Экономиканы мемлекеттік реттеудің мəні, қажеттілігі жəне факторлары
Мемлекет дегеніміз – қоғамның саяси ұйымдастырылған түрі болып табылады. Оның негізгі міндеті – қалыптастырылған қоғамдық құрылымдарды қорғау жəне тəртіп сақтауды, адамдардың мінез-құлқына жəне қоғамға билік жүргізу арқылы жəне түрлі билік нұсқауларын қолдану арқылы реттеу болып табылады.
Мемлекеттің негізгі белгілері: аумағы, ондағы бекітілген заң құқық-тары, бекітілген санкциялар нормаларының жүйесі жəне осы функцияларды жүзеге асыратын амалдары мен əдістері. Мемлекет құрылған күннен бастап, өзінің институт ретіндегі міндеті сəйкес жалпы халықтың еркі мен мүддесін қорғауға тиісті. Мемлекеттік реттеу жүргізгенде экономикалық шешімдердің құқықтық негіздерін қамтамасыздандыру, шаруашылық жүргізу жағдайлары мен тұрақтылықты қамтамасыздандыру, экономиканың секторларын дамыту, нарықтық инфрақұрылымдарды дамыту, ұдайы өндіріс пен ақша айналымының негізгі параметрлеріне бақылау жүргізуі жəне қоғамдағы əрбір адамның мемлекеттің дамуына үлес қосушы, мəдениетті тұлға ретінде қарастырылуы қажет.
Экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттің экономикалық саясаты немесе мемлекеттің экономикаға араласуы деген терминдер мына мағынаны білдіреді: қоғамның дамуындағы əлеуметтік-экономикалық үдерістерді қолдаумен, экономикалық өсуді қамтамасыздандыратын жəне халықтың игілігін қамтамасыздандыратын əлеуметтік-экономикалық процестерді реттеумен, түзетумен жəне қолдаумен байланысты іс-шаралардың жиынтығы.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) – қазіргі кезеңдегі əлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгерістерге бейімделуін қамтамасыз ету жəне оның тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың жүзеге асыратын заң шығарушы, атқарушы жəне бақылау шараларының жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мынандай анықтамаларын келтіруге болады: 1) Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз – нарықтық тетіктердің қызмет етуі үшін экологиялық жəне əлеуметтік мəселелерді шешу үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен нарық конъюнктурасына мақсатты бағдарланған əсері; 2) Экономиканы мемлекеттік реттеу — экономикалық құбылыстар мен олардың байланыстарын қолдауды немесе өзгертуді қамтамасыз ететін мақсатты бағдарланған үдеріс.
Қорытындылай айтқанда, экономиканы мемлекеттік реттеу — ұлттық экономиканың тиімді қызмет етуіне бағдарланған, ұлттық экономиканы тұрақтандыру, елдің əлеуметтік дамуын қолдау, ұлттық экономиканы дамытудағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, қоғам мүшелерінің мүдделерін біріктіру мақсатындағы мемлекеттік құрылымдармен жəне қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылатын заңдық, орындаушылық жəне бақылау сипатындағы іс-шаралар жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу саласы- экономикалық қарым- қатынастарды реттеу кезіндегі билік органдары жүргізетін мақсатты қағидалардың немесе іс-шаралардың жиынтығы. Бұған мыналар жатады: 1. Ел экономикасының өсуі жəне экономикалық дамуын қамтамасыз ету; 2. Тиімді жұмыспен қамту; 3. Ел экономикасын экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағдарлау; 4. Бағаның тұрақты деңгейін қамтамасыз ету; 5. Экономикалық еркіндікті қамтамасыз ету; 6. Табысты əділ бөлуді қамтамасыз ету; 7. Елдің сыртқы сауда балансын теңестіру.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
- Нарықтық реттеуші тетіктерді жəне жүйелерді құру арқылы экономиканың ашық жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, экономиканың шаруашылық өміріндегі субъектілерге мемлекеттің рөлін азайту, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру əдістерін кеңейту, шетел елдің инвестицияларын тарту, валюталық банктердің тетіктерін тұрақтандыру;
- Түрлі меншіктік жəне шаруашылық формаларын көбейту арқылы, яғни экономикадағы жеке меншік секторының қызмет етуіне жағдай жасау арқылы нарықтық бəсекелестікті арттыру үшін кəсіпкерлікті, шағын жəне орта бизнесті дамыту негізінде көп деңгейлі экономика негіздерін қалыптастыру;
- Халықаралық стандарттарға сəйкес екі деңгейлі банк жүйесін дамыту жəне қалыптастыру негізінде нарықтық экономика институттары мен инфрақұрылымдарын құру;
- Елдің нарықтық шаруашылығын жəне мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктерін, сонымен қатар индикативті жоспарлау, болжамдау, бюджеттік бағдарламалар, елдің əлеуметтік-экономикалық даму бағдарлама- ларының жүйесін жасау;
- Экономиканың жəне оның салаларының, экономикалық тұрақтылық пен бəсеке қабілеттілігін қолдау;
- Көлеңкелі экономиканың аясын тарылту, өркениетті нарықтық ортаны қалыптастыру, табиғи монополиялардың қызметін бақылау жəне осылардың негізінде соңғы тұтынушының мүддесін қорғау, сонымен қоса өндірістік жəне коммерциялық қызметтің дамуына жағдай жасайды;
