Бүйректер мен несеп жолдарының рентгеноанатомиясы

Рентгенограммада бүйректің жоғарғы шекарасы әдетте XI кеуде омыртқасының деңгейінде, төменгі шекарасы III бел омыртқа деңгейіндеорналасады. Бүйректің жоғарғы полюсі XI қабырғага жетеді, ал төменгі полюсі мықынасты сүйегінің қырынан 3-5 см жоғарырақ орналасқан.

Сол бүйректің көлеңкесі әдетте оң жақтағысынан 1,5-2 см жоғарырақ орналасқан және XII қабырға оны қақ бөледі, ал оң бүйректің көлеңкесі болса, ХІІ қабырға оны жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасында қиып өтеді. Әрбір үшінші адамда екі бүйрек бірдей деңгейде орналасқан.

Бүйректердің ұзына бой осьтері түзген бұрыш шамамен 20-24 градусқа тең. Еркектерде бүйректердің төменгі полюстері неғұрлым латералды орналасқан, сондықтан бұрыш әйелдердегіге қарағанда үлкенірек.

Рентгенограммаларда қалыпты буйректердің көлеңкелерінің орташа өлшемдері мынадай: ұзындығы 11,5 см және ені 6-7 см. Рентгенограм­маларда қалыпты бүйректердің контурлары біркелкі және олардың көлеңкелері гомогенді.

Бүйректердің тыныс алу актісімен синхронды, белгілі бір физиологиялық жылжымалылығы бар. Тыныс алғанда болсын, сондай-ақ дене жағдайы өзгергенде болсын бүйректердің жылжу дәрежесі бір бел омыртқасы денесінің ұзындығынан аспауға тиіс. Бүйректердің көрсетілген жылжу диапазонының ұлғаюы оның патологиялық козғамалылығын көрсетеді.

Бүйрек шүмекшелері мен тостағаншалары

Қалыпты бүйрек шүмекшесінің көптеген варианттары бар. Ол көбіне үшбұрышты формада болады. Шүмекшенің жоғарғы және ішкі шекаралары дөңес, төменгісі -ойыс. Овал, шаршы, шар тәрізді формасы бар басқа шүмекше түрлері сирегірек кездеседі. Шүмекшелердің өлшемдері барынша әрқилы. Олардың өзгергіштігі зерттелуші денесінің өлшемдеріне және шүмекше типіне белгілі бір тәуелділікте болады: бүйректен тысқарғы шүмекше бүйрек ішіндегі шүмекшеден кашанда үлкен. Бүйрек шүмекшесінің сыйымдылығы 3 тен 12 мл-ге дейін ауытқиды орта есеппен 6 мл.

Бүйрек шүмекшесінің типін бағдарлап анықтау үшін рентгенограммада жоғарғы және төменгі үлкен тостағаншалардың табандары арқылы сызықжүргізу керек. Егер шүмекше осы сызықтан медиалдықтұрғыда едәуір асып тұрса, онда бүйректен тысқарғы тип деуге болады.

Үлкен және кіші бүйрек тостағаншалары бар деп саралайды. Тостағаншалардың формасы, өлшемдері мен саны едәуір әрқилы болып келеді. Рентгенологиялықтұрғыдан жоғарғы, ортаңғы және төменгі үлкен тостағаншаларды саралайды. Әрбір үлкен тостағаншада табаны — оның шүмекшемен қосылатын тұсы, мойны — тостағаншаныңұзынша түтікше түріндегі ортаңғы бөлігі және шоқтығы немесе өзінен бірне бірнеше кіші тостағанша тарайтын ұшы бар делінеді. Кіші тостағаншалардыңсаны әдетте 4 тен 20 ға дейін болады, бәрінен гөрі 6-8 тостағанша жиікездеседі. Әрбір кішітостағаншада үш бөлік ажыратылады: 1) мойын, тостағаншаның ең тар бөлігі; 2) тостағаншаның өзі; 3) күмбез (форникс) — тостағаншаның табанда конус бітімдес емізікшені қоршаптұратын бөлігі. Кіші тостағаншаның проксималдық бөлігі, күмбез және форникальдық сфинктермен қоса тиісті емізікше, сондай-ақ оларға қабысатын нерв, тамыр және лимфа жүйелері форникалдық аппарат деп аталатынды құрайды.

Пиелограммаларда осы аймакқа жіті зер салу керек болады, өйткені бірқатар патологиялық процестер: пиелонефрит, туберкулез, емізікшелік некроз, сондай-ақ ауру процесінің ерте белгілерінің бірі болуы мүмкін рефлюкстердің дамуы нақосы жерде басталады.

Тостағаншалардың формасымен және проекциясымен қатар пиелограммада үлкен және кіші тостағаншалардың қалай орналасқанына назар аудару керек. Муның өзі бүйректің ұзына бой ось төңірегіндегі ротациясының дәрежесін ұғуға мүмкіндік береді және тостағаншалар медиалдық жаққа бағытталатын аномалияларлың әр қилы түрлерін диагностикалауға жағдай жасайды.

Несепағарлар

Уротерограммада несепағар ұршық тәрізді формада болады және бірнеше шағын қылтасы көрінеді. Несепағардың бойындағы бұл қылталардың болуы қалыпты физиологиялық құбылыс. Әрбір несепағардың төрт физиологиялы ққылтасы бар: 1) шүмекше несепағарға өтер тұста; 2) мықын асты тамырлары үстінде; 3) қуык,алдындағы бөлімде; 4) интрамуралдық бөлімде.

Несепағардың қисаюлары рентгенологиялық тұрғыда кайсыбір физиологиялық күйде (екіқабат кезде, жасы ұлғайған адамдарда) байқалуы мүмкін.

Куық

Қуықтың бітімі мен мөлшерлері цистограммада барынша әрқилы болуы мүмкін, мұның өзі негізінен жыныс пен жасқа байланысты. Қалыпты қуық әдетте дөңгеленген, сопақша немесе пирамида бітімдес болып келеді. Оның төменгі шекарасы қасаға байламының жоғарғы шеті деңгейінде немесе одан біршама төмен орналасады, жоғарғы төменгі шекарасы III сегізкөз омыртқа деңгейіне жетеді.

Әдетте қуықтың қабырғаларының контурлары тегіс, жылтыр болады. Қуықтың рентгенологиялық бейнесінің түрі мен формасы көбінесе оның контраст сұйықпен толтырылуы дәрежесіне байланысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *