Машинамен сауу кезінде мал желініне массаж жасау өте маңызды. Массажды белсенді түрде желінді негізіне қарай көтере жоғарылата жасап, содан 2-4 рет қолмен желіннің жартысын жоғарыдан төмен қарай сипап жүргізеді. Массажды емшектерді жоғарыдан төмен қарай уқалаумен аяқтайды. Дұрыс жасалған массаждан кейін желін емшектері серпімді болады және сиыр иіне бастайды. Осыдан кейін сиырдың мінез-құлқын, сауу процесін, сауу стакандарының емшектерден қалмау жағдайын ecкepiп, сауу шелегін және сауу аппаратының шлангілерінің кездейсоқ алынып қалмауын қадағалап отыру керек. Сүттің берілуін конусты түтікше немесе шланг арқылы бақылайды.
Аппараттың жұмыс icтeyi қалыпты eкeнiнe көз жеткізген соң, сиырды дайындауға кіріседі. Сауу ұзақтығы – 3-5 минут, ал жоғары өнімді сиырларда 8 минутқа дейін созылады. Стакандар емшектерден байкаусызда алынып қалса, онда аппаратты вакуумнан тез сөндіріп, былғанған стакандарды сумен жуып, кайтадан кигізеді. Егерде үш емшектен сүтті қарқынды бepyiн тоқтатса, онда желінге соңғы массаж жүргізеді. Сауу стакандарын емшектерде ұзақ ұстап қалса, сүт цистерналарын ваккумдап, сүт өзектерінің қан тамырларының кеңеюіне, ауырсыну реакиясына және ең соңында сүттілігінің төмендеп, желінінің қабынуына әкеліп соғады.
Eкi тактілі сауу аппаратын сауу уақытынан ұзақ ұстап қалса, онда сиырларда сауу машинасына деген тежелу рефлекстері пайда болады. Әpi қарай сауу уақытында олар тынышсызданып тұрады және сүтті толық бермейді. Ең негізгі сауу стакандарын емшектерден алғанда оны еппен, алдын ала тітіркендірмей алу керек, өйткeнi осының бәpi сиырда ауырсыну реакциясын туғызады. Стакандарды алғаннан соң оны тігінен ұстап 1-2 секундтан соң клапанды немесе қысқышын калған сүтті сорып алу үшін ашады. Сауу машинасынан соң сиырда калған сүтті қолмен сауып алуға болмайды, өйткенi саууға үйреніп қалған мал сауу машинасына сүтті толық бермейді.
Емшектерді желінсаудан алдын алу мақсатында сауу стакандарын алған соң секунд залалсыздандырғыш ерітіндіге батырады (бір хлорлы йод ертіндісінің 1 % және 2% белсенді хлоры бар хлорлы препараттар).
Жылжымалы және колданылатын сауын аппараттарын әрдайым таза ұстау керек. Малды сауып біткеннен соң сауын аппараттарын, сонымен бірге сүт жүретін, салқындататын және сауу қондырғыларының сауу насостарында калып қойған сүтті тазалау үшін суық сумен жуады. Әрбір аппаратқа 10 л су жібереді. Содан кейін аппаратты 50-60° температурадағы жуатын ерітіндімен жуып және шаю үшін тағы да 60-700 ыстық сумен жуады.
Кондырғыларды жетісіне бір рет залалсыздандырады және eкi жетіде бір аппараттарды бөлшектеп, бөлшектepiн щеткамен тазалап, 1 % -дық кальцийленген сода ертінідісімен жуады, одан кейін жылы сумен шаяды. Машинамен сауғанда желін, сауу қораларын, қоршаған ортаның тазалығын сақтау керек.