Макклелланд Кəсіпкер — бірқалыпты тəуекел жағдайында əрекет етуші қайратты адам 1964 ж. Питер Друкер Кəсіпкер — кез келген мүмкіндікті барынша мол пайдамен пайдаланушы адам 1975 ж. Альберт Шапиро Кəсіпкер — тəуекел жағдайында іc-əрекет етіп, бастама көрсететін, əлеуметтік- экономикалық тетіктерді ұйымдастыратын жəне болуы мүмкін сəтсіздік үшін толық жауапкершілік алатын адам 1980 ж. Карл Веспер Кəсіпкер экономист, психолог, басқа кəсіпкерлер мен саясаткерлер көзінше əртүрлі болып көрінеді. 1983 ж. Гиффорд Пяншо Интрапренерство — фирмаішілік кəсіпкерлік. Интрапренер бұрыннан бар кəсіпорын жағдайында əрекет етеді, ал антрепренер жаңа кəсіпорын құрады. 1985 ж. Роберт Хизрич Кəсіпкерлік — құны бар, жаңа затты жасау үдерісі, ал кəсіпкер — осыған қажет уақыты мен күшін жұмсайтын, өзіне қаржылық, психологиялық, əлеуметтік тəуекел алатын жəне орнына марапат ретінде ақша мен қол жеткенге көңілі қанағаттана алатын адам 1988 ж. М.Алле Кəсіпкер шаруашылықты нарықтық ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады 1993 ж. Т.Ю.Горькова Кəсіпкер — бизнестегі орталық фигура, ол барлық өндіріс факторларын біртұтас шаруашылық үдерісіне біріктіруді өзіне міндет етіп қояды 1. Жаңашылдық қызметі. Əрбір кəсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кəсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа нысандарын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бəсекеге қабілеттілігін жəне сапасы туралы мəселелерді шешеді.
2. Ұйымдастыру қызметі. Əрбір кəсіпкер минималды шығын жұмсау жəне максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кəсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір үдеріске біріктіреді. 3. Басқару қызметі. Əрбір кəсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау бастамасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мəселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мəселелерді шешеді. 4. Тəуекелге бару қызметі. Əрбір кəсіпкер тəуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн. Кəсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тəуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тəуекелге салады.
Кəсіпкер дегеніміз кім?
Кəсіпкерлік адамның сол іске толық берілуін жəне өзінің барлық назарын мақсатты арнауын қажет етеді. Ол тəуекелдерге байланысты, алайда сонымен қатар даму мен өсіп-өркендеудің белгілі түрдегі мүмкіндіктерін ұсынады. Адамның жеке өз бизнесі болуы – бұл ермек емес, күнделікті еңбек жəне өзің үшін ғана емес, өзіңнің айналаңдағы адамдар үшін, отбасың, жақындарың мен туыстарың үшін жəне кəсіпкерге жұмыс істеп жатқан адамдар үшін жоғары жауапкершілік. Мұндай қадамды əркім жасай алмайды, жалданбалы қызметкер санатынан, жұмыссыз адам санатынан бизнестің меншік иегері санатына əркімнің ауысуына қабілеті жете бермейді.
Кəсіпкер – өз ісін құра отырып, тəуекелге баруға жəне эксперимент жасауға əзір, өз өмірін өзгерткісі келетін, көп жəне қажырлы түрде еңбек етуге даяр адам.
Ол үшін: — білімі; — дағдылары; — жеке тұлғалық сипаттамалары; — жоғары мотивацияға ие болуы қажет.
Мұндағы ең қарапайым нəрсе – білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында əдебиеттерден, оқулықтардан жəне өзге де ақпарат көздерінен алуға болады. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады жəне арттырып отыру қажет те.
Дағдылар — бұл алған біліміңді іс жүзінде қолдана білу. Сіз қайсыбір іспен неғұрлым жиі айналысып отыратын болсаңыз, сол істі барған сайын жақсы атқара беретін боласыз. Дағдылар тəжірибе арқылы қалыптасады.
Жеке тұлғалық сипаттамалар – бұл адамға индивидум ретінде тəн болып келетін, оны өзге адамнан ерекше етіп тұратын касиеттер. Бұл бізге кəсіпкерлікте себін тигізіп немесе керісінше, табысты болуға кедергі болады.
Алайда, кəсіпкер үшін ең маңыздысы – мотивация. Өз өмірін өзгерткісі келу, өз ісімен айналысқысы келу, өз күші мен мүмкіншіліктеріне деген ішкі сенімі. Ол тəуелсіз болуды қалайды. Ол ақша табуды қалайды. Ол отбасы мен жақындарын осыған сендіре алады. Ол өзінің табысқа жететініне шын сенімді.
