Бронхоэктатикалық ауру

Бронхоэктазия (бронхоэктатикалық ауру) деп бронхтардың тұрақты кеңейіп, сыртқы пішіндерінің өзгеруін (деформация) және сонымен байланысты организмде туатын патологиялық өгерістерді айтады. Бронхоэктатикалық ауруда өкпенің төменгі жағында орналасатын, жаңағы айтылган кеңіген және деформацияланған бронхтар мен бронхиололардың барлық қабаттарын қамтитын, сонымен қатар, олардың құрылысы (структурасы) мен қызметін (функциясын) бүзатын, со¬зылмалы ірінді қабыну пайда болады.

Бронхтардың кеңеюінің (бронхоэктаздар) туа біткен және жүре пайда болған түрлері болады. Туа біткен бронхоэктаздардың немесе өкпенің кистозды гипоплпзиясьшың себебі, негізінен, тыныс алу ағзаларының даму аномалиясынан болса, жүре пайда болған бронхоэктаздар әртүрлі өкпе ауруларының көпке созылуының нәтижесі.

Этиологиясы мен патогенезі. Бронхоэктатикалық аурудың дамуында орта және кіші калибрлі бронхтардың өткізгіштік қасиетінің бұзылуы және, сонымен байланысты, обтурациялық ателектаздың пайда болуы негізгі орын алады. Бронхтардың обтурациядан төмен бөліктерінде олардың кілегей қабаттары бөліп шығаратын сұйық (секрет) жинала бастайды.

Бұл аурудың даму барысында үш кезеңді (сатыны) ажыратуға болады. Бірінші кезеңде бронхтардың сәл кеңеюі білініп, ішінде сүйықтық жинала бастайды, ал эпителий қабаты айтарлықтай өзгеріске түспейді. Аурудың екінші кезіңінде (сатысында) бронхтардың кеңіген және сүйықтық жиналған бөліктеріне инфекция түсіп, іріңді қабыну белгілері туады. Оның бірнеше себептері бар. Солардың арасында бронхтардың кілегей қабаттарының қорғаушылық функциясының нашарлауы (альвеолярлық макрофаггардың әлсіреуі), авитаминоз және бронхтардың бұл бөліктердегі тіндерінің көректенуінің бұзылуы сияқты себептерді атап өту керек. Бронхтардың толық болмаса да жартылай бітелуі (обтурациялануы) оларда жиналған сұйықтың сыртқа шығуына кедергі туғызады да, ал обтурациядан жоғарғы бөлімдерден төмен қарай инфекцияның өтуіне кедергі туғызбайды, сондықтан кеңейген бронх қуыстарында іріңді қабынудың пайда болуына лайықты жағдай туады. Іріңді қабыну кеңіген бронхтардың қабырғаларының қабаттарына тарап, оны толық қамтиды. Бұл, өз кезегінде, тыртықты, яғни кері дамымайтын өзгерістер тудырады. Демек, бронхтардың жиырылу қасиеттері жоғалып, оның тазартқыш қызметі әлсірейді немесе мүлдем жоғалады.

Аурудың үшінші сатысында патологиялық өзгерістер бронхтың барлық қабаттарымен қатар олардан тыс жатқан тіндерде де анықталады. Бронхтар тым кеңіп, олардың ішінде ірің және өте жаман иісті іріңді-ихорозды (шірінді) сұйықтық жиналады. Бронхтардың шеміршекті негіздерінің дәнекерлі тінге айналуы орын алады және олардың кеңеюі одан әрі жалғасып, олар қапшық тәрізді болып өзгереді. Оларда ірінді сұйық одан әрі жиналып, оның сыртқа шығуы қиындай береді, патологиялық процесс бронх айналасындағы және өкпе тіндерін одан әрі қамтиды. Организмде іріңнің жиналып, көп мерзім сыртқа шықпауы, оның уыттануына, жүйелік өзгерістерге, паренхиматоздық ағзалардың өзгерістеріне жөне қызметтерінің нашарлауына (өкпе-жүрек, бауыр— бүйрек қызметтерінің жетіспеушіліктері), әкеліп тірейді.

Міне бронхоэктатикалық аурудың этиологиясы мен патогенезінің қысқаша сипаттау жобасы бүгінгі танда осылай қаралады. Әрине, аурудың этиологиясы мен патогенезінің баяндалған жобасы оның өржақты құбылысын толық қамтиды деуге, әрине, болмайды. Өйткені бүгінгі таңда оның клиникалық белгілері мен анықталатын морфологиялық өзгерістер баяндалған көзқарастарға толық сәйкес емес екендігі аңғарылады.

Жіктеу (топтау). Аурудың дәрігерлер қауымында толық қабылданған және оларды қанағаттандыратындай жіктеу жобасы күні бүгінге дейін жоқ. Біз бұл проблемаға сәйкес жарияланған өзіміздің жерлесіміз проф. А.А.Бейсебаевтың (1982) топтауы лайықты деген ұғымдамыз, сондықтан сол топтауды толық келтіріп отырмыз.

Бронхоэктаздың (бронх кеңеюінің) жіктелуі (топталуы)

  1. Пайда болуына қарай:
  2. Туа біткен (солардың ішінде ұрық дамуындағы басқа да ақаулықтармен — Зиверт — Картангер синдромы — қоса кездесуі).
  3. Жүре пайда болған (бронхоэктатикалық ауруда).
  4. Өкпе тінінің зақымдануына қарай:
  5. Алдыңғы қатарда өкпе тінінің зақымдануы.
  6. Алдыңғы қатарда бронхтың зақымдануы.

III. Бронхоэктаздың сыртқы пішініне қарай:

  1. Циллиндр тәрізді.
  2. Қапшық тәрізді.
  3. Ұршық тәрізді.
  4. Қоспа түрі.
  5. Клиникалық барысына қарай:
  6. Ремиссия.
  7. Өршіген.
  8. Тұрақты рецидивті.
  9. Асқынуларына қарай:
  10. Асқынбаған.
  11. Асқынған:

— өкпеден қан кету;

— қанды қақырық;

— пиопневмащракс;

— абсцестену;

  1. Тыныс алу жағдайына қарай:
  2. Тыныс алу жетіспеушілігі жоқ.
  3. Тыныс алу жетіспеушілігі 1, П, Ш сатыларда.
  4. Өкпе — жүрек қызметтерінің жетіспеушілігі.

Клиникалың көрінісі және диагностикасы. Бронхоэктатикалық ауруда пациент негізгі шағым ретінде тұрақты және қақырықты жөтелді атайды. Ол жазғытұрым, күз айларында, яғни респираторлық вирусты аурулардың өршу мерзімдерінде, өршіп қозады. Таңертеңгі мезгілде жөтел өте көп мөлшерде (ауыз тола) бөлінетін қақырықпен қоса байқалады. Кейбір ауру адамдар, қақырықпен бірге, әлсін-әлсін қан талшықтарының шығатынына шағымданады және осы белгі, көбінесе, олардың дәрігерге келуінің негізгі себебі болады. Сонымен қатар, пациенттерді ентігу, дене қызуының көтерілуі, жүрек соғуының жиіленуі, жалпы әлсіздік сияқты шағымдар мазаландырады.

Ауру адамның анамнезімен мұқият танысқанда этиологиялық факторлер туралы мәліметтер (өкпе мен бронх қабынуларына жиі шалдығуы, өмірінде көк жөтел-коклюш, қызылша-корь ауруларының болатыны) анықталады.

Объективті зерттеу барысында ауруды сипатгайтын мына белгілердің анықталуы мүмкін: ауру адамның жүдеу (арық),физикалық дамуы және өзінің жасына сәйкес келмейтіні байқалады теріқабаты бозарып, бозғылт түсті келеді. Кеуде торы пішіні өзгеріп деформацияланады. Кеуде торынан ауру орналасқан жағы, тыныс алу қимылына қатысы шектеледі. Созылмалы уыттану белгілері (саусақ ұштарының пішінінің бұзылуы- «барабан таяқшалары, тырнақтың сағат шынысы сияқты өзгеруі т.б.) көрінеді. Перкуссия, аускультация тәсілдерімен зерттеу барысында перкуторлық дыбыстың тұйықталуын анықтап, құрғақ және дымқыл сырылды естуге болады. Қан зерттеуінде гипохромды анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ көтерілуі, ал зәрде белок, циллиндр анықталады.

Ауруды толық дәлелдеу үшін рентгенологиялық зерттеу ( стандартты жағдайларда орындалатын жалпы рентгеноскопия, рентгенография, бронхография), бронхоскопия, компьтерлік томография кеңінен қолданылады.

Ажыратпа (дифференциалдық) диагнозды, негізінен, өкпе ауруларымен, солардың ішінде созылмалы өкпе қабынуымен (пневмония), өкпе абсцесімен, бронхитпен, плевритпен, өкпе туберкулезімен, өкпе обырымен (рак) т.б. жүргізу керек.

Емдеу. Аурудың I, кейбір жағдайларда П сатыларында комплексті консервативті ем оң нәтиже береді. Бұл ауруда қолданылатын консервативті емнің өкпе абсцесінде қолданылатын емнен көп айырмашылығы жоқ. Аурудың П-Ш сатыларында хирургиялық ем (сегмент- лоббилобэктомия) қолданылады. Анық білінетін өкпе-жүрек жетіспеушіліктері операция жасауга қарсы көрсеткіш больш есептеледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *