Корпоративтік сектордың қаржылық-шаруашылық қызметі көрсеткіштері, экспортқа бағдарланған кэсіпорындардың 2008 жылғы қызметінің жалпы нәтижелеріне елеулі ықпалына байланысты, бір қарағанда, кредит белсенділігі төмендеуінің және ішкі сұраныс бәсеңсуінің әсерін білдірмеген-ді.
Іскерлік белсенділіктің баяулауы келешекте кәсіпорынның табыстылығының төмендеуіне әсер етіп, корпоративтік сектордың өтімділігіне түсетін жүктемені арттыруы мүмкін. Шетелдік валютадағы теріс теңгерім ұстанымы, төлем қабілетсіздігі тұрғысынан алғанда, экспорттан түсетін валюта түсімдерінің төмендеуі және ұлттық валютаның айырбас бағамының теріс өзгеруі жағдайында корпоративтік секторды айтарлықтай дәрежеде дәрменсіз етеді. Бұл тәуекелдік кәсіпорындардың шетел валютасындағы жоғары өтімділігі арқылы біршама өтеледі.
4.3-кестенің деректері 2011 жылы өнім сатудан түсетін табыстардың артуы, өзіндік құнның алға озып өсуі экономикадағы пайдалылық деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызғанын дәлелдейді. Оның үстіне, инфляцияның өсуі, өткен жылдың осы кезеңінің 2,6%-імен салыстырғанда, сауда-саттық саласында жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың, жылдық көрсеткіші 2011 жылдың аяғына қарай 10% болуына ықпал етті. Дәнді дақылдар нарығындағы қолайлы баға конъюнктурасы ауылшаруашылық компанияларына мейлінше мол пайда алуға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге ішкі сұраныстың саябырсуы, бәрінен бұрын, шағын кәсіпорындарға әсерін тигізеді. Тауар-материалдық қорлардың айналымдылығы көрсеткішінің төмендеуі және, тиісінше, өнімнің қоймаларда сақталуы мерзімінің артуы өнімді сату мен қызметтер көрсетуден түсетін жалпы табыстың азаюы үдерісінде өтеді. Бұл фактор кредит беру көлемдерінің қысқаруы жағдайында кәсіпорындардың ұстап тұру қиын өтімділігіне қосымша жүктеме болуы мүмкін. Ірі кәсіпорындардың статистикасы сонымен қатар жылжымайтын мүлікпен, өңдеу кәсіпорнымен жасалатын әртүрлі операциялар секторында активтер мен капитал рентабельдігінің қысқаруын көрсетеді.
Орта мерзімдік келешектің шектеулі өтімділігі, жалпы сатылымдардың қысқаруы және экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін әлемдік конъюнктураның нашарлауы себепті рентабельділік көрсеткіштерінің төмендеуі қаупінен басқа, ірі және орта кәсіпорындар қызметінің жаңа статистикасы негізінде бағалауға болатын валюта айқындамасының айтарлықтай үйлеспеушілігі орнықсыздықтың жүйелі факторы болып саналады.
Келесі кестенің деректері шетел валютасындағы қаржы активтері 85,0% болатынын дәлелдейді. Ал сол уақытта корпоративтік сектордың таза теңгерімдік валюта айқындамасы шығын келтіреді. Атап айтқанда, ірі және орта кәсіпорындардың теріс теңгерімдік валюта айқындамасы АРКС деректері бойынша баламасында 22,6 млрд. АҚШ долларын көрсетіп, әрі АҚШ долларында тұлғаланған қаржы активтері мен міндеттемелерінің басымдығымен қалыптасты. Теріс валюта айқындамасы кәсіпорындардың меншікті капиталының шамамен 28%-ін, кәсіпорындардың операциялық қызметінен шетел валютасында түсетін ақшалай қаражаттың 40%-ке жуығын құраған. Теріс теңгерімдік айқындама шетел валютасындағы түсімдер мен төлемдердің арасындағы оң алшақтық арқылы өтелген: оған экспорт ресурстарына әлемдік жоғары бағалар және импорттың төмендеуі себеп болды. Банк жүйесі үшін жанама валюталық тәуекелдік жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар секторларында, сауда-саттықта, қонақүй және ресторан бизнесінде, құрылыста, яғни банк секторының негізгі қарыз алушыларында тым жоғары.
Инфляцияның өсуі, кредиттердің қымбаттауы және олардың қолжетімдігінің төмендеуі қолдан жасалған «аласапыран» кезеңінде жинақталған міндеттемелерді орындауды қиындатып, келешекте экономикалық өсуге деген тұтынушылық үлесті, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) депозиттік қорын шектеуі мүмкін.
Борыштық жүктеменің тым жоғары деңгейі 2007 жылдың аяғында тіркелді: оған 2006 жылдың соңымен салыстырғанда, жұртшылыққа берілетін ЕДБ кредиттері өсімінің 70% артуы себеп болды. 2008 жылы жүртшылыққа кредит берудің, тиісінше, тұтынуды қаржыландыру және міндеттемелерді қайтадан қаржыландыру бойынша мүмкіндіктердің қысқаруы төмен өтімділік мәселесін ушықтырып жіберді. Атап айтқанда, қолма-қол ақшаның 9,1%, ал депозиттік ұйымдарда резиденттер депозиттерінің 6,3% артуына, сондай-ақ ЕДБ-лердің кредиттері бойынша берешектің азаюына, банкке жатпайтын қаржы ұйымдарының 4,5% қысқаруына қарамастан, 2008 жыл нәтижелері өтімділік коэффициентінің бір бірліктен анағұрлым төмен екенін көрсетті.
Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.