«Аюрведа» термині екі сөзден тұрады: аюс — «өмір» және веда — «білім». Олай болса, «ол өмір сүру туралы білім» деп аударылады. Осы туралы оқулардың түп тамыры сонау 5 мыңжылдыққа кетеді. Сол кездегі ариялар, үндіевропалықтар өмір сүрген кезең. Сол кездегі ариялар ведалық білімдерді түсіндіріп, жинақтап жүйелеген.
Ежелгі кезде адамдар қазіргі кездегі бізге қарағанда сыртқы ортаға тәуелді болған. Оларда табиғатқа сенуден басқа амал болмады. Оларда құрал-жабдықтар болмаған кезде интуициялары дамыған. Олардың интуитивті қабілеттері емдеуге жақсы көмектескен. Олар өздеріне тәжірибелер жасап, ұрпақтарына беріп отырған. Осы жинақталған мәліметтер жиналып, жүйеленіп, Аюрведа түрінде қалған. Ежелгі адамдар оларды дәрігерлік табиғатқа айналдырған. Аюрведа — бұл бұрынғы ведалық мәдениеттен қалған емшілік несібе. Астрономиялық мәліметтер бізге дейінгі 4000 жыл бұрынғы Үндістанда дәлелденген.
Біздің ата-бабаларымыз эволюция процесінде осы ведалық білімдерді жинаған. Соңғы және қатты соққыны орыс ведаларына христиандар жіберген. Олар ведаларды қырып, жойып жіберді. Олардың қалдықтары бізге «халық медицинасы» деп жетті. Тек ежелгі ведалық индалар біздің ғасырға осы білімдерді (әрине, өзгерістерімен) жеткізді. Солардың бірі Аюрведа — жазылудың ежелгі гигиеналық жүйесі.
Ежелгі Аюрведалық жазулар б.з.д 2500 ж. жатады. Ағылшындар кезінде (1833 ж.) аюрведалық мектептер жабылды, бірақ оқулар түгелімен жойылған жоқ. Тибет медицинасы Аюрведамен тығыз байланысты. Содан басқа ведалық индалар осы білімді халық арасында көп таратқан. Тек қана Аюрведа барлық шығыс дәстүрлі меди-цинасының негізінде жатады — Үнді, Непал, Қытай, Жапония, Филлипин, т.б. бұрынғы ұлы араб елінің дәрігері Абу Али ибн Синаның еңбектері Аюрведада жазылған.
Шелтон, Ниши және т.б зерттеушілер өздерінің жүйелерінде Аюрведаның басқа бөлек мәліметтерін қосып жазған. Ал орыс медиктері Үндімен тығыз байланысына қарамай Аюрведа туралы ешқандай дәріс алмаған. Біз Қытай және Тибет медицинасы туралы көп білеміз, олардың мамандары Рессейдің қонақтары болған, бірақ Аюрведа туралы бір сөз айтылмаған.
Аюрведа жай медициналық жүйе емес, ол өз алдына үлкен мән, мағына береді. Аюрведа — бұл өмір сүру қағидасы, ол табиғатпен гармонияда өмір сүру деген мағынаны білдіреді. Оның теориясы ғасырлар бойы зерттеулерден өткен. Бұл ғылымдарды Шығысқа да Батысқа да жатқызуға болмайды. Бұл барлық тірі жүйелерге жататын ғылым. Аюрведада адам микроғарышқа жатады, сол кішкентай бөлікте бүкіл әлемнің көрінісі көрінеді. Осыған байланысты астрология аюрведаның негізгі бөлімі болып табылады.
Үш доштың концепциясы
Аюрведаның ядросы болып доштың үш концепциясы және адам конституциясының үш типі саналады. Бұл үш Доштың бес алғашқы элементтің өзара байланысуынан пайда болады. Бұл бес элемент — «жер», «су», «ауа», «от», «эфир». Бастапқы төртеуі материяға жатады, бесіншісі өз алдына белгілі бір қызмет атқарады.
Бұл бес элементтер үш Дошқа бөлінеді деуге болады — Вата, Питта және Капха, олар тіршілігіне байланысты Ауа, От және Су болып табылады. Әр доштың өзінің қызметі, атрибуты болады, олар организмге әсер етуімен сипатталады. Вата -құрғақ, жеңіл, суық, жіңішке және қозған. Питта — өткір, ыстық, жеңіл, қозғалғыш, сұйық. Капха — дымқыл, суық, ауыр, лай, тығыз.
Адамның аюрведалық конституциясының негізгі принциптері — Вата, Питта және Капха адам организмінде қандай орын алса, әлемде де сондай орын алады. Даналардың негізгісі болып Вата саналады (эфир + ауа) — әлемде — вакуум және жұлдыз арқылы кеңістік. Екіншісі — Питта (от + су) — әлемде -жұлдыздар және басқа «ыстық» объектілер. Үшіншісі — Капха (жер + су) — әлемде — бұл планеталар, астеройдтар, метеориттер. Бұл бес элементтен басқа Аюрведа тағы үш гуннаны қарастырады — саттва (тазалық), раджас (құмарлық), тамас (әдепсіздік).
Бұл сапалар, сонымен қатар ойдағы сыртқы әсерін көрсетеді. Кең мағынада айтқанда саттва әдемілік, жақсылық, яғни психиканың көрінуі деген мағынаны білдіреді. Раджас құмарлық, қуаттылық, қарама-қарсылық және ашуланшақтық сапаларын біріктіреді. Тамас өзімен еріншектікті, инерцияны, депрессияны, яғни негативті психикалық сапаларды көрсетеді. Аюрведада «өмір» түсінігі, «ақуыздың даму жолынан» өте кең болғандықтан, сол себептен үш гун адам ойымен ғана емес, сонымен қатар бізді қоршаған ортамен байланысады. Үш күш немесе «Тридоша» концепциясын қазіргі тілге аудару өте қиын, бірақ бұл модельдің түсінігі келешекте шығыс медицинасының теориясына төңкеріс жасайтындай әсерін тигізеді.
Өзімен-өзі Вата, Питта және Капха терминдері абстрактылы мағынада көрсетіледі. Вата — бұл организмнің кинетикалық энергияның бастамасы. Ол жүйке жүйесімен байланысты және дененің барлық қозғалыстарын басқарады. Капха — дененің потенциалды энергиясының бастамасы, дененің және оның сұйықтығының тұрақтылығын басқарады. Питтамен байланысқан барлық процестер қорытылу мағынасын білдіреді. Питтаның басты сферасы — ферментативті және эндокринді жүйелер. Өмірде барлық үш доша қажетті, бірақ оларды тепе-теңдіктен шығарса, үлкен зиян әкелуі мүмкін. Барлық аурулар дисбаланстың болуынан пайда болады.
Аюрведадағы диагностика
Диагностикада аурудың пульсін диагностикалау нәтижесіне үлкен мән береді. Пульс арқылы информацияны алу шеберлік; субъективті тәжірибе және интуиция нәтижелері болып саналады. Осы субъективті әдіс адам конституциясының мінезін ашады. Шөптерді немесе басқа да терапиялық формаларды қолдану үшін адам сипатын білу керек. Бір ауру әр түрлі конституциясы бар адамдарда болуы мүмкін, сондықтан да емделу әр түрлі болуы керек. Бір жағынан, бір конституциялық жағдайдан үлкен кешенді аурулар тууы мүмкін, бірақ олар емдеудің бір түрімен жойылып кетуі мүмкін. Қай ауруды бір нақты өсімдік зерттейтіні бізге үлкен перспективаны береді, ал конститутцияға әсер етуіне тағы біреуін береді. Осы екі перспективаны қарастыра отырып, емдеу жолдары дүрыс екенін, дұрыс емес екенін білуге болады. Конституцияның анықталуы негізгі энергия мен сапада өте маңызды, ал қазіргі кездегі тілде метаболизмнің тенденциясы. Вата-типі шамамен галеновтық меланхоликке, питта-типі холерикке, ал капха-типі флегматикке сәйкес келеді. Жеке конституция табиғи болып табылады және өмір бойы өзгермелі болып қалады. Жалпы үш типпен бірге кейбіреулерде қайсыбір доша пайда болады. Мысалы, екі доша тепе-тең жүйеде болуьі мүмкін.