Сызықтық көлемдерді өлшеу процесі сызықтық көлемді сызықтық мөлшердің электр сигналына айналу арқылы жүзеге асырылады. Осы сигнал аспаптың мақсатты тағайындалуына сәйкес қайтадан сызықтық мөлшерге айналады (тілдің шкаласы бойынша жылжуы) не болмаса автоматтық бақылаушы, тіркеуші немесе реттеуші құрылғылардағы жекелеген элементтердің қозғалысының есептеуіш құрылғының сигналына не механикалық мөлшерге айналады. Өлшенетін сызықтық мөлшер сезімтал элементтері бақыланатын өлшеу объектісін зерттейтін электр механикалық түрлендіргіштің көмегімен электр мөлшерге айналады.
Сызықтық ауыспалы қозғалыстың электр мөлшерге сызықтық ауысуын кейін электр аспаптармен өлшеу механикалық немесе оптикалық өлшеу аспаптарымен салыстырғанда бірқатар артықшылық — өлшеу орны мен нәтиже алынатын жерді біршама алып тастауға, өлшеу нәтижелерін компьютердің жадына енгізуге, өңдеуге, сақтауға болатын әрі пайдалану қолайлы әрі қарапайым электр мөлшерлері түрінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сызықтық өлшеуге арналған аспаптар деп нәтижесі электр мөлшері түрінде алынатын құрылғылар немесе электр берілісі бар құрылғылар аталады.
Электр контактілер — бақыланатын мөлшердің белгілі бір өзгерісін жүйенің бақылаушы атқарушы элементтерінің тізбектерінің электр контактілерінің тұйықталуы (ажыратылуы) арқылы электр сигналына айналдырады. Контактілер әдетте вольфрамнан, кейде асыл металдардан жасалады. Аспап өлшеу құрылғысының тоқтатқышы қосылған кезде бақыланатын бұйымның көлеміне сәйкес іске қосылады. Егер тоқтатқыштың тұтқасы контактілермен түйіспесе, онда бұйым жол берілетін шамада жасалған. Егер бұйым жол берілетін шаманың өрісінің шегінен шьіқса, онда контактілер тұйықталады және шам жанады немесе қоңырау шылдырайды.
Түрлендіргіштер қолданылу қағидасы бойынша келесі 2 топқа бөлінеді: 1-топ — үйлестіру бөлінісі жоқ бекітіп тұратын дәл бұрандалардың көмегімен, қатарлас ұштық өлшемдер немесе калибрлер бойынша жүзеге асырылады. 2-топ — бақыланатын бұйымның атаулы көлемі бар бір калибрдің көмегімен саңылау бойынша нөлдік жағдайға үйлестіріледі. Түрлендіргіштің көмегімен өлшенетін көлемнің шектері, ал оның шкаласы бойынша — бақыланатын бұйымның нақты мөлшері белгіленеді.
Кейбір шкаласы бар аспаптармен немесе қатты калибрлермен салыстырғанда осы аспаптарды бақылаудың бірқатар артықшылықтары бар, яғни бақылаушы өлшеудің аз дәлсіздігін алады, бақылау уақыты қысқарады. Осы артықшылықтардың арқасында электр контактілік түрлендіргіштері бұйым өлшенетін жайғасымға орналастырылғанда жайғасым автоматты түрде бірнеше рет тексерілетіндей орналасқан көп өлшемді бақылау-өлшеу аспаптарын жасауға болады.
Автоматты бақылау-сұрыптау аспаптары түрлендіргіштің контактілерінен дәл релеге импульс беретін арнайы тілге әсер ететін электр магниттерін қолданып жұмыс істейді. Осы түрлендіргіштер кірмеге немесе беріліс механизміне басқарушы импульстерді беруге арналған станоктарды бейімделген басқару жүйелерінде қолданылады.
