Қан және оны тоқтату

Қансырау көп топқа бөлінеді. Қан тамырда нағып жатса, оны анатомиялық қансырау дейміз. Бұл топқа артериялық, капиллярлық, паренхималық қансырау жатады. Артериялық қансырау  мал үшін өте қауіпті. Себебі, азын- аулақ уақыт ішінде қан тоқтату шаралары қолданылмаса, мал көп қан жоғалтып алады.Артериялық тамыр жараланғанда, қан жоғары атқылап, шашып ағады, Қанның түсі шымқай қызыл. Қансырау көп уақыт созылса , қан шашуы әлсірей бастайды. Қантамырдың қиылған өзегінің бірінен ғана ақса( орталықжағы), кейде қиылған өзгенің екі жағынан да ағуы мүмкін. Мысалы, күре тамыры жараланса, қанқиылған тамырдың екі шетінен да шапшып ағады.

Веналық қансырау. Вена қантамыры жараланса, қан шапшымай жайлап, біркелкі ағады, түсіқызыл. Қанжараланған тамырдың тек төменгі шетінен ғана ағады. Жүреке жақын, кеуде қуыстарындағы қан тамыры, жараланса қауіпті жағдай туыы мүмкін. Яғни, жараланған тамырға ауа кіріп, ауа эмболиясы атты жағдай туып, мал өлімге шалдығуы ықтимал. Сол себептен кеуде төңірегіндегі жараны тез арада матамен жауып, кеудеге ауа кіруін болдырмау керек. Веналық тамыр жараланғанда қан ағуы өз бетімен тоқтайды немесе жараланған аяқты көтерсе, қан тоқтату үшін соның өзі жеткілікті.

Капиллярлық қансырау деп ұсақ артерия мен қан тамырлардың ең жіңішке бөлімшелерінен аққан қанды айтады. Жараланған жердің тіндері қансырап тұрады, қан ұю процесі нашарламасы, қансырау өз бетімен тоқтайды. Паренхималық қансырау дегеніміз паренхималық органдар (бауыр, еөкбауыр, өкпе) жараланған жағдайда болад. Бұл капиллярлық қансырауға ұқсас, бірақ та өте қатерлі, себебі ұсақ қан тамырлардың өзегі жабылмайды. Сондықтан қан тоқтату қмиынға түседі. Қансырап тұрған бауырды операция кезінде қара ет, фасция, фабриндік пленкаларымен жауып, тығындап қан тоқтату әрекетін жасаса, өкпенің жараланған жерін тігеді, ал көк бауырды операция кезінде алып тастайды.

Анатомиялық қансыраудан басқа қансырауларды топтастырсақ, механикалық қансырау (жаралану – жарақаттану себептерңнен), тамыр қабырғаларының әр түрлі ауру себептерінен өзгеруі, қан ұю процестерінің өзгеруінен, сыртқы атмосфералық қысымның азаюы не ұлғаюы, фосфор, бензол сияқты химиялық заттармен улануы сияқты әр түрлі себептерден қансырау пайда болатынын айтқан жөн.

Сонымен қатар, дене сыртына аққан қанды сыртқы қансырау дейді, ішкі қансырау мен бірге жасырын атты және бір түрі болатынын айта кеткен артық емес. Жасырын қансыраудың сырт белгісі болмайды, қансырап тұрған тамырды болжау қиын. Ауру малдың белгілері мен қансыраған жерді анықтайды.

Уақытқа байланысты қансырауды алғашқы деп бөледі. Алғашқы қансырау мал жарақатқа, жаралануға шалынғанда басталады. Қайталап қансыраудың өзі екі түрге бөлінеді. Ол жаралағаннан кейін бірнеше сағат немесе екі тәулік ішігде пайда болады. Яғни қан түйіршіктерімен тамыр өзегі бітеліп, қан тоқтаған соң біраз уақыттан кейін қан қысымы көтерілгенде орнынан қозғалып кетіп қайталап қансырау басталады. Ертен қайтарһлап қансырау жарадағы микробтар жараны іріңдеткенше пайда болады. Ал қансыраудың кеш қайталап пайда болу себебінің бірі – жараның іріңдеуң. Ірің қан тамырының өзегін балқытып, жібергендіктен немесе тамыр ішіндегі қан түйіршіктерінен пайда болған тромб балқып қайтадан қансырау басталады. Кеш қайталап қансырау операциядан кейін бірнеше күннен кейін немесе  бірнеше жетіден кейін басталуы мүмкн. Қайталап қансыраудың себептері көп. Олардың кейбірі:

  1. Операция кезінде жараланған қан тамырының толық байланбауы;
  2. Қан қысымы күрт көтеріліп жоғарылап кетуі;
  3. Қанның ұю процесі нашарлап, химиялық қасиеті өзгеріп, витаминдер жетіспегендіктен;
  4. Жарадағы құрғап қатып қалған таңғышты қалай болса солай жұлып алу;
  5. Жара төңірегіндегі қан тамырына тромб бітеліп қалып және ол ерігенде жараның іруі-шіруі, жараға микробтың енуі, сіңуі;
  6. Жараның ішінде бөтен заттар, тас, темір, ағаш қалуы және олар қан тамырының қабырғасын жатқандықтан тесіп жіберуі.

Қанды уақытша тоқтату. Тығыз тампондау, мұрын қуысынан, қынаптан, жаралардан, тік ішектен аққан қанды тампон көмегімен тоқтату.

Қысып таңу – ірі артерия зақымданбағанда қолданылады, бас пен аяқ жаралары кезінде қан тоқтатудың осы жолы тиімді.

Қанды толық тоқтату. Қанды механикалық түрде тоқтату жиі қолданылады:

  1. Хирургиялық жараны өңдегенде операция кезінде қанталаған тамырларды бұрап лигатура салу арқылы орындалады. Қанталаған тамырға гемостатикалық қысқыш салынады, жібек жіпті хирургиялық жгутпен немесе теңіз түйінімен байлайды.
  2. Тамырды айнала орналасқан тіндермен тігеді де, жай лигатура арқылы байлайды.
  3. Тамырды өз бойында байлау. Жарада қан тоқтату мүмкіндігі болмағанда оның іріңдеуі кездерінде артериялық жарадан жоғары ең ыңғайлы жерде байқалады.
  4. Жұмсақ тіндер мен паренхиматозды ағзалардан аққан қанды қысқа мерзімге тампон басу арқылы толығымен тоқтатуға болады.
  5. Бұрау әр түрлі қан тоқтатқыш пинцеттермен басып бұрау арқылы орындалады. Бұраған кезде кейде екі кішкене қысқыш қолданылады. Біріншісін тамырға бойлай енгізеді, екіншісін тамыр ұшына, біріншісіне перпендикулярлы беткейде салады.
  6. Қанталаған тамыр ұштарына гемостаикалық қысқыштарды салғанда мүмкіндігінше айнала орналасқан тіндерді ұстамауға тырысу керек. 15-20 мин соң қан тоқтатқыш ұысұыштарды алады. Осы уақыт ішінде тромб пайда болады.
  7. Терең жаралар тамырлары қанталаған кезде қан тоқтатқыш қысқыштарды жарада 36-72 сағатқа қалдырады.
  8. Қанталаған жарада қан тоқтату үшін жараны Микулич бойынша тампондау. Жара түбі мен қабырғаларында сулық төселеді, ал қуысты тампонмен толтырады, жара шеттерін уақытша тігеді, сулықты ауыстырмай жара қабырғаларын зақымдап алудан сақтанып, қан сіңген тампондарды жаңа тампондармен ауыстыруға болады.
  9. Тамыр тігісін салу – әдеттегідей қан ағуы және тамыр біркелкілігін сақтау үшін толығынан қан тоқтатудың ең жақсы түрі болып табылады. Тамыр тігісін жіңішке ине, жіңішке жібек қолданады. Ең сенімді арнайы тамыр тіккіш аппаратын тантал бекіткіштері көмегімен қолданып салу болып табылады.

Қан тоқтатудың физикалық әдістері. Бұлшық етқиылысқан тері беткейінен қан тоқтату үшін хирургиялық диатермия электр пышағы қолданылады. Ол жоғары кернеудегі ток әсерінен тін коогуляциясын және айтарлықтай операциялық жара лаңында тамыр тромбозын тудырады. Ірі тамырларға лигатура салынады. Жоғары темп қан ақуыздарының ұюы мен тромб пайда болуын қалыптастырады. Осыған байланысты На хлоридінің  50-60 С-қа дейін жылытылған изотоникалық ерітіндісіне малынған сулықтар қолданылады. 1:1000 қатынасындағы калий перманганаты ерітіндісін де қолдануға болады.

Қан тоқтату үшін тіндердің жергілікті суынуын қолданады, ол үшін резеңке сауыттарды суық суға, қарға, мұзға толтырып қолданады. Температураның төмендеуі тамыр жиырылуымен белгіленеді, ал бұл өз кезегінде қан тоқтатуға ықпал жасайды. Суықтың тоқтамай әсер етуі 30 мин аспау керек.

Қан тоқтатудың химиялық әдістері тамыр жиырылатын препараттар мен заттарды қолдануға негізделген. Бұдан басқа 3 %-дық су тотығы, 0,1-0,2%-дық калий перманганатының ыстық 50-60С ыстық суда дайындалған ерітінділері жергілікті жерде қолданылады.

Кішігірім беткейлік жараларға ашудас ерітінділері 50 %-дық үш хлорлы және жартылай хлорлы темір ерітінділері қолданылады. Биологиялық әдістері қан ұюын жоғарылатып қанталаған тамырларға тікелей тоқтату әсерін тигізіп, ағзаға жылпы әсер етеді. Ірі малға 400-500 мл, кіші малға 40-50 мл, өзіне сәйкес келетін қанды құюды қолданады немесе жылқының сарысуын кез-келген емдік сарысуларды аздап жылытып тері астына 100-150 мл, күре тамырға 80 мл не жараға тампонға сіңіріп береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *