Егер «мәдениет» сөзінің өзі туралы айтатын болсақ, ол негізінде латынның colere деген сөзінен бастау алады, ертедегі Римде «тыңайтқыш», «өсіру», «қолдаушы болу», «бас ию», «құрметтеу» сияқты мағыналардың жиынтық ұғымдарын бейнеледі. Әдетте оны белгілі бір сапалық мағынада қолданған. «Тыңайтқыштар арқылы өңдеу» сияқты ұғымдарды мәдениеттің нәтижесі ретінде қарастырған, осыдан «агромәдениет» ұғымы шықты.
Алғаш рет әдебиетте «мәдениет» ұғымы Римнің атақты философы, шешені Марк Туллий Цицерон (б.д.д.16-43жж.) «Тускулан кеңесі» атты еңбегінде бұл сөзді «руханилық» мағынасында қолданды. Антикалық полисте азаматтарды дайындау, ессіз баладан, ер адамдық деңгейдегі қалыптасу жағдайларын сипаттады. Олар бұл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі.
Гректердін «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, екіншісі білімді, білімділікті, ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше азамат етіп айқындалған құндылықта қалыптастыруды негізгі деп санады. Яғни білім алу барысы тек қана нормалар мен талаптардың жиынтығын игеру емес, қайта соларды дәйекті игере отырып, қоғамдық өмірдің әралуандылығына дайындау болды.
Пайдеяның мақсаты мынада болды: адамның байыпты ойлау қабілетінал, эстетикық сезімнің әдемілігін дамыту, адамның іс-әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қалыптастыруға жол ашу. Бұл жағдайда көне антикалық адам өзінің табиғатпен біртұтас екендігін жоғалтқан жоқ. Табиғат өзінің қанатының астына құдайлар мен адамдарды ала отырып, ғаламның айрылмас негізгі бөлігі болып қала береді. Тәуелсіз, байырғы антик адамы өзінің күш-қуаты мен ақыл-ойының арқасында табиғатпен етене жаңасып кету қабілетін мақтан етті. Табиғаттың жалпы өзгеру тәртібін бақылай отырып, өзінің ақыл-ойын молайтты. Полис, байырғы гректің бостандығы мен әлеуметтік қорғанысының және оның атаққұмарлық мақсатының кепілі болғандықтан, ол өзін сот процестерінде, жоғарғы халық мәжілістерінде онтологиялық кауіпсіздікте сезінді. Тұрақтылық пен тәртіптің кепілі болып, заңдар емес қайта санасына сіңіп кеткен рационалдық, мәңгілік, өміршеңдік сияқты ұғымдардың жаратылысына бітуі, олай болса құдайдың өзі орнатқан реттілік.
Ал, Эллинизм дәуірінде, ежелгі антикалық полистің өзінің бастапқы дербестігінен айырыла бастауына байланысты қоғам азаматтарға мұқтаждығын доғартты: қала шексіз империяның қол астына енді, адамдардан шешім қабылдауда полистік сабырлылықты, батылдықты талап етпей, тек қана белгісіз өмір сүру қабілеттігімен сақтануды, әлеуметтік тұрақсыздық пен бақылаусыз саяси өзгерістерді «атараксия» (рух сабырлылығы) арқылы қол жеткізуді мақұлдады.
Білімділік пен танымның ролі төмендеді де, греция білімділігінің түйіні болған рационалдық білім мен адамдарды белгілі бір үлгімен қалыптастыру жүйе ретінде қажет болмай қалды. Егер грек ертеректерде, иррационалдылықка, жаратушыға сенуге менмендікпен күле қараса, енді олардың жанын жаулап ала бастады.
Жалпы «пайдейя» термині сөйлесу тілінде нықталып қалмады және Грецияны латындықтар жаулап алуынан кейін басқа да көптеген терминдер сияқты қолданыс айналымынан бірте-бірте жоқ болып кетті. Бірақ бұл тұжырым дәл осы «мәдениет ойына» жатпайды, өйткені ол ой «пайдейя» терминінен жүз жылдықтардан көп ертерек пайда болған. Олар табиғат әлемімен қатар, адам қолдары арқылы ерікпен және ақылмен жасалған әлем бар екендігі туралы айтқан философтардың алғашқылары болды.
Софисттер «мәдениет» терминін қолданбаса да бұл екі әлемнің сапалы айырмашылықтары туралы, олардың өзара әрекеттестігі туралы, адамдардың өздері жасаған әлемнің қалыптасу, даму ерекшеліктері туралы ойлауға кедергі жасаған жоқ.
Софисттер «Мәдениет идеясын» негіздеуді бізге Платонның баяндауында жеткен Прометей және Эпиметей туралы аныздардың арқасында жасады. Ол аңыз былайша баяндалған: Зевс өзінің құдайлармен бірге жаратқан тірі мақлұқтарды еркіне жіберудің алдыңда ағайынды Прометей мен Эпиметейге — оларға әртүрлі қабілеттіліктерді үлестіріп беруді тапсырады. Эпиметей — грек тіліндегі аудармасындағы «артқы ақылмен мықты» мағынасы өзін әбден ақтады. Ол барлық жыланшаяндарға аңдар мен құстарға тірі қалуға мүмкіндік беретін өз беттерімен көбеюді, қуғыннан кету және т.б. қабілеттіліктерді үлестіріп беріп, ал адам туралы ұмытты.
«Адам тыржалаңаш және аяқ киімсіз, жататын орны жоқ және қорғаныссыз» қалды, бұны көрген Прометей, ағасының жіберген қателіктерін түзету үшін, өлмейтін құдайлардан отты ұрлап алып, оны адамдарға тапсырды. Адам енді әртүрлі заттарды жасауды үйренді, дәнді жетілдіруде іскерлік тапты, үйлер және қамалдар салуды қолынан келтірді, жараны емдеуді, музыка шығаруды игерді. Бірақ, Прометейдің үйреткені адамдарды жыртқыш аңдардан қорғай алмады. Сондықтан адамдар қауіпсіздік мақсаттарында қалаларда қоныстана бастады, алайда «олар бірлесіп өмір сүруді қолдарынан келтіре алмады» және кез-келген нәрсе үшін, сылтаусыз бірін-бірі өлтіре бастады. Мұны көрген ұлы Зевс адамдарға Заң және ұят туралы түсінік беру үшін Герместі жіберді. Тек қана осыдан кейін, жерде бірін-бірі қолдау арқылы қанағат етерліктей өмір сүруге мүмкіндік болды. Дәл осылайша құдайлардың тікелей қатысуымен жасалған адамдардың әлемі пайда болды.
Жалпы, софистер үшін мәдениет өзінің шығар көзінде қасиетті, сондықтан оны сақтау әрбір ойлы ақылды (разум) адамның борышы; адамдар әлемінің заңы субъективті болса, табиғат әлемінің заңы объективті; адамдар әлемінің өмір сүруі тәрбие идеясына байланысты; адамдар әлемінің дамуының негізін (Демокрит) қажеттілік пен пайдалануға жарамдылық құрайды т. б.