«Жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңның жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты бөлігі былайша нақтыланған: — жергілікті қоғамдастық — шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын жəне жұмыс істейтін тиісті əкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; — жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте жəне тəртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мəселелерді шешуге қатысуы; — жергілікті қоғамдастық жиыны – тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте жəне тəртіппен жергілікті мəні бар аса маңызды мəселелерді шешуге тікелей қатысуы; — жергілікті маңызы бар мəселелер — реттелуі осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сəйкес тиісті əкімшілік- аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мəселелері; — жергілікті мемлекеттік басқару — осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі; — жергілікті өзін-өзі басқару — халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мəслихаттар жəне басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тəртіппен жергілікті маңызы бар мəселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет; — жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері жөніндегі уəкілетті орган – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; — жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі – қалалық мəслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шегінде құрылатын, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың əкімдігі жанындағы қала əкімінің халықпен өзара іс-қимыл жасау мəселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган; — жергілікті өзін-өзі басқару органдары — осы Заңға сəйкес жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мəслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың əкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады. Жергілікті қоғамдастық жиыны жəне жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық қызметінің нысаны болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде: — Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне заңнамасын сақтауға; — жалпымемлекеттік ішкі жəне сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық жəне инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге; — бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мəдени жəне ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге; — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға; — қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға; — жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге; — өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; — жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.