Ауа температурасының жылдық өзгерісі

Ауа температурасының жылдық өзгерісі және ауытқу амплитудасы. Температураның жыл ішіндегі өзгерісі. Жердің Күнді айналуына байланысты ауа температурасының жылдық амплитудасы географиялық ендіктерге тәуелді болады: экваторда амплитуда +2˚C, +4˚C шамасында болса, Солтүстік жарты шардағы қоңыржай ендікте +24˚C-ге барады. Атмосферадағы ауа температурасы ылғалдылық пен қысымға тығыз байланысты өзгеріп отырады. Ауа температурасының жыл бойындағы өзгерісі әрбір айдағы орташа температурамен сипатталады. Жер шарындағы Солтүстік және Оңтүстік жарты шарда жыл мезгілдерінде айырмашылықтар бар. Жер Күнді айналғанда жыл мезгілдері ауысады. Жылдың жаз мезгілінде күн сәулесінің тік түсуіне байланысты жақсы жылынады, күн ұзақ болады. Солтүстік жарты шарда шілде айында күннің түсуі ұзақ және ең жылы, ал қаңтар айында күннің түсуі ең қысқа әрі өте суық болады.

Ең жылы ай мен суық айдың орташа температураларының арасындағы айырмашылық ауа температурасының жылдық ауытқу амплитудасы деп аталады.

Бір жыл ішіндегі ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температурасының орташа жылдық ауытқу амплитудасы деп аталады.

Жылдық орташа температураны табу үшін айлық орташа температуралар жиынтығын ай санына бөледі, ол үшін 12 айдың оң температурасын бөлек, теріс температурасын бөлек есептеп алып, одан шыққан сандарды бір-бірінен қосып, шыққан санды он екі айға бөледі. Мысалы, оң температура жиынтығы  +98˚C.

Айлар
I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII
-10˚ -8 ˚ -3 ˚ 4 ˚ 12 ˚ 18 ˚ 23 ˚ 20 ˚ 16 ˚ 5 ˚ -2 ˚ -8 ˚

 

Теріс температура жиынтығы -31˚С.

Орташа жылдық (98˚C+(-31˚C):12=5,5˚C.  Бұл мысалды орындағанда математикалық амалдардың орындалу ережесін естеріңе ұстаңдар.

Дүниежүзі елдеріндегі ауа температураларын климаттық карталардан оқып-білуге болады.

Климаттық карталарда ауа температурасы бірдей аймақтардың арасын изотерма сызықтары қосып тұрады. Картада шілде, қаңтар айларының орташа температураларының изотермалары көрсетіледі. Суық айдың изотерма сызықтары – қара сызықпен, жылы айдың изотерма сызықтары – қызыл сызықпен белгіленеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *