Сапа жүйесін енгізген кезде объективтік те, сондай-ақ субъективтік те проблемалар туындуы мүмкін. Енді осы проблемалардың ең кең таралғанын қарастырайық:
- Кәсіпорын басшылығы ағымдағы жұмыспен, жоспарлар мен келісімшарттарды орындаумен айналысады. Сапа жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыспен кейде талаптары ескерілмейтін жекелеген қызметкерлер айналысады, ал басқалар осы жұмыспен айналысуға уақыт тапшы, жоспарды орындау қажет деген сылтау айтады. Мәселе осылай шешілген жағдайда сапа жүйесін жасауға қатысты көп қағаз, жоспар жазылады, алайда олар іс жүзіне асырылмай қалады. Басшылық сапа жүйесін енгізу кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жұмысы екенін түсінуге тиіс. Ол ұдайы және барлық жерде жүргізілуге тиіс.
- Сапа жүйесін енгізуге шамадан тыс көп үміт артылады. Бұл процесс ұзақ әрі тұрақты. Ол кәсіпорынның барлық проблемаларын бір сәтте шеше алмайды. Сапа жүйесін пайдалана білу керек, оған үнемі күн сайын үйрену керек. Бұл ұзаққа созылатын, бірден нәтиже бермейтін кереғар жұмыс.
- Жаңалықты жаратпайтын көзқарас таныту. Іске кіріспей жатып бұл істен ештеңе шықпайды деген тұжырым жасалады.
- Сапа жүйесін енгізуге әрқашан тапшы ақша мен уақыт қажет. Ал ақша мен уақыт тапшы болса, онда ештеңе енгізудің қажеті жоқ.
- Қызметкерлердің кертартпа көңіл-күйі. Жұмысты жаман істемейміз, өнім шығарамыз, ол сатылып жатыр. Енді бірдеңені өзгертудің қажеті не? Одан да барлығын бұрынғыдай қалдырған дұрыс.
- Қызметкерлердің жазалану немесе ескерту алудан қорқып, өндірістегі проблемаларды анықтағысы, басшылыққа көрсеткісі келмеуі.
Осы және басқа да проблемалар сапа жүйесін енгізу процесін едәуір тежейді. Өнім немесе қызмет сату нарығында нақты және қатаң бәсекелестіктің болмауы сапа жүйесін енгізудің негізгі проблемасы болып табылады. Жылыжайдағы сияқты жұмсақ әрі жайлы жағдайда жұмыс істейтін, бюджеттік мемлекеттік қаржыландырудағы үйым нақты сапа жүйесін енгізбейді. Оған сапа жүйесі тіптен қажет емес. Кәсіпорынның жай-күйі нақты еркін нарықта оның өнімін сатуға тікелей тәуелді болған жағдайда ғана, кәсіпорын өз өнімінің сапасын ұдайы жақсартуға, сапаны басқарудың ең озық әдістерін енгізуге өте мүдделі болады.
Сапа жүйесін енгізу үшін елде қолданылатын тиісті заңнамаллық және нормативтік база керек. Кәсіпоорынды өз өнімінің сапасын арттыруға ынталандыратын қажетті заңнамалық актілер, қосылған құнның үлесі жоғары инновациялық өнім үшін салық жеңілдіктері, мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізген кездегі нұсқаларды бағалаудың ойластырылған критерийлері, ұзақ мерзімге пайызсыз кредит бөлу арқылы ұзақ мерзімді келешегі бар өндірістік кәсіпорындар құруға ынталандыру қажет.
Сондай-ақ қызметкерлердің оралымсыздығы мен селқостығы да проблема болып табылады. Кез келген жаңалық іс жүзіне алдымен қиын енгізіледі.
Алайда озық сапа жүйесін енгізу — бұл уақыт талабы, қазіргі кезеңдегі тіршіліктің қажеттілігі, кәсіпорынның бүгінгі күні өмір сүруінің объективтік қажеттілігі. Осы проблемалардың шешімін тауып, оларды еңсере білу керек.