Бағдаршам жұмысын жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасы барлық дамыған елдерде қолданылатын жол құрылысының барлық стандарттарына сәйкес жылдамдық автомагистральдарының құрылысын реконструкцияларды жүзеге асыруға кірісті.

Бұл біздің мемлекетіміздің экономикасын дамытуда маңызды рольатқарады, сондықтан да бұл жалпы мемлекеттік мақсат болып табылады.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: Республикамызда транспорт жүйесінің кең торабы құрылған, ол ішкі және сыртқы жүк және жолаушылар тасымалдау қызметін жүзеге асырады, жақын және алыс шетелдермен экономикалық байланысты қамтамасыз етеді [1].

Автокөліктермен жолаушылардыжәне жүктерді тасымалдау Қазақстан республикасының ІІМ мәліметтері бойынша жыл сайын 1,3 есеге өсіп отырады. Ендеше, автомобиль көлігініңкөбеюіне, әрі экономиканыңқарқынына қатысты бірқатар кемшіліктер де бар. Автомобилизация процесімен байланысты теріс факторлар қатарына жол-көлік жағдайлары мен қауіпсіздіктің төмендігі жатады. Бұл кемшіліктер көбіне адамдардыңжарақаттануымен,өлімімен, көлік құралдарының, жүктердің,жол ғимараттарының бұзылуымент.б. байланысты сипатталады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі – күрделі кешенді мәселе. Автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі қазір бүкіл адамзатты толғандырады. Мысалы, жол-көлік апаттары (ЖКА) әлі де өсіп бара жатыр. ЖКА санына көптеген себептер әсер етіп жатыр, бірақ олардың ең негізгі себептерінің бірі қала көшелері мен жолдарындағы қозғалыстың жол көріністеріне қатысты қарқындылығы болып табылады.

Тараз – Қазақстан Республикасының ежелгі, тарихи қалаларының бірі. 1921 жылы құрылған Тараз қаласы халқының саны бойынша әлемнің ірі қалаларының қатарына жатады.

Ең қарқынды да ұзын көшелер жалпы қалалық магистральдер болып саналады. Осындай көшелерге Абай көшесі, Төле би даңғылы, Жамбыл даңғылы, Жібек жолы көшесі және т.б. жатады.

Халықтың тығыздығы қозғалысты ұйымдастыру мәселелеріне  едәуір әсер етеді, себебі негізінде жаяу жүргіншілер ағымы мен қала көліктері желілеріндегі жолаушылар ағымының дәрежесін анықтайды. Халықтың тығыздығы қаншалықты жоғары болса, әдетте, қозғалысты ұйымдастыру мәселелері күрделеніп, көлік жүйесінің жұмысы қазіргі заман талаптарына сәйкес болуы керек.

Жол желісінің тығыздығын анықтау үшін негізгі (магистральды) көшелер мен жолдарды есепке алады, ал екінші дәрежедегі көшелер мен жолдар есепке алынбайды.

Әрбір нақты жол-көлік оқиғасы кездейсоқ құбылыс болғанына қарамастан, үлкен көлемді ақпаратты статистикалық талдау олардың пайда болуының жалпы заңдылықтарын табуға мүмкіндік береді.

Жол қозғалысын ұйымдастыру мақсаттары үшін қажет жол-көлік оқиғаларын есептеу материалдарын зерттеудің өзіне тән үш маңызды бағыттарды атауға болады:

Сапалық – апаттылық жағдайды белгілі-бір әкімшілік аумақта немесе көлік ұйымында бағалау және қозғалысты ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға байланысты оны өзгерту тенденцияларын айқындау;

Сандық – жол-көлік оқиғаларына себеп болатын факторларды айқындау және оларды жою үшін іс-шараларды өңдеу;

Топографиялық – «апаттылық ошақтарының»  жол-көлік оқиғаларының ең көп шоғырланған жерлерді және жол учаскелерін айқындау.

Тараз қаласында 3830 жол белгілері, 109 бағдаршам объектілері пайдаланылып келеді. Көше-жол тораптарының ұзындығы – 960 км, оның ішінде 571км – асфальтті бетонды төсемдер [2].

Төле би көшелері, Әйтиев көшесінен Абай көшесіне дейінгі аралықта кешкі сағат 1600-ден таңертеңгі 700-ге дейінгі аралықта қозғалысқа тыйым салынған, осы тәртіпке Қазыбек би көшесі, Абай көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейінгі аралық та жатады [3].

Мына көшелер арқылы жүк көліктерімен жүруге тыйым салынған: Қолбасшы Қойгелді көшесі, Көшеней батыр, Ташкент, Комратов, Төле би, Әл-Фараби, Ниетқалиев секілді орталық көшелермен жүруге тыйым салынған.

Бір бағыттағы қозғалыстағы көшелерге мыналар жатады: Бұрыл көшесі, Абайдан Герценге дейін, Пушкин көшесі, Желтоқсан көшесінен Герцен көшесіне дейін, Мәметова көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейін, Шестокович көшесі – Рысқұлов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейін, Әл-Фараби көшесі, Төле би көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықтар жатады.

Қосымша секциялы бағдаршамдар мына қиылыстарда орнатылған: Сыпатай батыр – Төле би, Абай – Қонаев, Абай – Байзақ батыр, Қазбек би – Қойгелді, Жамбыл даңғылы – Төле би, Төле би – Королев, Төле би – Мечников, Төле би – Рысқұлов, Рысқұлов – Сейфуллин, Рысқұлов – Абай, Қонаев – Жамбыл даңғылы,Абай – Ташкент көшелерінің арасындағы қиылыстарда пайдаланылады [1].

Қазіргі таңда жоғарыда қарастырылған мәселелердің барлығыжаңа құбылысты, яғни көліктер кептелісін оң шешпейді. Бұл мәселені шешудің  бірден-бір жолы бағдаршамдардың конструкцияларын көліктердің қозғалысына кедергі жасауын шегеруге бағытталуы қажет. Төменде келешегі зор бағдаршамдарға жасалған талдау нәтижелері келтіріледі.

Бірнеше жыл (150 жыл) бұрын үлкен қалаларда көліктер мен жүргіншілердің жол қиылысындағы қарым-қатынасы күрделі жағдайда, яғни өте қауіпті өрісте орын алуы жиілей бастады. Жүргіншілер жол қиылысынан өту үшін ұзақ уақыт кетіруге мәжбүр болды, яғни көліктердің толассыз ағынына байланысты. Кейбіреулер өз өміріне қауіп төніп тұрсада, көліктер арасымен жүгіріп өтуге мәжбүр. Кеңес үкіметінде алғашқы бағдаршам 1930 ж 15 қаңтарда іске қосылған. Ол бағдаршам Ленинград қаласында бірінші рет қойылған, сонан соң келесі жылы желтоқсанда Москва қаласында пайдаланыла бастады.

Бағдаршам алғаш семофор ретінде аталған. Қараңғы кездерде айналмалы газ фонары қолданылған. Негізінде бағдаршам жол жүргіншілерінің қиылыстардан өтудегі қауіпсіздігін сақтау үшін қолданылған. 1869 жылы 2 қаңтарда газ фонары жарылысқа ұшырап,оның жұмысын реттеуші полицияның жаралануына әкеліп соққан.

Алғашқы автоматтандырылған бағдаршамның конструкциясына 1910 жылы Чикаго қаласының тұрғыны Эрнст Сиррин патент алды. Алғашқы электрлік бағдаршамның конструкциясын Солт-Лейк-Сити (Юта штаты АҚШ) тұрғыны өнертапқыш Лестер Вайр 1912 жылы ұсынды.

Бағдаршамдар жарық, дыбыс белгілерін шығаратын және автоматты сәулелі болып ажыратылады.

Автокөлік бағдаршамдары. Көбінесе үш түсті бағдаршам (0,5-1 сек жанатын) қолданылады.

Бағдаршамның негізгі белгі беру ережелері:

  • Қызыл түс қозғалыстың тоқтатылуын білдіреді.
  • Сары түс көлік тоқтайтын жол сызығынан өтуге болмайтындығын білдіреді.
  • Жасыл сол жол учаскесіне қатысты жылдамдықпен қозғалысқа рұқсат етеді.

Қазіргі кездегі жол кептелісі өзекті мәселе болып тұрғандықтан, оның

бірден-бір шешімі бағдаршам жұмысын жетілдіру болып табылады. Сондықтан, бағдаршам конструкциясын жетілдіруге бағытталған патенттік шешімдерге талдау жасадық (кесте -1).

Кестедегі мәліметтер бойынша үшінші позициядағы көлік тасқынын реттеуші құрылғыны, әрі қарай жетілдіру автокөлік кептелісін сапалы шегерудің тиімді жолы ретінде танылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *