Ароматерапия бізде, егер біз табиғат сыйларын қолданғымыз келсе, иіс сезу қажеттілігін тудырады. Гүлдердің, шөптердің және ағаштардың иісі өсімдіктердегі эфир майларының болуымен түсіндіріледі. Емдік қасиеті жоғары бұл заттар бізге қолайсыз жағдайларда, мысалы, біздің физикалық немесе ішкі дүниеміздің денсаулығы нашарлаған кезде көмектеседі. Өсімдіктердің майлы бездерінде орналасқан әсері қатты ұшқыш заттар көптеген пайдалы қасиеттерге ие. Осы заттарды қолданатын ароматерапияның арқасында біз денсаулығымызды қайта қалпына келтіре аламыз.
Ароматерапия — өзімізге көмек берудің идеалды құралы, себебі ол бізге үлкен әсерін тигізіп, рахаттандырады. Эфир майларымен суға түсу (ванна), массаж және ингаляция жасау біздің иммунитетімізді арттырады, денсаулығымызды қатайтады. Эфир майларын нұсқау бойынша қолдану ешқандай қосымша жағымсыз әсер бермейді. Бұл өте маңызды, себебі қазіргі кезде көптеген адамдар кейбір химиялық емдік препараттардың қолдануынан болатын зиянды әсерді түсінеді, ал бұл осы препаратқа деген тәуелділігімен, иммундық жүйенің төмендеуімен, қолайсыз қосымша әсерімен қауіпті.
Ароматерапияда майды организмге ендіру, ингаляция, уқалау және суға түсу сияқты негізгі әдістерді қолданады. Эфир майлары — ауада тез буланып кететін ұшқыш заттар, дем алғанда олар организмге иіс сезу органы арқылы енеді. Араластырылған күйде, уқалау арқылы эфир майларының молекулалары организмге тері жамылғысы арқылы енеді. Суға түсу (ванналар) майларда тыныс алу арқылы, әрі тері арқылы сіңдіруге мүмкіндік береді. Организмге түскеннен кейін эфир майы ондағы бүзылған гормонияның қалпына келуіне және функционалды жаңаруына көмектеседі.
Эфир майларының әсер ету спектрі кең және жан-жақты, бірақ, ең алдымен, оның антисептикалық және біздегі жан дүниеміз бен физикалық формамызды ұстап тұру қабілетін бөледі. Ароматерапияны қолдану тиімділігі бірқатар факторлармен; эфир майларының сапасымен, организмнің индивидуалды ерекшеліктерімен, бұзылыс спецификасын ескере отырып, әрбір жеке жағдайға таңдалуымен қолдану әдісімен қолданады.
Бақылаулар көрсеткендей, эфир майлары организмнің қорғаныштық механизмдерін және иммундық жүйесін жоғарылататын табиғи зат болып табылады. Майларды қолдана отырып, біз инфекцияға қарсы тосқауыл қоямыз. Майлар токсиндерді жоюда және организмдегі бөгде заттармен күресуде ат салысатын адамның жүйесімен барлық органдары өзінің белсенділі мен қарсы тұру қасиетін сақтап, қолданатындай әсер етеді. Ароматерапияны қолданғанда табиғи тамақ пен стресс деңгейінің төмендеуіне көңіл бөлу керек.
Ароматерапия (ежелгі грек тілінен аударғанда «иіспен емдеу») — әлем сияқты кәрі. Ескі заманғы уақытта пайда болған белгілі бір иіспен демалуды адамның психикалық және физикалық жағдайына қолайлы әсер етеді деп түсінеді. Египет пен Вавилон тұрғындары ауруды жиі жындарды қуу үшін әр түрлі шылымдарды пайдаланған. Иісі аңқыған жағымды түтіндер және ағаштардың бағалы аурулары солдаттарға шайқас алдында күш-қуат әсерін береді. Ежелгі гректер қоздыратын, демалдыратын, ұйықтататын, сергектендіретін қасиеттері бар өсімдіктер эссенциясын ашқан. Грек емдеушісі Гиппократ денсаулықты сақтау және ароматтық майлармен массаж жасау керектігін айтқан. Ароматты өсімдіктер және майлар мыңжылдықтар бойында фимиамдар ретінде, парфюмерияда және косметикада, аспаздықта және медицинада қолданылып келеді. Авиценна ароматерапия үшін өте көп еңбектер жасаған, ол эфир майын айдау процесін ойлап шығарған. Он екі мың жылдықта шығыс Европада белгілі бола бастады.
XIX ғ. Ресейде эпидемия кезінде пошта хаттарын, саяхатшыларды холерадан сақтау үшін күкіртті түтінмен әсер еткен, ал ол ауруды сәтті тоқтатқан. Ерте кезден-ақ христиан шіркеулерінде, халықтық жиналу орындарында аурулардың таралуынан сақтандыру үшін құдайға құлшылық ететін кезінде шіркеуді және келген адамдарды түтінмен аластаған.
Біздің ғасырымыздың 20-жылдары француз парфюмері Морис Гаттефос көптеген эссенциялардың күшті антисептикалық қасиетінің бар екендігін анықтаған. Бір күні оның лабороториясында үлкен жарылыс болған, соның нәтижесінде ол қолын қатты күйдіріп алған. Ол бірден күйген қолының тамырына лаванда майын жаққан. Бұл оны зақымданған ұлпалардың қабынуынан сақтады. Жара тез қоятын болған, теріде тыртық қалдырған жоқ. Осы жағдайдан кейін Гаттефос ауруларына қарсы эфир майларын қолдана бастады.
Иістер тек жануарлар өмірінде ғана емес, адамдар өмірінде де маңызды рөл атқарады. Адам организмі иіске тез әсер етеді. Иістер бізге қолайлы және қолайсыз еске алуды, әсерлері көріністерді тудырады. Біртіндеп иістің басқа да формалары «ұстап тұрушы» және қажет жағдайда қолданатын түрлері пайда бола бастсады. Өсімдік иісі шаршауды басады, еске сақтауды жақсартады, түсті жақсартады. Олар организмде көптеген 1-ші процестерді реттеу болып келеді. Ароматты биологиялық бағаны белсенді регуляторлардан алады.
Нақты бір ароматты заттар жүйке жүйесін және стресс жағдайын басуға қабілетті және де организмді суықтан, бас ауруынан, бүлшық ет ауруларын сақтандыру барысында иммунды жүйені белсендендіреді, жараның жазылуын тездетеді. Бұл заттардың кейбіреулері антисептикалық және вирусқа қарсы қасиеттерге ие, мысалы, сарымсақ пен эвкалипт құрамындағы заттар.
Ароматерапия деп өсімдік эссенцияларымен ауруларды емдейтін ғылым мен өнерді айтады. Мұнда өсімдіктің таза экстракталары, гүлдері, шайырлары қолданылады, олар әсемдікке және сезімталдыққа жақсы әсер береді. Қазіргі заманғы ароматерапия — бұл панция емес. Ол фитотерапиямен, гомеопатиямен қатар тұратынын қосымша, өз бетінше медициналық дисциплина болып табылады. Эфир майлары мүмкін болатын асқынулардың пайда болуына минималды түрде қорқыныш береді.
Иістің өзі қайдан шығады? Біздің күнделікті өмірдегі айтып жүрген иісіміз — ауада «еркін ұшатын» жеке молекулалық заттар. Олар мұрын қуысының иіс сезу рецепторларына түскеннен кейін миға сигнал кетеді, одан кейін осы иістің өңделуі және оны иіс арқылы тануы болады. Заттың иісі шығу үшін ол міндетті түрде ұшқыш, оңай буға айналушы болуы керек, яғни оның молекулярлы «еркін ұшқыш» жағдайға ауыса алуы керек. Иіс көптеғен заттарға тән, бірақ ғылым неліктен кейбіреулерінің иісі бар, ал кейбіреулерінде жоқ екендігін түсіндіре алмай отыр.
Өсімдікте болатын ұшқыш иісті заттар эфир майы деп аталады. Қазіргі майға оның ешқандай қатысы жоқ және де онымен еш нәрсені қуыруға болмайды. Олардың бұлай аталу себебі ұқсас түрі және ұстағанда майға ұқсас болып келеді. Раушанда, ландышта, қалампырда, өсімдік қабықтарында және арша дәндерінде болатын эфир майларының нәтижесінде олардан иіс шығып тұрады. Өсімдіктерден бұл майларды бөліп алудың екі тәсілі бар. Оның бір тәсілі жапырақты, гүлдердің күлтесін немесе жемістің қабығын (мысалы, цитрус қабығын) суға салып қайнатады. Осы кезде эфир майлары бумен бірге ұшып, одан кейін конденсацияланады.
Эфир майлары — эфир майы бар өсімдіктерден бөлінетін ұшқыш заттар. Майлар өсімдіктерді буландыруда және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқарады, оларды аурулардан сақтайды. Бұл — органикалық қосылыстардың көп компонентті қоспасы, негізінен терпендердің және олардың өнімдері -спирттер, альдегидтер, кетондар, эфирлер және т.б.
Эфир майлары өсімдіктердің кез келген бөлігінде кездеседі. Майдың құрамы және оның өсімдік құрамында болуы жыл мезгіліне және күн бойына да тәуелді өзгеріп тұруы мүмкін. Эфир майлары өсімдіктерде төмен концентрацияда кездеседі. Мысалы: раушанның 100 кг күлте жапырақшасынан 0,5 кг май алуға болады. Сондықтан табиғи майлар қымбат.
Эфир майларының артықшылықтары бар, ауру оны қолданғанда соған туыстас қосылыстардың тұтас кешенін алады. Оның комулятивті қасиеті жоқ, организмге синтетикалық заттарға қарағанда қолайлы әсер етеді, эфир майларының барлығы белгілі бір дозада негативті жанама әсер бермейді, аллергиялық реакциялар тудырмайды. Ароматты эфир майлары иіс сезу рецепторлары арқылы миға әсер ете отырып, адам организмінің психикалық жағдайын қалыптандырады. Жағымды иістер оң эмоциялық әсерлер тудырады. Белгілі бір симптомдардың әлсіздену және жойылуы тұтас организмнің реттелу нәтижесі болып табылады.