Бизнесті жүргізу адамды білімін арттырып, жетіліп жəне дамып отыруға міндеттейді. Кəсіпкер үшін қандай қасиеттер маңызды болып табылады? Төменде солардың үлгілік тізбесі келтірілген. Тағы да, кəсіпкердің негізгі қасиеттерінің біріне өз-өзіне жəне өз күшіне деген сенім жатады. Адамның сенімі оның мінез-құлқынан да байқалады: — ол өз ойын өзгелерге жеткізе біледі; — ол өз мінезі мен сезімдерін байқата біледі; — оның өз пікірі бар; — ол өзгелерге өзгеше пікірді ұстану құқығын ұсынады; — ол белсенді жəне бастамашыл; — ол өз мақсаттарына жетуде табандылық байқатады; — ол өз бетінше шешім қабылдай алады. Бұрын айтқанымыздай, кəсіпкерлік – бұл: — таза табыс алуға бағытталған; — сұранысты қанағаттандыру жолымен; — меншік мүлкіне негізделген; — кəсіпкердің атынан жүзеге асырылатын; — кəсіпкердің тəуекелге баруы жолымен жүзеге асырылатын; — кəсіпкердің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашыл қызмет.
Мемлекет кəсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді жəне соны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституциясына сəйкес: «..Əркімнің кəсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кəсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқы бар».
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодекске дейін, Қазақстанда бұрынғы теңгермешілік-жоспарлы экономика ережелеріне сəйкестенген кəсіпкерлік нысандары бар. Бұл жөнінде арнайы тарауда айтылатын болады. Өндірілетін өнім (жұмыс түрі) түріне байланысты кəсіпорындар: — өндірістік — машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар шығаратын, шикізат, материалдар, электр энергиясын жəне басқа өндіріс құралдарын өндіретін; — ауыл-шаруашылық — астық, көкөніс, мал, техникалық дəнді дақылдар өндіретін; — құрылыс кешендері, көлік жəне байланыс кəсіпорындары жəне т.б. болып бөлінетін. Халық шаруашылығында кəсіпорынның қай салаға жататынын екі белгі бойынша анықталды: — əкімшілік-ұйымдық; — өнімдік.
Кəсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын былайша бөлуге де болады: — Бірлескен кəсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік- шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық жəне қызмет көрсету салаларындағы бірігу; — Жеке кəсіпкерлік – кəсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; — Мемлекеттік кəсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кəсіпорындардың қызметі; — Тəуекелдік кəсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен жəне таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тəн кəсіпкерлік.
Кəсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру жалған кəсіпкерлік деп аталады, ол – экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Кəсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кəсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы əрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, ол заңсыз кəсіпкерлік саналады, ол экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Кəсіпкерлік қызметтің экономикалық мəні – айқын немесе əлеуетті сұранысты канағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа комбинациясын іздеп, іске асыру (өнімді, технологияны, ұйымдық тəсілді жаңарту) болып келеді. Жаңашыл шығармашылық экономикалық қызметтің субъектісі ұйым аясында əрекет етуші жəне жаңа тауар шығару, жаңа шешімдер, жаңа тəсілдер жəне т.б. іске асыру жөнінде бастама көтеруші жеке кəсіпкер де, адамдар тобы да болуы мүмкін.
Кəсіпкерлік қызметтің негізгі субъектісі мыналармен өзара əрекеттесуші кəсіпкер болады: — негізгі контрагент ретіндегі тұтынушымен; — əр жағдайда көмекші не қарсылас ретінде болатын мемлекетпен; — жалдамалы қызметкерлермен; — бизнес бойынша əріптестермен.
Кəсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықтың басты құрамы – мəміле, яғни кəсіпкерлік мақсатқа жетудің экономикалық-құқықтық нысаны болып табылады. Мəміле заңды не жеке тұлғалардың (шаруашылық, коммерциялық т.б.) кəсіпкерлік саласындағы құқықтық қатынастарды орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекет ретінде қаралады. Мəміле – кəсіпкерлер арасындағы негізінде коммерциялық мүдде бар кез-келген келісім. Алмасу үдерісі ретіндегі мəміле нəтижесі – барлық мəмілеге қатысушылардың қанағаттануы, олардың алдына қойған коммерциялық мақсаттарына қол жеткізуі немесе құндылықтарды алмасу нəтижесінде пайда табу, ұтысқа қол жеткізу.
Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін мəміле жасалған болып саналады, оның мазмұны мен түрі əріптестердің ынтымақтасу бағыты мен нысанына байланысты. Ынтымақтасудың негізгі бағыты өндіріс саласы, тауар алмасу саласы, сауда саласы, қаржылық қатынастар саласы болуы мүмкін.