- Отандық тауар өндірушілерін қолдау, жұмыс орындарын сақтау жəне кеңейту,өндірістік жəне экспорттық құрылымдардағы шикізаттық бағдарлануды азайту.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты бағыттары, əдістері, масштабы, қандай да бір елдегі нақты бағыттар ағымындағы, уақыт аралығындағы экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерінің сипаты мен күрделілігіне байланысты анықталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі – экономикалық дамудың деңгейі, өндіріс пен капиталды шоғырландыру деңгейіне байланысты анықталады. Экономикалық, əлеуметтік, экологиялық мəселелерінің күрделігі мемлекеттік органдар тарапынан нақты іс-əрекеттерді жүзеге асыруын талап етеді. Осыған орай, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті себептеріне мыналар жатады:
Экономиканың нақты аумақтық кеңістігін анықтап алмай, оның дамуын бақылау мүмкін емес. Кəсіпкердің үй шаруашылығының немесе кез келген экономикалық қарым-қатынастарға қатысушы субъектілердің мүдделері соңғы тұтыну арқылы жүзеге асырылады. Ал ол белгілі бір территориялық ұйымға немесе əлеуметтік ортаға енгізілуі қажет. Яғни, шаруашылық қызмет ететін аумақтық кеңістікті анықтаушы жəне оның тұтынушылығын қамтамасыз ететін – мемлекет. Сонымен бірге, қазіргі уақытта аумақтық кеңістік халықаралық байланыстарды, экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыруына шаруашылық қызметті əлемдік нарықта қорғауына мүмкіндік туғызады;
Халықтың мүдделерін қорғау, елдің даму мақсаттарын анықтайды, тұрақты ұдайы өндіріс пен экономикалық ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттің жалпы ұлттық мақсаттары мен мүдделерін қалыптастыру кезінде қоғамның құндылықтық бағдарлары, оның əлеуметтік-рухани қорлары, тарихи-индивидуалдық, коллективтік параметрлері ескерілуі қажет. Бизнес қаншалықты кең дамығанымен осы мүдделерді, мақсаттарды ескеру қажет. Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік мүдделерінің, қоғамның рухани құндылықтарының ескерілуі тиіс;
Елдегі экономикалық мүдделердің тепе-теңдігін сақтау жəне қолдау, мемлекеттен ойланып таразыланған даму бағыттарын анықтауды жəне саясат жүргізуді талап етеді;
Өндірістік күштердің дамуы, ұдайы өндіріс фазаларының аралығында туындайтын диспропорцияларды түзетудің алдын алуды жəне тиімді қызмет етуді қамтамасыз ету керек;
Жалпы дүниежүзілік даму үрдістері, елде коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытудың жəне қолдаудың қажеттілігін туындатады. Өйткені, бұл елдің нарықтық экономикалық өзара əрекеттіктерді, сонымен қоса басқа ел нарықтарының келісімдік іс-əрекеттер жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Əрине, ұсынылған факторлардың топтамасы шартты болып табылады: мысалы, жұмыспен қамту мəселесін шешу қайта өндіру үдерісінің оңтайлы қамтамасыз етілуіне əкелсе, макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдау əлеуметтік шиеленістің қысқаруына əкеледі. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеу ұдайы өндіріс үдерісінің құрама бөлігі болып табылады. Оның нақты бағыттары, түрлері, ауқымдары нақты кезеңдегі белгілі бір елдің экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерінің сипаты мен өткірлігіне байланысты анықталады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі экономикалық дамуының, өндіріс пен капитал шоғырлануының белгілі деңгейге жетуімен қатар пайда болады. Бұл мүмкіндікті шындыққа айналдыратын қажеттілік экономиканы мемлекеттік реттеу шеше алатын мəселелердің өсуімен анықталады. Экономикалық, əлеуметтік, экологиялық, əлемдік шаруашылық мəселелердің өткірлігі мемлекет тарапынан болатын нақты шараларды талап етеді.
Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үш түрі ажыратылады: 1. Экономиканы реттеудегі толық мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО мен басқа да кеңестік мемлекеттерге тəн. Бүгінгі таңда кейбір мемлекеттерде де сақталған, мысалы Солтүстік Кореяда. 2. Нарықтық жəне мемлекеттік реттеудің əралуан нұсқалары. Мұндай нұсқалар «швед», «жапон», «қытай» үлгілерінде, сонымен қатар, германдық əлеуметтік бағыттағы нарықтық экономика үлгісінде жүзеге асырылған. 3. Ақырғы либерализм, жеке кəсіпкерліктің ерікті түрде дамуын ғана тиімділік деп санайды. Мемлекеттік реттеудің бұл түрі ең алдымен АҚШ-қа тəн.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің осы секілді түрлерінің қалыпта-суынан бұрын, алдымен əртүрлі экономикалық идеялар мен ғылыми теориялар пайда болады жəне дамыды. Ұлттық экономиканың дамуындағы мемлекет рөлі туралы түсінік пен көзқарастар жүйесі əрқашанда экономикалық теориядағы негізгі орындардың бел ортасында болды.
Экономика ғылымы пайда болғаннан бастап ғалымдар экономиканы мемлекеттік реттеу қызметтерінің экономикадағы рөліне байланысты түрлі мəселелермен айналысты. Əртүрлі экономистердің əртүрлі уақытта жəне əртүрлі елдерде дайындаған теориялары, ұлттық экономика тəжірибесінде қолданылып отырды.