Жіті артрит туралы мәлімет

Әдеттегідей медициналық тексерілуден өтіп жүрген адамдардың шамамен үштен бірі буындардың қатты ауруына және олардың ісінуіне шағымданады. Бұл — артриттің ең көп таралған симптомдары, алайда ақырғы диагноз қоймас бұрын басқа да ұқсас аурулардың бар-жоғын анықтап алған жөн.

[toc]

Артрит — бір немесе бірнеше буындардың ауруы (тиісінше, моноартрит немесе полиартрит). Ол қабыну сипатына ие, қимыл-қозғалысты қиындатады және буындардың ісінуімен және ауруымен қатар жүреді. Ол 200-ден астам ауруды, мысалы, әртүрлі типті жұқпалар, ревматизм, подагра және туберкулездің салдары болуы мүмкін, сондықтан диагнозды анықтау үшін күрделі медициналық тексеру жүргізу қажет.

Артриттің жіті ұстамасында диагноз қою

Артриттің жіті ұстамасында буындардың жедел жұқпасын айғақтау немесе бар-жоқтығын анықтау өте маңызды. Бактериялық жұқпалар дереу емделуді қажет етеді, өйткені бұл буындардың тез бүлінуіне ықпал етеді. Диагноз қойған жағдайда мыналар ескеріледі:
бір немесе бірнеше буындардың қабынуы;

  • қабыну үдерістерінің жайылмауы;
  • жақын арада хирургиялық операциядан өту;
  • жарақаттардың болуы;
  • аурудың бұдан бұрынғы тарихы;
  • диабеттің қатар жүруі;
  • диуретиктер (несеп жүргізетін дәрілік заттар) қабылдау
  • аурудың өткірлігі;
  • есірткілерді немесе организмнің иммунитетін төмендететін дәрілерді пайдалану;
  • гениталды немесе асқазан-ішек жұқпасы.

Артриттің ең көп таралған себептері

Диагноз қоя отырып, дәрігер жоғарыда аталған факторларды қарастыруы және жедел артриттің себебін анықтауы тиіс. Ең кең таралғандары:

Жұқпалы артрит: Буындардың Staphylococcus aureus немесе Streptococcus бактерияларынан туындаған жедел жұқпасы басқа организмдерден, мысалы, дантисте тісті жұлғаннан кейін жұғуы мүмкін.

Реактивті артрит: Егер реактивті артрит ірі, мысалы, тізенің қантамырларын зақымдаса, онда оны бактериялық жұқпа, айталық, Salmonella немесе Shigella бактерияларынан туындаған тағамдық улану өршітуі мүмкін.

Аутоиммунды ревматизмдік бұзылыстар: Бұл ауру адамның иммунды жүйесі функциясының бұзылуымен байланысты аурулар, ол өз тіндерін бөгде заттар ретінде қабылдайды және оларды зақымдай бастайды. Бұл топтағы ең ауыр аурудың бірі жүйелік қызыл жегі болып табылады. Егер емделушіде шеткергі буындар, әсіресе екі қолдың да симметриялық ұсақ саусақтарында қабыну басым болса, онда «ревматизмдік артрит» диагнозы деген болжамды жоққа шығарған жөн.

Буындардың қабынуы: Буындардың кең таралған ауруларының бірі остеоартрит болуы мүмкін. Бұл ауру ересек адамдардың шамамен 50%-ын зақымдайды және өте жіті түрде болуы мүмкін.

Тағы басқалар: Кейбір дәрілік заттар, артрит симптомдарын қоса, аллергиялық реакция туындатуы мүмкін. Артрит ұстамалары орақ-жасушалы ауру (гемоглобиноз) кезінде де орын алуы мүмкін.

Жіті артриттің метаболизмдік себептері

Адамзаттың бүкіл тарихының ішінде подагра жіті артрит ұстамаларының ең кең таралған себептері ретінде белгілі болды. Оған тән симптом табандағы үлкен башпай буынының қабынуы болып табылады. Бұдан башпай ісінеді, қызарады, сәл тиіп кетсең, қатты ауыртады. Мұндай жағдай тіндерде және буында несеп қышқылы тұздарының (ураттардың) жиналып қалуынан туындайды. Ол тұздарды организмнен шығарып, осы тіндерді тазалауға әрекет жасайтын ақ қан денешіктерінде қабынуға жауап реакция тудырады.

Подагра жер бетінде тұратын 1000 адамның шамамен екеуін зақымдайды, онымен ауыру жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Подаграға ұқсас көріністер кальций пирофосфаты дигидраты (псевдоподагра) және кальций фосфаты кристалдары жинақталғанда байқалады. Басқа метаболизмдік бұзылулар, мысалы, қалқанша безі белсенділігінің жеткіліксіздігі немесе белсенділігінің аса жоғары болуы және гипофиз белсенділігінің жоғарылауы сүйектер мен буындардың біртіндеп өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін, олар әдетте созылмалы сипатта болады. Егер емделуші буындарға қарағанда сүйектердің ауруынан көбірек зардап шексе, Паже ауруы (оетеодистрофия), остеомаляция және сал (организмде D витаминінің тапшылығы) ауруға себеп болуы мүмкін.

Диагностика

Жіті артритке не себеп болғанын анықтау үшін дәрігер науқасқа жалпы тексеру жүргізеді. Қажет болғанда әрі қарай тексеру тағайындауына болады.

Ең алдымен, дәрігер ауру тарихын толық зерттеп, аурудың орныққан жеріне және сипаты-на, зақымданған буындарының санына және симптомдардың таралу жылдамдығына көңіл бөледі, өйткені аурудың алуан түрлері, өздеріне ғана тән белгілері болады. Содан кейін толық клиникалық тексеру жүргізен жөн. Алғашқы тексеру сүйек-бұлшықет жүйесіне — мүсінге, жүріс-тұрысқа және қарапайым қимыл-қозғалыстарды жасау қабілетіне жүргізіледі — ауыратын жерлерін біледі. Содан кейін жекелеген буындарды тексеріп, мыналарды анықтайды:

  • буын деформациясы — зақымданудың екі түрі белгілі: қимылсыздық және буынның «қырсығуы». Егер бірінші тексеру барысында әдетте қозғалыссыз болса, екіншісінде июге және жазуға болады;
  • қозғалғыштық — пассивті, мұны емделуші қозғалу арқылы көрсетеді; және белсенді; мұндай жағдайда дәрігер буындардың қозғалғыштығын және сезімталдығын өзі тексереді;
  • буын эффузиясы — сипалағанда буынның өзінде сұйықтықтың жиналып қалғаны білінеді және оның айналасында қабыну үдерісі қатар жүреді;
  • ұстап көруге, жоғары температураға сезімталдық және ісіну — осының бәрі тән артрит белгілерін қолмен сипай отырып анықтауға болады.

Ақырында, аурудың өзіне тән белгілерін және симптомдарын анықтау үшін экстраартикулярлы жүйелерге (теріге, жүрекке, өкпеге және құрсақ қуысына) тексеру жүргізіледі. Ауру тарихы және жалпы тексеру дәрігердің диагноз қоюда бірқатар ревматизмдік бұзылулардың бар-жоқтығын анықтауына мүмкіндік береді. Содан кейін дәрігер диагнозды нақтылау және тиісті ем тағайындау үшін әрі қарай зертханалық зерттеуге жолдама жазып береді.

Одан арғы зертханалық тексерулер

Артритте зертханалық тексерулерге қанды талдау, буын сұйықтығын талдау және рентгеноскопия жатады.

Гематологиялық қан талдауы: Қан жасушаларының барлық түрін есептеу ақ қан денелері мөлшерінің жоғарылауы сияқты қа-быну үдерістерінің бар-жоқтығын анықтау үшін жүргізіледі. Нормадан басқа да ауытқулар спецификалық бұзылуларды — нормоцитемиялық анемияны диагностикалауға жәрдемдеседі, мысалы, ревматоидты артрит екендігін айғақтайды.

Эритроциттердің шөгу жылдамдығын (ЭШЖ) талдау қызыл қан денешіктерінің шөгу жылдамдығын көрсетеді. Егер қанда белгілі бір ақуыздар деңгейі жоғарыласа, онда ЭШЖ ұлғаяды, және бұл ревматизмдік аурулардың бар екендігін білдіруі мүмкін.

Биохимиялық қан талдауы: Емдеуді қажет ететін ревматизм сипатындағы экстраартикулярлы асқынуларды анықтау үшін бауыр және бүйрек жағдайына талдау жүргізіледі. Қанда несеп қышқылының жоғары деңгейде болуы подаграның бар екендігін көрсетуі мүмкін.

Буын сұйықтығын талдау: Буын сұйықтығындағы біршама өзгерулерді жай көзбен де анықтауға болады. Сүйықтық әдетте мөлдір, тұтқыр консистенция күйінде болады — егер ол лайлы және сулы болса, онда бұл, мысалы, белсенді синовиальды асқынудың бар екендігін айғақтайтын дәлел болуы мүмкін. Буын сұйықтығын микроскоппен қарап талдау диагноз қою үшін қажет. Қанда мононуклеарлы жасушалар мөлшерінің жоғарылауы, мысалы, остеоартриттің бар екендігінен хабар береді.

Иммунитет дерті (иммунопатология): Емделушілердің қан сарысуында ревматоидты фактор мөлшерінің жоғарылауы ревматоидты артритке тән. Ревматоидты фактор концентрациясы жоғары науқастарда ол өте агрессивті сипатта болады. Емделушілердің қан сарысуында ревматоидты фактор мөлшерінің жоғарылауы ревматоидты артритке тән. Ревматоидты фактор концентрациясы жоғары науқастарда ол өте агрессивті сипатта болады.

Компьютерлік технологиялар: Компьютерлік радиография ауру буынның немесе буын айналасындағы жүмсақ тіндердің ісінуінің немесе қатаюының және басқа да ревматизм сипатындағы аурулардың бейнесін алу үшін пайдаланылады. Ревматоидты аурулар себебінен болатын физиологиялық проблемаларды көру үшін магнитті-резонанстық бейнелер, компьютерлік томография және ультрадыбыс сирек қолданылады.

Қолданылған әдебиет: Егде жастағы денсаулық / Питер Абрахамс; орыс тілінен аударған: Ұ. Тілегенова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *