Салықты жіктеу дегеніміз — оны қандай да бір белгісі бойынша топтау. Егер де мысалы, үй шаруашылығында пайдаланылатын ыдыстарды жіктейтін болсақ, алдымен оларды: ас дайындауда пайдаланылатын және ас ішкенде пайдаланылатын ыдыс деп екі үлкен топқа бөліп аламыз. Содан соң ыдысты функционалдық белгісі бойынша бірнеше топқа бөлуге болады: тарелкалар, сұйық ас ішуге арналған ыдыс, құралдар және т.б. Ыдыстың дайындалған материалына байланысты, шыны, металликалың, фарфор, күйіктас ыдыс деп бөлуге болады. Жіктеу кезінде ыдыстың бір түрі нақты белгісіне байланысты, түрлі топқа түсіп отырады. Сонымен, классификация (жіктеу) ұғымының функционалды міндетін, ерекшелігін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлу және қайта бөлу қатынастарының құралы ретіндегі салықтың көпжақтылығы, салықты жіктеу мүмкіндігі бойынша белгілерінің көптүрлілігін ашады. Олардың кейбір түрін қарап шығайық.
Салықтың тікелей және жанама болып бөлінетіні ертеден белгілі. Салықты осы түрде бөлудің негізінде салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынас белгісі жатыр. Тікелей салық табысқа немесе мүлікке (табыс салығы, мүлікке салынатын салық) тікелей белгіленетін салық. Жанама салықтар тауар, қызмет (акциздер, қосылған ңүн салығы) бағасы арқылы алынатын салық. Тауар немесе қызмет құнын төлей отырып, соңғы тұтынушы тауар иеленушісіне мемлекетке салық сомасын төлеу бойынша шығасыны (ысырапты) өтейді. Жалпылап айтқанда, салықтың тікелей және жанама болып бөліну критерийі салықты тұтынушыға аударудың теориялық мүмкіндігі. Тікелей салықты табыс алатын, мүлігі бар соңғы төлеуші төлесе, жанама салықтың соңғы төлеушісі ретінде, бағаға үстеме жолымен салық аударылатын тауар тұтынушысы саналады. Бұл теориялық болжам екенін есте сақтаған жөн, ал тәжірибеде басқаша көрінуі мүмкін.
Тікелей салыңтар түтынушыға бағаның өсу механизмі арқылы да аударылуы мүмкін. Жанама салықтар тұтынушыға толық мөлшерде сирек аударылады, өйткені нарық тауарды алғашқыдай жоғары бағамен қабылдамайды.
Пайдалану белгісі бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекетке түсіп, пайдаланылғаннан кейін иесізденеді. Арнайы салықтар қатаң бағытқа ие (мысалы, жол қорын қалыптастыруда пайдаланылатын көлік құралдарына және т.б. салынатын салықтар). Салық салу объектісіне байланысты салықтар бес топқа бөлінеді: Мүлік салығы, ресурстық салықтар, табыс салығы, айналым бойынша салық және іс-әрекет салығы (шаруашылық актілері, қаржылық операциялар).
Салық салу объектісін бағалау деңгейіне байланысты
салықтар нақты және жеке салықтар болып бөлінеді. Нақты салықтар нақты табыс есебінсіз (жер салығы, мүлік салығы) ішкі белгілері бойынша мүлікке салынады. Жеке салықтар қаржылық жағдайына байланысты заңды және жеке тұлғаларға салынады (табыс салығы). Салық салатын және салықпен билейтін органға байланысты, республикалық бюджетке түскен мемлекеттік салықтар және жергілікті бюджетпен алынатын жергілікті салықтар деп бөлінеді.
Салық салу көзі бойынша салықтар дифференсациясының маңызы зор: табыс салығы және тұтыну салығы, біріншісі салық төлеушінің кез келген салық салу объектісінен алынған табысынан алынса, екінші жағдайда салық шығынға кіргізіледі (өндіріс шығыны). Өзіндік құнға жол қорының қалыптасуына кететін салықтар, жер салығы, табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері тікелей кіреді.
Төлету тәсіліне байланысты есеп пен бағаның кадастрлық тәсілі негізінде алынатын салықтар, салық төлеушінің декларациясы бойынша алынатын салықтар және табыс көзінен алынатын салықтар деп бөлінеді. Бірінші жағдайда салық төлету мен салың есебі табыстылық мөлшері көрсетіле отырып, нақты табыстылық есебінсіз (мүлік салығы, жер салығы), салық салу объектілерінің тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Екінші жағдайда салық төлеуші салық органдарына табыс мөлшері, қажетті жеңілдіктер, шегерімдер мәліметі көрсетілген декларацияны ұсынады және салық сомасы есептеледі (акциздер, қосылған құн салығы, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы). Үшінші жағдайда салық табыс төлеген (жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жеке тұлға дивидендтеріне салық салу) заңды тұлға бухгалтериясының табыс алуы кезінде есептеліп, төленеді.
Салық төлеуші белгісіне байланысты салықтар заңды тұлғалар салығы және жеке тұлғалар салығы деп сараланады.