Антеградтық пиелография

Антеградтық пиелография — жоғарғы несепжолдарын зерттеудің рентгенологиялық әдісі; ол контрасттық затты бүйрек шүмекшесіне не тері арқылы пункциялау жолымен, немесе пиело-(нефро-) стомалық дренаж арқылы тікелей енгізуге негізделген. Демек, антеградтық пиелогрэфияның екі түрі бар: радтықтері арқылы пиелография және контрасттық затты пиело-(нефро-) стома бойынша енгізетінантеградтық пиелография.      Контрастықзатты шүмекшеге пиело-(нефро-) стома бойынша енгізу жолы бар антеградтық пиелография көптен бері қолданылып жүрген болса, тері арқылы пункциялау пиелографиясы біршама таяудан бері қолданылатын болды.

Тері арқылы антеградтық пиелография урологиялық зерттеудің басқа әдістері бүйректер мен жоғарғы несеп жолдарының ауруларын білуге мүмкіндік бермейтін қиыншылықты жағдайларда қолданылады. Бұл ең алдымен бүйрек функциясы бұзылуы салдарынан экскреторлық урограммада контрастық заттың бөлінуі көрінбейтін, ал ретроградтық пиелоуретрографияны жүргізу қуық сыйымдылығы аз, несепағар несеп өткізбей қалған (тас, стриктура, облитерация, ісік, перкуретрит және т.б.) жағдайлар салдарынан мүмкін болмайтын ауруларға қатысты. Тері арқылы пункциялық антеградтық пиелография негізінен зерттеудің басқа әдістері дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік бермейтін кездерде, гидронефроз, гидроуретра болғанда не осы аурулар бар деген күдікті жағдайларда қолданылады. Осындай жағдайларда тері арқылы антеградтық пиелографияны қолданып гидронефрозды біліп қана қоймай, оның себебін де (стриктура, тас, ісік)анықтауға болады. Антеградтық пиелографияны урексимографиямен ұштастыру арқылы жоғарғы несеп жолдарының моторлық функциясы туралы түсінік алуға болады, ал мұның белгілі бір пластикалық операцияның тиімділігі туралы мәселені шешуде көп мәні бар.

Кейде тек антеградтық пиелографияның арқасында ғана шүмекшедегі жаңатүзілімді немесе несепағардағы ісіктік имплантантты білу мүмкін болады.Бұдан әрі зерттеудің басқа әдістерімен несепағардың стенозының деңгейін, сондай-ақ несепағардың облитерациясының не оның стриктурасының ұзындығын дәл анықтауға болмайтын жағдайда антеградтық пиелография ұсынылады; алда тұрған қалпына келтіру операциясының түрі мен сипаты туралы мәселені шешу үшін бұл өте-мөте маңызды.

Тері арқылы антеградтық пиелография тиісінше көрсетулер кезінде өте бағалы диагностикалық әдіс болып табылады. Пиело-(нефро-) стома бойынша контрастық зат енгізуде де антеградтық пиелография ерекше бағалы. Антеградтық пиелография бүйректер мен жоғарғы несеп жолдары ауруларының рентгенодиагностикасының негізгі әдістерінің орнына жүрмей, қайта оларды толықтырады. Алайда кейбір науқастар үшін антеградтық пиелография зерттеудің ауруды дұрыс танып-білуге мүмкіндік беретін бірден-бір әдісі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *