Жұмыр жердің бетіндегі барша халық өзінің төл мерекесімен мақтанады. 2018 жылғы Қазақстандағы елеулі күндер осы мереке күндер. Жалпы мереке дегеніміз бір ауыз сөзбен айтқанда, уыздай ұйып отырған халықтың берекесі болып табылады. Мереке мейрам — халықтың ұлттқ сана — сезімін оятады. Көңілін көтереді, жанын желпіп жадыратады, демалдырып тынықтырады. Бір — біріне болған барыс -келісін күшейтеді, ынтымағын нығайтады. Өткен ғасырдағы ата — бабаларының салт — дәстүрлерін есіне салады. Жақсы ғұрыптарын жаңғыртады, өткенін жаңартады, өлгенін тірілтеді, өшкенін жандырады, бүгінін тойлатады. Болашақ ұрпақтарына қор жиып қалдырады. Сол арқылы арттан ілесіп, еріп, өсіп келе жатқан, көгенкөз ұрпақтарымызға ата мұрасы арқылы терең тәрбие береді.
Ол ғана емес. Мереке мейрам — бір ұлттың тұтас тарихындағы, ұлт болып қалыптасу барысындағы келелі оқиғалары мен ғасырлар бойы басып өткен өмір жолдарын, наным — сенімдерін, салт -дәстүрлерін, ғұрып — әдеттерін, соған орай туған әдебиеті мен мәдениетін, өнері мен ғылымын, табиғат және жаратылыстану көзқарастарын, тіпті бір ұлттың тұтас болмысын түгелдей ашып, айшықтап көрсетеді. Басқа да ұлттармен, ұлыстармен болған қарым — қатынастарын тереңнен түсіндіреді.
Мереке мейрам — ұлттың атақ — даңқын көтереді. Көршілес елдермен етене жақындастырады. Қорытып айтқанда, мереке — бір ұлттың қалыптасу тегін айқындайтын тарихи тұтқа. Алтын арқауы болып табылады. Өткен ата — бабаларымызша тоқ етерін айтсақ; «мереке түбі — береке», «мерекелі ел — берекелі ел».
Соңғы тұста Қазақстанда 2018 жылы болатын мереке күндердің күнтізбесі:
* | — мемлекеттік және ұлттық мерекелер |
* | — демалыс күндері |
|
||
1*- 2 қаңтар | Жаңа жыл (*демалыс күнге түсіп, 3 қаңтарға ауыстырылады) | |
7 қаңтар | Рождество Христово | |
Еңбек Кодексінің сәйкес 7 қаңтар — православиелік Рождество демалыс күні болып табылады. | ||
8 наурыз | Халықаралық әйелдер күні | |
21, 22, 23 наурыз1 | Наурыз мейрамы (1 — Қаулына сәйкес 2017 жылы 18 наурыз сенбі күніне түсетін демалыс күні, 2017 жылы 20 наурыз, дүйсенбі күніне ауыстырылған) | |
1 мамыр | Қазақстан халқының бірлігі күні | |
7* мамыр | Отан Қорғаушы күні (*демалыс күнге түсіп, 8 мамырға ауыстырылады. Демалыс күндері: 7, 8, 9 мамыр) | |
9 мамыр | Жеңіс күні | |
6 шілде1 | Астана күні (Қаулына сәйкес 2017 жылы 1 шілде сенбі күніне түсетін демалыс күні, 2017 жылы 7 шілде, жұма күніне ауыстырылған) | |
30 тамыз | Конституция күні | |
1 қыркүйек | Құрбан Айт | |
1 желтоқсан | Тұңғыш Президент күні (Демалыс күндері: 1, 2**, 3 желтоқсан) | |
16* — 17* желтоқсан | Тәуелсіздік күні (*демалыс күнге түсіп, 18** — 19 желтоқсанға ауыстырылады) |