Алматы жалпы әскери училищесі (кейін И.С.Конев атындағы Алматы Жоғары Әскери училищесі) КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысының негізінде құрылды. Орта Азия әскери округі әскери басшылығы нұсқауында оны 1970 жылдың 1 маусымында Алматы гарнизоны әскери қалашығының мотоатқыштар қорында құру керектігі жазылған. Әскери оқу орны ашылғаннан бері бірнеше мыңдаған мамандар диплом алып шықты.
1997 жылдың 11 ақпанында білікті офицер кадрларын даярлау жүйесін жетілдіру және әскери ғылымды дамытуға жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті «Кеңес Одағының маршалы И.С.Конев атындағы Алматы Жоғары Әскери училищесін Әскери академияға айналдыру туралы» Жарлық шығарды. Осы сәттен бастап оқу орнының Қарулы Күштер тарихындағы жаңа беті ашылды. Бұл — ізденістер мен жаңалықтардың, әскери ойдың биікке самғауының, шығармашылық әлеуеттің көтерілуінің тарихы, сонымен бірге қабілетті әскери үйымдастырушыларды, дарынды әскер басшыларын біліктілікпен даярлаудың көзі.
Үйымдастыру қабілеті жоғары, басқарудың құрылымы мен механизмін жақсы білетін, шығармашылық қабілетті жаңашыл офицерлерді, білікті мамандарды даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясында күндізгі және сырттай бөлімдерде «Құрлық әскерлерін оперативті-тактикалық, командалық-штабтық дайындау» мамандығы бойынша оқыту жүргізіледі.
Әскери білім берудің үлттық жүйесін қалыптастыру мен дамыту процесіне әскери кадрларды даярлауға, әскери ғылыми база құрып жетілдіруге Қазақстан Қорғаныс министрі айрықша көңіл бөледі. Академияда профессор-оқытушылар құрамына қойылатын негізгі талаптар айқындалды, олар: отансүйгіштік, парасаттылық, кәсіби біліктілік, тәртіптілік.
Академияда меңгерілген білім түлектердің өскерде өз міндеттерін табысты орындауына мүмкіндік береді. Оларды ерекшелейтін күшті сапалар: жоғары теориялық дайындық, ұрысқа дайындықты ұйымдастырудың нық дағдысы, ұрыс техникасы мен қару-жарақты жетік білуі, жауынгерлік борышын терең түсінуі және оны аяғына дейін орындауға дайын тұруы болып саналады.
ҚР ҚК Әскери академиясы құрылған сәттен бастап ТМД елдерінде де, алыс шетелдерде де, танымал бола бастады. Әскери академияға Ресейден, Қытайдан, АҚШ-тан, Германия мен Түркиядан келген делегациялар про-фессор-оқытушылар құрамының, тыңдаушылар мен курсанттардың кәсіби даярлық деңгейін жоғары бағалайды.
Шетел Қарулы Күштері өкілдерінің Әскери академияның жеке құрамымен кездесуі халықаралық қатынастарды дамытуға мүмкіндік беріп, әскери ынтымақтастық пен мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор мүмкіндіктер ашты. Оның куәсі — әскери академия курсанттары АҚШ-тың Луизиана штатында өткен «Кооператив Наггет-97», Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Центразбат-97», АҚШ-та өткен «Оспрей-98» бірлескен жаттығуларында бейбітшілік үшін жоғары да игілікті міндетті бірлесе атқаруы.
2002 жылы Әскери академия Ұлттық қорғаныс университеті және Құрлық әскерлерінің Әскери институтына бөлінді.
Ұлттық қорғаныс университеті Астана қаласында орналасқан және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша жоғары санатты әскери қызметшілерді дайындауды жүзеге асырады. Құрлық әскерлерінің Әскери институты ҚР Қарулы Күштері үшін кіші офицер мамандарын даярлауды жалғастыруда.
Бұл әскери жоғары оқу орындарынан басқа біздің республикамызда тағы да бірнеше оқу орны бар. Екі мөрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің авиациясы үшін офицер кадрларын дайындайды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника мен бай-ланыс әскери-инженерлік институты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әуе қорғанысы күштерінің радиотехникалық, зениттік, зымырандық әскерлері және байланыс бөлімшелері офицерлерін даярлайды.
Әскери-теңіз институты Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері мен ведомстволары үшін теңіз мамандықтары бойынша мамандарды даярлауға арналған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты Қазақстан Республикасы ҰҚК және оның басқа бөлімшелері мен органдары үшін офицерлер даярлайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Петропавл Жоғары ішкі әскерлер әскери училищесі ішкі әскерлерге офицерлер даярлайды.