Омыртқалар туралы мәлімет

Омыртқада (сурет 11) омыртқа тесігіне тірелетін денесі мен доғасы болады. Омыртқа денесі шеткі жағынан тығыз заттың жұқа қабатымен, ал ішкі көлемі кеуекті затпен жабылған. Омыртқа доғасының негізінде жоғарғы және төменгі тіліктері болады. Екі көрші омыртқалардың бірігуінен тіліктер омыртқааралық тесік құрайды.

Омыртқалар

Омыртқалар

Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales; сурет 11, В-Д). Мойын омыртқаларының басқа омыртқалардан айырмашылығы көлденең өсінділерінде тесіктер болады. Мойын омыртқаларының денесі үлкен емес, сопақтау, көлденең бағытталған. Омыртқа тесігі үлкен, үшбұрыш пішінді. Мойын омыртқаларының көлденең өсінділері екі бөліктен: меншікті көлденең және қабырғаның рудименті ретінде қабырғалық өсінділерден тұрады. VI мойын омыртқасының қабырғалық өсіндісі жақсы дамыған, оған ұйқы артериясы тығыз жанасқан. Керек жағдайда оны қабырға өсіндісінің төмпегіне басуға болады, сондықтан ұйқы төмпешігі (tuberculum caroticum) деп аталады. Басқа мойын омыртқаларына қарағанда VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі ұзындау келеді, сондықтан шығыңқы омыртқа (vertebra prominens) деп аталады.

І мойын омыртқа (сурет 11, Г) (atlas) — ауыз омыртқаның денесі болмайды. Екі бүйір заттары алдыңғы және артқы доғалармен (arcus anterior et posterior) біріккен. Латералді жағының жоғарысында жоғарғы буындық беттері (бассүйекпен мүшелену үшін), ал төмеңгі жағында төменгі буындық беттері (II мойьш омыртқасымен мүшелену үшін) орналасқан. Алдыңғы доғасының сыртқы бетінде төмпешік (tuberculum anterius), ал ішкі бетінде II мойын омыртқасының тісшесімен мүшеленуге арналған шұңқыр (fovea dentis) көрінеді.

II мойын омыртқасы (сурет 11, Д) біліктік (axis; 20 сурет), денесінде массивті өсінді тісі (dens axis) болады. Tic бірінші мойын омыртқасының денесінің бөлігі болып табыла отырып, білік қызметін атқарады. Ол арқылы атлантпен бірге бастың қозғалысы жүзеге асады. Тістің бүйірлерінде II мойын омыртқасының жоғарғы беттерінде буындық беттері атлант бірігіп орналасқан.

Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracicae; сурет 11, А). Олардың ерекшеліктері денесінің бүйір беттерінде қабырғалардың бастары жалғану үшін қабырғалық шұңқырлар (foveae costales) болады. I кеуде омыртқасында жоғарыдан толық шұңқыр, ал төмеші жиегінде жартылай шұңқыр, ІІ-ІХ қабырғалары үшін тек жоғарыдан және төменнен жартылай шұңқырлар, X- жоғарғы жартылай шұңқыр, ал XI мен XII бір-бірден толық шұңқыр болады. Қабырғалық шұңқырлар көлденең өсінділерінде болады. Кеуде омыртқаларының денесі үшбұрыш пішінді, омыртқа тесігі дөңгелек.

Бел омыртқалары (vertebrae lumbales; сурет 11, Б) массивті, денелері үлкен болады. Омыртқа тесіктері үлкен емес сопақша пішінді қылқанды өсінділері артқа қарай тура бағытталған, буындық өсінділері сагитталді орналасқан. Көлденең өсінді өзінің көп бөлігінде нағыз көлденең өсіндімен барынша қосылып, бір бөлігі кішкене өсінді түрінде қосымша деп дұрыс аталмайтын (accessorius — қосымша) рудименттік қабырға болып келеді. Біліктік өсінділері горизонталь орналасқан, диагностикалық мақсатта оның аралығынан жұлын-ми сұйықтығы алынатындықтан маңызды болып келеді. Мойын омыртқасы сияқты бел омыртқалары фронталді білік айналасымен қозғалады.

Сегізкөз (os sacrum; суреттер 12 А, Б). 17-25 жасқа келгенде 5 сегізкөз омыртқалары үшбұрыш пішінді бір сүйекке бірігіп өседі: жоғарғы жағына оның негізі (basis ossis sacri), ал төменгі жағына ұшы (apex ossis sacri) қараған. Әйелдерде сегізкөз қысқа, жалпақ және тегіс болып келеді. Бұл жамбастың ішкі бетінің тегіс болуына септігін тигізеді және туу кезінде нәрестенің жақсы өтуі үшін керек. Еркектердің сегізкөзі тарлау, ұзын және кіші жамбас қуысы жағына қарай иілген.

Жамбас бетінде (facies pelvina) сегізкөз омыртқалары денелерінің бітіскен іздері — көлденең сызықтар (lineae transversae) көрінеді. Олардың шеттерінде алдыңғы сегізкөз тесіктері (foramina sacralia anteriora) орналасқан. Ал бүйірлеріңде латералді бөліктер (pars laterales), яғни бірігіп өскен көлденең өсінділер және сегізкөз омыртқа қабырғаларының рудименттері жатады.

Дорсалді бетінде 5 көлденең қырлары бар. Жұпсыз ортаңғысы (crista sacralis mediana) қылқанды өсінділердің бірігіп өсуінен түзілген. Латералді жағында жұп аралық қыр (crista sacralis intermedia) — буындық өсінділердің бірігіп өскен іздері жатады және сегізкөз жиегімен жұп латералді қыр (crista sacralis lateralis) өтеді. Ол сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділерінің бірігіп өсуінен түзілген. Артқы сегізкөз тесіктерінің (foramina sacralia posteriora) 4 жұбы жақсы көрінеді. Сегізкөз ішінен жамбасқа және аяқтарға баратын маңызды нерв сабаулары орналасатын сегізкөз өзегі (canalis sacralis) өтеді.

Құйымшақ (os coccygis; сурет 12,В) 3-5 толық жетілмеген омыртқалардан құралады. Жоғарғысындағы біріншісінде түрі өзгерген буындық өсінділері — құйымшақ мүйіздері (cornua coccygea) болады. Құйымшақ денесінен жан-жағына рудиментті көлденең өсінділер өтеді. Қалған құйымшақ омыртқалары сопақша пішінді сүйекті дене болып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *