Біздің мәдениет туралы білімдеріміз көптеген қайнар көздермен байланысты қалыптасады. Күнделікті өмірде мәдениет құбылыстары және көптеген объектілері жеке адамға өзінен-өзі таныс, түсінікті сияқты. Бірақ бұл, кез келген әрбір адам мәдениет құбылыстарын және олардың мағынасын, ондағы құндылықтарды соншалықты терең деңгейде біле алады деген сөз емес. Адам кәдімгі күнделікті сана түрғысында қала отырып көшпілік жағдайда, айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды үстүрт қабылдайды. Ал, мәдениет құбылыстары жайлы нағыз білім, олардың шығу себебі, қайнар көздері, мүмкін болған нәтижелері дәлелденген жағдайда қалыптасады. Мәдениеттану осы сұрақтарды зерттеумен шұғылданады
Жалпы, мәдениетті талдау тек ғана XIX ғасырдың орта шенінен басталды, болмысты философиялық тұрғыдан ұғынудың ең қажетті құрамдас бөлігі ретінде болды. Мәдениетті зерттеудің бұлай кейіндетілуіне бір жағынан ғасырлар бойы келе жатқан діни сананың ықпалы әсер етсе, екінші жағынан мәдениетті философиялық тұрғыдан ұғу, оны белгілі бір біртүтастық тұрғысынан қарағанда ғана мүмкін болды. Дәл осы дәуірде «екінші табиғат» әлемін жасайтын адамның біртұтастықты сезінуі өзіне негізгі дәлелдер тапты.
XX ғасырда мәдениеттану философия мәдениетімен тығыз байланыста бола отырып жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Мәдениет теориясының мәселелері шамамен осы уақыттары көрінді. Жалпы мәдениеттанудың күні бүгінге дейін талқылап келе жатқан объектісі: мәдениет пен өркениеттер арақатынасы, мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің орнын басушылығы және сұхбаты, мәдениет құрылымдары және функциялары. Жалпы ғалымдардың шығармашылығында философия мен мәдениеттану мәселелері бірімен бірі араласып, иінтіресіп, өріліп, тығыз байланыста болады.
Алайда мәдениеттануды мәдениет туралы ғылым ретінде айқындау өте абстракцияландырып жібереді. Ол тек қана мәдениетті зерттеудің объектісі екендігін көрсетеді, бірақ тап осы объектінің ерекше өзгешеліктерін айқындамайды. Мәдениеттануды ғылым ретінде айқындау үшін ең алғаш оның зерттеу объектісі мен пәнін анықтап алу керек. Кез келген ғылымда зерттеу объектісі ретінде нақты ақиқаттың айқын бір бөлігі әрқашан алға шығады. Яғни, кейбір құбылыстың пайда болуына байланысты, соған сәйкес ғылым пайда болады.
Негізінен мәдениеттану жинақталған идеяларды, көптеген деректерге негізделген жадығаттарды кбмплексті түрде пайдаға асырады. Кей жағдайда мәдениеттану басқа ғылыми білімдерді тікелей пайдаланып қана қоймай, оларды мәдениет туралы біртұтас ғылымның жүйесіне түрлендіріп енгізеді. Нәтижесінде адамдар өздерінің әралуан мәдени ортада өмір сүруі үшін мәдениеттану арқылы өздері туралы білімнің ерекше түрін табады. Мұның өзі, өзге мәдениеттің өмір сүру әлеміне енуге, олармен сұхбаттасу арқылы өз мәдениетін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Оның ең бір амалтәсілі мәдениеттанудағы түсіндіру мен түсінудің бірлігі. Рационалды ұғыну жолы арқылы түсіне алатын, өзінің ішкі логикасы, өзіндік мәні бар әрбір мәдениет жүйелі мағыналар тұрғысында қаралады. Белгілі бір құбылыстарда мәнді мағына, не адамдардың шығармашылық рухын жүзеге асыру орын алған жағдайда мәдениеттану кез келген пәнді, обьектіні зерттей алады.
Қазіргі уақытта, мәдениетгану білімнің ерекше түрі екендігін көрсететін жәйіттер аз емес. Оған әлемдегі техникальщ, әлеуметтік орасан зор өзгерістерді алуға болады. Бұл құбылыстардьщ адам болмысына деген ықпалы қандай және олар адам өміріне қандай өзгерістер әкелуі мүмкін? Әлеуметтік өзгерістер мен мәдениет, мәдениет пен табиғаттың ара қатынасы қандай болмақ? XXI ғасыр шынымен жалпыға бірдей қолайсыздыққа ұшырататын «өркениеттердің қағысулары» апокалипсистік насырға ұшыратады ма, немесе көз жетерлік тарихи болашақта өркениетілік әлемдерінің бейбітшіл қатар өмір сүруі аман сақталады ма? П. Сорокин айтқандай, қазір сенсативтік мәдениеттің идеациональдық мәдениет үлгісімен ауысуы өтуде ме, жақьш аралықта біз сезімдік бастамалары басым тобырлық мәдениеттің шексіз билігіне душар боламыз ба? Жалпы, адам туралы, тарих туралы, ғарыш туралы дәстүрлі түсініктер қазіргі болмысымызда жік-жікке бөлінуде. Олар негізінен әртүрлі діни, мәдени, философиялық образдар немесе гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына негізделген әлемнің жаңа конпепцияларының нұсқаларынан туындап отыр. Олардың жан-жақты түсінілуі, танылуы, жеке ғылым, діни сенім, философия не басқа да гуманитарлық білімдер негізінде мүмкін емес. Мұндай концепциялар алдағы уақытта мәдениеттануцың ерекше білімдер түрлері арқылы өзге мәнге ие болып, мәдениеттанудың жеке салаларының біріне айналуы мүмкін.
Мәдениетті анықтау әрқашан да концептуалды, өйткені оның өзі нақты әлемді тану бағытына меңзейді; оның ең маңызды өзегі болып адам, ізгілік, әсемдік, сенім, ақикат сияқты категориялар саналады; ол, адамдардың әлеуметтік өміріне байланысты адамның мәнін, болмыс жүйесіндегі орнын ұғу сияқты бақилық сұрақтардың жорамалдарын ұстанады.
Бұл жағдайда мәдениеттану ғылымының пәні нақты обьект емес, оны нақты қүбылыстардан тысқары, рухани мәдениеттің сыңарлас жақтарының (мифтік, діни, философиялық, ғылыми, өнер т.б.) сұрыпталған ақпараттарынан туындайтын ерекше жүйеленген білім деп қарастырған жөн, егер мәдениеттануды осы тұрғыда айқындайтын болсақ, оның басқа гуманитарлық ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекше білімдер жүйесі екендігін көреміз.
Мәдениеттанудың дамуының нәтижесінде, мәдениет туралы философиялық білім қабатымен қатар ғылыми білім қабаты бар екендігіне көз жеткізетін деректер пайда болды. Яғни, табиғат туралы, мәдениеттің генезисі, функциясы, мәдениеттің әр түрлерінің ерекшеліктері туралы, мәдениет элементтерінін өзара байланыстары туралы мәліметтерді жинақтау философиялық рефлексияның арқасында ғана емес, сонымен қатар, табиғат зерттеушілері және қоғамтанушылар кеңінен қолданылатын жаратылыстану ғылыми әдістерінің арқасын-да да жүргізілді. Осы тұрғыдағы мәселелер мәдениеттанудың заңды тұрғыдағы ең қомақты бөлігі болып, қазіргі мәдениеттану оқулық-тарында, «мәдениет теориясы» делініп қабылдануда.
«Мәдениеттану» пәнінің орны, мақсаты және нысанасы адам мәдениетінің мәнін тану қажеттілігімен, яғни тарихи-мәдени тәжірибені игерумен және мәдениеттің даму болашағын болжаумен байланысты. Ондай зерттеулердің негізгі мақсатына өндіріс тәсілдерін талдау және айқындау, тарату және қүндылықтарда, өлшемдерде, институттарда, тәжірибелерде көрінетін мәдениеттің мағыналарын меңгеру болып саналады; мәдениеттің артефактілерін оқып білу; әлеуметтік тұрмыс тәсілдерін және әртүрлі мәдениеттілі түрлердің өзара әрекеттестіктерін, тәжірибелердің астарын зерттеу жатады.
«Мәдениет» ұғымының этимологиялық аспектісін түсініп және мәдениет феноменінің анықтамаларының көптігін анықтау арқылы нақты қолдану аспектісін таба аламыз. Сонымен қатар, мәдениетті зерттеудің әдістемелік тұрғыларына: оның категорияларының әдістемелік мағынасы, мәдениетті талдау әдістері (морфологиялық, өркениеттілік-типологиялық, салыстырмалы-тарихилық, құрылымды-функиионалдық, семиотикалық және т.б.) жатады.
Жалпы, мәдениеттанудың пәнін оқулықтарда көрсетілгендей төрт топқа бөліп қараған дұрыс. Мәдениеттанудың зерттеу объектісі-мәдениет, бірегей көп қырлы құбылыс. Сол себептен оның пәнінің де бірнеше топқа бөлінуі занды және де онсыз оқулық көлемінде де белгілі бір жүйеге келтіру мүмкін емес. Оның бірінші тобына табиғат туралы, мәдениеттің генезисі, мәдениет құрылымдары және функциясы, дамуы заңдылықтары, мәдениеттің әр түрлерінің ерекшеліктері туралы, мәдениет элементтерінің өзара байланыстары туралы білімдер жатады. Мәдениеттану мәдениеттің шығу тегін, даму кодын, мәдениет мұрагерлігінің тәсілін, тұрақтылығын ашады. Яғни, мәдениеттің сақталуы, жаңаруы, өзгеруі және мәдениеттанудың әр-түрлі концепцияларын қарастырады. Олар мәдениеттанудың ең қомақты бөлігі болып, оқулықтарда, «мәдениет теориясы» делініп жүр.
Мәдениеттану пәнінің екінші тобына мәдени өмір сүру аспектісі арқылы қарастырылатын бүкіл әлем жатады да, негізгі мазмұны болып адамның өзін және табиғатқа қатынасын ізгілендіру саналады. Мәдениеттанудағы «Әлем» адамзат айқындаған әрі жасаған болмыс ретінде қарастырылады және дәл осындай ғана болмыс мәдениет деп аталынады. Талқыланып жүрген мәселелер кешені, әсіресе мәдениет пен өркениеттер арақатынасы, мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің орнын басушылығы, диалогі, олардың тәжірибе тұрғысындағы көрінісі, мәдениеттің гүлдеу дәуірінің барысы. Материалдық базистің рухани мәдениетпен байланысы, әртүрлі халықтардың мәдениетін бейнелеп түсіндіруге мүмкіндік беретін жағдайлар мен мәдени-әлеуметтіліктің даму барысы жатады.
Мәдениеттану пәнінің үшінші тобына ең алдымен мәдениеттің рухани сыңарлас жақтарының (миф, дін, өнер, философия) шығу тегі, табиғаты, мазмұны мен мәні және олардың трансформациялануының даму барысы, оларды болжау, ал болашақта басқару жатады.
Бұл мәндер көптеген адамдарды біріктіріп, сезім-ойларының негізін құрайды, іс-қарекеттерінің түрлерін туындатып, жалпы мәдениетті жасайды. Яғни, мән кез келген құбылыстар мен заттық объектілерді адамдармен байланыстырушы қызметін атқарып адам болмысының мазмұнын құрайды. Олар әрине, өз шешімдерін алдағы уақыттары табатын мәдениеттану пэнінің негізгі мәселелерінін бірі. Ал, мұндай ақпараттар тарих қимылының механизмін, адам болмысының асыл құпиясын, шығармашылық жиынтығының мәнін, жалпы мәдениет дүниесінің сырын ашуда эвристикалық құрал болып табылады.
Мәдениеттану пәнінің төртінші тобына адамдардың әлеуметтік тәжірибесін іріктеу, шоғырландыру және қарекет түрлерін қолдану жаңа ақпараттар көздерін ашу жатады. Ғасырлар бойғы жинақталған мәдениет туралы теориялық білімдердің жиынтығын жүзеге асырады.