Бүйректің тас аурулары мен екіқабаттықтың ұштасып келуінің зор ғылыми және практикалык маңызы бар. Әдебиеттердегі мағлүматтарға қарағанда, екіқабат әйелдердегі бүйректің тас ауруларының жиілігі 0,1-0,12% болады.
Кейбір авторлар бүйректің тас аурулары кезіндегі екікабаттықты қостамайды, олар екіқабаттықпен қатар жүретін алмасу процестерінің бұзылуы, несеп жолдарының толуы және оларға инфекция енуі конкременттердің пайда болуына себепші болады, тастың өсуін тездетіп, оны маржан тәрізді затқа айналдырады, ал инфекцияның қосылуы бүйрек паренхимасын бұзады, бүйрек ткані созылмалы қабыну процесіне және атрофияға ұшырайды деп есептейді.
Жатырдың үлкеюі астауша мен несепағардың тонусын кемітіп, несептің жиналып қалуына және пиелонефриттің асқынуына себепші болатыны даусыз құбылыс. Басқа зерттеушілер бүйректің тас аурулары кезіндегі екіқабаттықты мүмкін жағдай деп есептейді. Екіқабаттық кезінде несептің коллоидтық активтігі азаяды, бұл бүйректің тас ауруларының дамуына жол бермейді. Екікабаттық денеде бар тасты табуға жағдай жасайды. Екіқабат әйел организмі іштегі нәрестенің қоятын жоғары талаптарына бейімделеді.
Екіқабаттық кезіндегі бүйректің тас ауруларының клиникалық көрінісі алуан түрлі болуы мүмкін. Әдеттегі белгілермен (бүйрек шаншуы, гематурия, конкременттің шығуы, дизурия) қатар, екіқабат әйелдердің 30%-інде бүйректіц шаншуы әдеттен тыс өтеді — іштің қатты ауруы басым болады (дисперсия, Щеткин-Блюмберг белгісі, температураның көтерілуі, формуласы солға карай жылжыған лейкоцитоз, дизурияның жоқтығы, міндетті несеп анализі).
Диагностика — бүйректі басып көру, несеп-жыныс жүйесі мүшелеріне УЗИ жүргізу, қынапты тексеруде лабораториялық анализ жасаумен қатар, несепағардың интрамуралды бөлімінде орналасқан тастарды сипап білу қиын емес.
Емдік-диагностикалық мақсатта цистоскопия, хромоцистоскопия жүргізу, несепағарға катетер енгізудің ерекше зор маңызы бар.
Жеке кәрсетулер бойынша ғана тексеру рентгенурологиялық зерттеу әдісімен- жалпы, экскреторлық урографиямен аяқталады.
Емдеу. Бүйректің тас ауруымен ауыратын барлық екіқабат әйелдерге кешенді емдеу жүргізеді, ол жалпы нығайтатын терапия мен дәрі— дәрмектік емдеуден тұрады. Тиімді терапия мен диета қалыпты зат алмасуының қалпына келуіне жәрдемдеседі. Уратты тастар болғанда несеп қышқылының түзілуіне себепші болатын өнімдерді (ми, бүйрек, бауыр, ет сорпасы) пайдалануды шектейді. Фосфатурия мен фосфат тастары жағдайында сүт, көкөніс, жемістерді шектейді. Оксалатты тастарда картопты, сәбізді, сүтті азайтады. Бірақ бұл ұрықтың құрсақ ішіндегі гипотрофиясына әкеп соқтыруы мүмкін, сондықтан осыған пара-пар терапияны қатар жүргізу қажет. Бүйрек шаншуы кезінде жылу процедураларын қолдану тиімсіз, мұнда анальгетиктер мен спазмолитиктер қолданылуы тиіс. Бүйректің тас аурулары көрінісіндегі екіқабаттық тұсында несеп-жыныс жүйесінің қабыну ауруларын емдеу ерекше орын алады. Екіқабаттық кезінде нефролитоздын барысы пиелонефриттің шабуыл жасауымен күрделене түседі. Сондықтан бүйректегі қабыну процесін жою үшін барлық шаралар қолданылуы тиіс, ал операциясыз терапияның нәтижесі болмаған жағдайда- операция жасау керек, өйткені пиелонефритті тез жою ғана екіқабаттықты сақтауға мүмкіндік береді. Антибактериялық препараттарды (стрептомицин, канамицин, тетрациклин, гентамициннен басқасын), нитрофурандарды, нитроксалиндерді белгілеу несеп микрофлорасының антибиотикограммасын ескере отырып жүргізіледі.
Нефролитиаздан зардап шегетін әйелдердегі екіқабаттықтың барысы екі қабаттықты мерзімнен ерте тоқтатуға және мезгілінен ерте босануға бейім болатынын атап көрсету керек.
Мәселен, әдебиеттердегі мағлүматтарға қарағанда, екікабаттықтың бірінші жартысы гентозбен күрделенді- екі қабаттардың 8,9 проценті, екіқабаттықты үзу қаупі- 7,9%, мұнда 26 әйелдің үшеуінде түсік тастау болған. Екіқабаттықтың екінші жартысында- мезгілінен ерте босану қаупі 4,1 процентте байқалды, 31 әйелдің 9-ы ерте босанған. Жоғарғы несеп жолдарының бітелуін жоюға бағытталған эндоскопиялық емдеу әдістері блокада жасалған бүйректен зәрдің толық шығуын қамтамасыз етеді, бірақ уретеролитоэкстракторларды қолдану қауіпті, ол екіқабат әйелдерге қолданылмайды деуге болады.
Бүйректе іріңді қабыну процесінің дамуы екіқабат әйелдердегі не-фролитиаздың ауыр асқынуларының бірі болуы мүмкін, ол екіқабаттықтың мерзіміне қарамастан, операциялық емдеуді кешіктірмей жасау кажеттігін алға тартады. Жоғарғы несеп жолдарының бітелуі салдарынан туатын бүйрек кызметінің жеткіліксіздігі екіқабаттық кезеңдегі бүйректің тас ауруларының ең қауіпті асқынуы болып саналады. Егер катетер енгізу тиімсіз болса, онда бүйрекке операция жасау арқылы бүйрек жұмысын жақсарту керек. Операциялық емдеу тиімді мерзім екікабаттық кезеңнің 15—18-апталары болып табылады. Бұл уақытта баланың жолдасы қалыптасып үлгіреді де, еріксіз түсік тастау қаупі азаяды. Егер операцияны неғүрлым ертерек жасаса, жүктілікті сақтау мүмкіндігі арта түседі.
Екіқабаттықтың соңғы апталарында операциямен емдеуді науқастың өміріне қауіп төнетін өте сирек жағдайларда ғана жүргізеді.
Жалғыз бүйректің тасы екіқабаттықты сақтауға айтарлыктай кедергі келтіреді. Клиникалық сау жалғыз бүйрегі бар әйелдсрде екіқабаттық пен бала туудың толық мүмкіндігі бар, жалғыз бүйректің урологиялық жеткіліксіздігі кезіндегі болжам күмән туғызады, мұндай әйелдер бүкіл екіқабаттық кезенде мұқият бақылауда болып, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі белгілері артқанда оны дереу токтату керек.
Жалғыз бүйректің нефролитиазы кезінде екіқабат болу ерекше қауіпті. Мұндағы асқынулар ішінен шұғыл операция жасауды талап ететін экскреторлы анурия байқалады.