Бақыланатын бұйымдардың бүкіл жиынтығын санайтын электр санауыштары бар сигналды шамдарды өлшенетін тізбекке қосу арқылы көлемді бақылау операциясымен бір уақытта технологиялық процестің сапасын бағалайтын деректерді алуға болады.
Индуктивтік — жұмыс қағидасы бақыланатын бұйымның көлемі өзгерген жағдайда тұйық дросселдегі саңылау мен ауыспалы тізбегіндегі кедергінің өзгеруіне негізделеді. Өлшенетін мөлшер тізбектегі токтың мөлшеріне тәуелді. Сұрыптау, реттеу, басқа да басқарушы процестер арнайы реленің көмегімен жүзеге асырылады. Индуктивтік түрлендіргіштің магниттік тізбегінің өте кішкене саңылаулары болады, ал өлшенетін мөлшердің шамалы ғана өзгеруі магниттік кедергінің әжептәуір көп өзгеруіне сәйкес келеді.
Цех өлшемдерінде бүйымдардың нақты көлемін осындай аспаитармен өлшеу ұсынылады. Осы аспаптардың артықшылығы ретінде түрлендіргіште аспаптың сілкініске сезімтал ететін, оның сенімділігі мен ұзақ сезімтал тіректердің, шарнирлердің, контактілердің болмауын атауға болады.
Екі өлшейтін электр магниттік катушкалардың арасындағы жылжымалы зәкірдің жайғасымының индуктивтік түрлендіргіштің жұмыс істеу қағидасы бақыланатын бұйымның мөлшерімен анықталады. Егер зәкір катушкалардың ортасында орналасса, онда екі катушкадағы саңылаулар мен индуктивтілік тең болады. Егер зәкір катушканың біреуіне жақындаса, онда оның кедергісі артады, ал екінші катушканың кедергісі азаяды. Осы өзгеріс бақыланатын мөлшердің өлшемі болып табылады. Зәкір орташа жайғасымға калибрдің немесе ұштық өлшемдердің көмегімен орнатылады. Электр контактілік аспаптармен салыстырғанда бұл кұрылғылар анағұрлым қымбат, алайда оның бірқатар артықшылығы да жоқ емес, яғни ол өлшейтін штифт-ұштыққа кері механикалық ықпал етпейді, оны пайдалану сенімді, өлшеу мәселесіне орай оны бірнеше жол берілетін өріске үйлестіруге болады.
Сыйымды — жұмыс істеу қағидасы бақыланатын көлем өзгерген кезде саңылаудың мөлшері немесе конденсатордың пластиналарының арасындағы төсемнің ауданы өзгереді, осының нәтижесінде сыйымдылық өзгереді. Сыйымдылықты сезімталдығы жоғары аспаптарды қолдана отырып жиілігі жоғары әдістердің көмегімен өлшеуге болады. Осы аспаптардың артықшылығы — жеңіл әрі қатты жылжымалы электрод жасау мүмкіндігі мен өзінің жоғары жиілікке жету мүмкіндігі. Конденсатордың пластиналарының арасындағы күш катушкадағы индуктивтік күштен айтарлықтай аз болуына байланысты, индуктивтік аспаптармен салыстырғанда сыйымдылықты түрлендіргіш өлшейтін ұштыққа аз кері әсер етеді. Конструкциясы жағынан түрлендіргіш ыдыратқышы аз, экраны, изоляциясы жақсы, қарапайым жасалған әрі қатты болуы тиіс. Ол бір пластинасы жылжымалы екі немесе үш пластиналы консенсатор түрінде жасалады.
Фотоэлектрикалық — жұмыс істеу қағидасы өлшеу органының ор-нын ауыстыруы туралы ақпарат фотоэлементке жарық сигналдары түрінде түседі, сол жерде ақпарат электр сигналдарына айналады. Оптикалық өлшеу құралдары ретінде өлшеу растрлары, дифракциялық торлар, штрих өлшемдері, кодты торлар, толқын ұзындығының шкалалары және т.б. пайдаланылады.