Табиғи орта қышқылдануына байланысты өзекті экологиялық мәселелердің бірі — қышқыл жауындар. Қышқыл жауын өндіріс орындарынан шығарылып, атмосфера ылғалымен қосылып, қышқыл түзетін күкірт диоксиді мен азот оксидінен тұрады. Нәтижесінде жаңбыр немесе қар қышқылданады (рН мәні 5,6 төмен). 1981 жылы тамызда Баварияда (ГФР) қышқылдығы рН 3,5 тең жаңбыр жауды. Батыс Еуропада тіркелген жауынның ең төмен қышқылдығы — рН 2,3-ке тең.
Ауаны негізгі антропогендік ластаушы — атмосфералық ылғалды қышқылдаушы екі қалдықтың (802 мен N0) әлемдік мөлшері 255 млн тоннадан жоғары. Ауқымды табиғи кеңістік қышқылданып барлық экожүйеге теріс әсер етеді. Ластаушылар мөлшері тіпті адамға қауіпті дәрежеден төмен болғанның өзінде табиғи экожүйе үшін өте қауіпті. Экономиканы индустрияландыру нәтижесінің салдары — балықтарынан айырылған өзендер мен көлдер, жойылған ормандар.
Шын мәнінде қышқыл жауын емес, оның әсерінен туындайтын үдерістер қауіпті. Қышқыл жауын әсерінен топырақта улы ауыр және жеңіл металдар — қорғасын, кадмий, алюминий және т.б. жинақталады. Нәтижесінде олар түзген улы қосылыстар өсімдік немесе топырақ организмдері қоректенетін жағымсыз заттар туындатады. Мысалы, қышқылданған суда алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л артуы балықтардың өліміне әкеледі. Фито-планктондар дамуы бірден қысқарады, өйткені бұл үдерісті тездететін фосфат алюминиймен қосылып сіңірілмейтін затқа айналады. Алюминий ағаштың өсуін тоқтатады. Ауыр металдардың (кадмий, қорғасын және т. б.) улылығы артады.
Еуропалық 25 елдің 50 млн га орманы күрделі ластаушы зат қоспалары — қышқыл жаңбыр, озон, улы металл және басқалардың зардабын шегуде. Мысалы, Баварияның таулы қылқанды ормандары жойылып, Карелия, Сібір жэне басқа да аймақтардың ормандары бүлінуде.
Қышқыл жаңбыр әсері ормандардың табиғи ластаушыларға төзімділігін төмендетіп, жерді құрғақшылыққа, табиғи экожүйенің одан да азғындауына әкелді.
Қышқыл жауынның табиғи экожүйеге әсерінің айқын мысалы — көлдердің қышқылдануы. Әсіресе бұл үдеріс Канада, Швеция, Норвегия және Финляндияның оңтүстігінде орын алуда. Күкірт қалдықтары өндірісі дамыған АҚШ, Германия және Ұлыбритания елдерінің территориясына жауын түрінде түседі. Бұл елдердегі көлдердің түбін гранит жапқан, сондықтан қышқыл жауынды бейтараптандыру қабілеті жоқ, егер олардың түбін известняк (СаСОэ) жапқан болса, негіздік орта қышқылдануға кедергі болар еді. АҚШ-тың солтүстігінде көптеген көлдер қатты қышқылданған.
Көлдердің қышқылдануы тек әр түрлі балықтарға ғана емес (соның ішінде қайыз балық қатары), сонымен қатар планктон, көптеген су өсімдіктері мен онда өмір сүрушілердің жойылуына әкелуде. Көлдерде тіршілік жойылуда.
Ең маңызды (жаһандық) проблеманың бірі — атмосферада әр түрлі ластаушы заттардың алысқа тасымалдануы. Бірінші алысқа тасымалдану проблемасы радиоактивтік заттардың алыс қашықтыққа таралуымен байланысты туындады.
Бірінші кезекте күкірттің қос тотығы және оның өзгеру өнімдері, сол сияқты ауыр металдар (әсіресе, сынап), пестицидтер мен радиоактивтік заттар сияқты улылығы жоғары, алысқа тарайтын заттарға көңіл аудару керек.
Күкірттің қос тотығы мен азот тотығының жуылуы күкірт қышқылы мен азот қышқылының түзілуіне және қышқыл жауынның түсуіне әкеледі. Бұл үлкен территорияда табиғи ортаның жалпы қышқылдануына және елеулі экологиялық өзгеріске әкеледі, Түзілген қышқылдар мен оның өзгеріс өнімдері жауын-шашынның, жерүсті суларында, топырақ құрамында болады және экожүйеге тері әсер береді. Бұдан басқа қышқылдардың бүлінушілік әсеріне әр түрлі конструкциялар, ғимараттар, өте сирек кездесетін ескерткіштер үшырайды. Ең бастысы, бұл заттар адам денсаулығына да әсер етеді.
Қазіргі уақытта күкірттің әлемдік антропогендік тасталымы жылына 150 млн тоннадан асады. Түтін газдарынан бөлінген күкірттің қос тотығын аулау мен отынды алдын ала күкірттен босату құнының жоғарылығын ескерсек те, көмірді энергия алу үшін кеңінен қолдану күкірт тасталымының өсуіне әкеледі. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкада, антропогендік күкірттің жауын-шашынмен түскен мөлшері едәуір артты. Жер бетіне түскен қышқыл мен сульфаттар топырақтың құрамына әсер етеді (оның қышқылдануына әкеледі), өсімдіктерді зақымдайды; суаттарға түскен қышқыл мен сульфаттар жерүсті суларының қышқылдығын едәуір арттырады.
Адам ағзасында бірінші жағымсыз реакция ауада сульфаттар концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газдың концентрациясы 50 мкг/м3 болғанда пайда болады. Бұл қосылыстарға өсімдіктер аса сезімтал — кейбір қынаның түрлерінде күкірт қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқанжапырақты тұқымдастарда — концентрация ШМК небәрі 3-4 есе жоғары болғанда құрып кетеді; тұщы суаттардағы судың қышқылдығы рН < 5,5 болғанда (табиғи сулар үшін фондық мэні 5,6 жақын) балықтардың көбеюі төмендейді және рН ^ 4,5 толығымен тоқтайды.
Жылу энергетикасын техникалық прогрестің ең негізгісі, халық шаруашылығының даму қарқынын жылдамдататын басты қозғаушы күш деп әділ атайды жэне бүл саланы қоршаған ортаға әсер ету масштабы бойынша бірінші орынға қою да негізсіз емес.
Пайдаланған отын түріне байланысты жылу электр станцияларының қоршаған ортаға әсері де едәуір өзгереді. Жылу электр станцияларының оттығында органикалық ресурстардың үш тобы жағылады — қатты (көмір және жанғыш тақтатастар), сұйық (мазут, дизель майы) және газ тәріздес отын.
Жылу электр станцияларында қатты отынды жаққанда атмосфераға жанып бітпеген отынның бөлшектерімен үшқан күл, күкіртті және күкірт ангидридтері, азот оксидтері, фторлы қосылыстардың біраз мөлшері, сол сияқты отынның толық жанбаған газ тәріздес өнімдері түседі. Отынның сұйық түрлерін жаққанда түтін газдарымен атмосфералық ауаға күкіртті және күкірт ангидридтері, азот тотықтары, толық жанбаған отынның газ тәріздес және қатты өнімдері, ванадий қосылыстары, натрий тұздары, сол сияқты қазанды тазалағанда бөлінетін қақтар түседі.
Күкіртті ангидридтерден атмосфераны қорғау ең алдымен оларды ауа бассейнінің жоғарғы қабатына таратып жіберу жолымен жүргізіледі. Бұл үдеріс жылу электр станцияларының 180, 250 және тіпті 370 метрлік түтін трубаларының көмегімен іске асады. Жылу электр станцияларында күкіртті отынды жаққанға дейін бөліп алу күкіртті ангидридтердің тасталымын қысқартудың ең тиімді тәсілі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., — Алматы: Өнеркәсіп экологиясы, 2011. -262 бет.