Қазіргі рынок ұлттық шекарадан асып, әлемді толығымен жаулап алды. Өндірісті автоматтандыру жағдайында, транспорттық тасымалдаудың арзанға түсуі, ақпараттарды жылдам қарқынмен алу, өндірілген өнімді әлемнің әр түрлі елдеріне тарату мүмкіндігі күнделікті қарапайым құбылыстардың біріне айналғаны анық. Қазіргі қоғамның ерекшелігі мынада — ұлттық капиталды үстінен бақылау тек тауарларға ғана емес, табиғи ресурстар, қызмет, мәдениет саласында да жүргізіледі, ал ұлттық үкімет осы үдерісті жылдамдататын динамикалық қозғаушы күш болып табылады.
Сонымен бірге, осы ұлттық үкіметтің трансұлттық компаниялардың мүдделеріне қызмет көрсетуге бағытталған бірыңғай саясат жүргізу себептерін де түсінген жөн. Ғаламдану әлемдегі капитал алмасуына кедергілерді жоятын үдеріс ретінде тек қана кедендік тарифтерді емес, еңбекақы деңгейін, әлеуметтік қамсыздандыруды, ұлттық зейнетақы заңдарын және т.б. қарастырады. Ғаламдану саясаты мен стратегаясын халықаралық қаржы және сауда ұйымдары — ХВҚ, ДСҰ, Дүниежүзілік банк, қуатты трансұлттық корпорациялар жүзеге асырады, олардың әлемдік экономикалық үдерістегі рөлі үнемі өсіп отыр.
1995 жылы қайта құрылған Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) қазіргі таңда 135 астам елді біріктіреді. Бұл ұйым кедендік тарифтерді төмендету мақсатыңда 1947 жылы құрылған. Нәтижесінде, тарифтік тосқауылдар қазіргі уақытта 40%-дан 5%-ға дейін төмендеді. Содан кейін келісім дамудың сапалы жаңа деңгейіне өтіп, ДСҰ болып қайта құрылады. Оның мақсаты — кедендік тосқауылдарды жою және капиталдың еркін ауысымына қол жеткізу
Қазіргі уақытта Қазақстан ДСҰ-ға кіру үшін қарқынды келіссөз жүргізуде. Бірнеше жыл бұрын әлемдегі қатынастың бүкіл жүйесін түбегейлі өзгертуге талпыныс жасалынған болатын. Осы мақсатта ДСҰ және ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының) бастамасымен инвестиңиялар туралы көпжақты келісім дайындалған болатын. Осы келісімнің мәні капитал қозғалысындағы ұлттық тосқауылдарды толығымен жою болып табылады. Осы келісімге қол қойған елдер шетелдік компаниялар үшін ұлттық компаниялар секілді жұмыс жасауға (жерлерді жекешелендіруге қатысуды қоса алғанда) жағдай жасайды. Шетелдік инвесторларға жерді, табиғи ресурстар мен байлықтарды, телекоммуникаңиялық және басқа да ресурстар мен қызметтерді, валютаны сатып алуға қүқық берілген, ал егер «инвестициядан пайда табу мүмкіндігін жоғалтқан жағдайда» жоба идеясы негізінде шығын өтеледі.
Халықаралық институттың келесі бір құрылымы ретінде Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) атап өтуге болады. ХВҚ өзінің жартығасырлық тарихында белгілі ұйым болып танылды. Бұл мекеме өзінің мәртебесі мен құрылымы бойынша БҰҰ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Жарғы бойынша оның қызметі — бейбітшілікті жариялау және халықаралық қауіпсіздік. Бірақ АҚШ пен Науру бір-бір дауысқа ие болатын БҰҰ-мен салыстырғанда, ХВҚ-да кәдімгі акционерлік қоғам секілді бәрін ақша шешеді. Бұл жерде дауыс санын қордың жарғылық капиталына салған елдің жарнасы анықтайды. Сондықтан, АҚШ-тың дауысы 20%, ал «үлкен жетілік» елдерінің дауысы 45%. Осы пайыздарға қарап, ХВҚ басшылығы кімнің мүддесіне саясат жүргізетінін байқауға болады.
Егер ДСҰ ұлттық протекционистік және әлеуметтік заңдарды жайып, капитал қозғалысындағы тосқауылдарды бүзса, онда ХВҚ тәуелсіз мемлекеттердің үкіметтері мен парламенттеріне ұлттық бюджетті қалай жүмсау, мемлекеттің меншігін қалай жекешелендіру, білім мен денсаулыққа қаржыны қалай үнемдеу, кредиттік ставкаларды қалай шарықтату керектігін тікелей айта алады.
Әлемде ең ірі ТҰҚ болып «Exxon Mobil» танылған. Ол өзінің экономикалық қуаты бойынша Пәкістанды басып озғанымен Чилиден кейін тұр. Осы корпорация құрған қосымша құн 63 млрд долларды құрайды. Келесі алып «General Motors» (47-орын) капиталдандыру бойынша БАЭ Перу және Жаңа Зеландияның алдында келеді.
БҰҰ белгілеген рейтинг үлттық экономикамен салыстырғанда ТҰК-тің өсу қарқынын растайды.ТҰК-тің қолында шоғырланған билік қайта бөліне бастады. Көптеген кэсіпорындардың ТҰК-ке қосылуы және «жұтылуы» жаппай жұмыссыздықтың пайда болуына әкеліп соқтырады. Бұған мысал ретінде «Mobil» және «Excon»-ді алуға болады. Бұл компаниялар 2001 жылы 2 мың маманды, ал 2002 жылы — 16 мың адамды қысқартқан. Осы эрекетінде жаңа топ 3,8 млрд долларды «үнемдеді». Оның жетекшісі Ли Реймондтың есебі бойынша, топтың таза табысы алғашқы кезеңде 1 млрд долларға оскен, ал 2003 жылдан бастап жыл сайын 2,5 млрд долларға өсіп отырды.
Көлемінің өзгеруінен жэне басқа шаралар есебінен жоғары маржаға қол жеткізген ТҰК қоғам түрақтьшығының негізі болып табылатын шағын және орта бизнесті тұншықтырып, бәсекенің өсуін жояды. Корпорациялардың бірігуі салдарынан тұрақты қысқарту нэтижесінде қоғамның бөліну қаупі туындап отыр.
Виенна университетінде жүргізілген жэне 2001 жылы жарияланған «the effects of Mergers: An International Comparison» зерттеулерінде қосылу мен «жұтылу» үш негізгі санатқа бөлінген: рыноктық үлестің өсу есебінен үлғайған табыс, тиімділікті арттыру есебінен өскен табыс, төмендеген пайда мен тиімділік.
Бірінші сегментте — тиімділікті арттыру — шағын фирмалардың саны елеулі артса (34,7%), үшінші сегментте — рынокта биліктің өсуі — ірі компаниялар басым болады. Шығындарды төмендетіп, өндірісті жоғары деңгейге шығару үшін шағын компаниялардың шоғырлануы тәжірибеде кеңінен қолданылып отыр. Олар тұтыну бағасының үлкен мөлшерін шығара бастайды, кейде жаңа жұмыс орындарын қүрайды.
Бразилия президенті Фернандо Кардозоның, америкалық экономист Роберт Рейх пен әлемдік деңгейдегі басқа да қоғамдық және саяси қайраткерлердің, көрнекті ғалымдардың пікірінше, әлем екіге бөлінеді. Бір жағынан, алыпсатар инвестордан ерекшелігі ТҰК мемлекетте ұзақ мерзімді қызығушылыққа ие болады, яғни осының нәтижесінде олар әлемдік экономикалық климатқа жағымды ықпал етеді. Әлемдік экономика әзірге жеке ұлттық шаруашылықтардың жүйесі ретінде аз ғана бастапқы ауытқулардың өзінде картон үйлер секілді бұзылуға бейім келеді, осының әсерінен ауқымды кері салдар орын алуы мүмкін. Қаржы рыногының сарапшылары айтып жүрген тұрақсыздық туралы жүйені ірі ТҰК нығайта түсті. Осындай жағдайлар барысында элемде ғаламдық мәселеге әкеліп соқтыратын тағы да бір мәселе туындауы мүмкін.
Мұндай кезде экологиялық құрамдастардың рөлі тұрақты түрде артуы, ал дамудың экономикалық және ұйымдастырушылық механизмдері экологиялық компонентті де қамтуы тиіс. Шаруашылық қызметтерді басқару ең алдымен, экологияға бағытталып дамуға негізделген өндірісте жүзеге асырылуы керек.
Экологиялық менеджмент қызметтердің әр түрлі салаларын қамтиды және экологиялық кәсіпкерлік секторында стратегиялық менеджментке, ал жалпы әкімшілік басқарудың бөлігі ретінде тактикалық менеджментке бөлінеді.
Қазіргі уақытта; экономиканы жалпы реформалау, макроталдау эдістерін дамыіу және үлттық есептер жүйесін ендіру әсерінен ұлттық есептер жүйелерінде (ҰЕЖ) табиғат ресурстарының әлеуметтік-экономикалық бағасын көрсету қажеттігі пайда болады. Осы жағдайда, табиғи-ресурстық және экологиялық факторларды ескеретін ұлттық есептер жүйесі шеңберіндегі макростатистикалық есептер барысында стратегиялық ағымдар мен ұлттық шаруашылық пропорцияларды анықтау міндеті туындауда.
Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.