Сәйкестендіру — бұл функционалдық тағайындалысы бірдей объектілердің оңтайлы және қысқартылған номенклатурасын тіркеу мен реттеудің ғылыми-техникалық әдісі. Машина жасауда сәйкестендіру бұйымдардың конструкциясын талдау, олардың қолданылуы және конструкциясы мен көлемдері бойынша жақын бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері және бөлшектерін белгіленген белгілер мен қолданылу саласы бойынша бірыңғай оңтайлы типтік конструкцияға келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Сәйкестендірілген бұйымдар, олардың құрамдас бөліктері мен бөлшектері сапа көрсеткіштері (немесе үйлесімділігі) және қосылатын көлемдері бойынша өзара толық алмастыруға жарамды болуы тиіс.
Сәйкестендіруде сапа көрсеткіштері жоғары типтер мен тип көлемдерінің ең аз, алайда жеткілікті түр саны белгіленеді. Сәйкестендіру-стандарттаудың ең кең тараған және тиімді нысаны. Сәйкестендіруді стандарттауға дейін жүзеге асыруға болады, алайда бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктерін стандарттау үшін оларды сәйкестендіру қажет. Егер өнеркәсіптің бірнеше саласында қолданылатын стандарт әзірленетін болса, онда типтік көлемдерінің көп санына жол беріледі. Бұйымдардың типтік көлемдерінің салалық немесе зауыт ішіндегі шектеу тізбелерін жасау арқылы оларды одан әрі қысқартуға болады.
Сәйкестендірудің алдында объектілер жүйеге келтіріліп жіктеледі. Заттар, құбылыстар немесе ұғымдар пайдалану үшін қолайлы нақты жүйе құрайтын белгілі бір тәртіппен және ретпен орналастыру мақсатында жүйеленеді. Бұл ретте жүйеленетін объектілердің өзара байланысы ескеріледі, ал объектілердің алфавит бойынша орналасуы жүйелеудің ең қарапайым нысаны болып табылады.
Сондай-ақ объектілердің рет нөмірі немесе оларды хронологиялық тәртіппен орналастыру қолданылады. Машиналар мен олардың бөліктерінің параметрлері және көлемдерін жүйеге келтірген кезде басымды сандар қатарлары қолданылады.
Жіктеу жүйелеудің бір түрі болып табылады. Ол заттарды, құбылыстарды немесе ұғымдарды сыныптар, кіші сыныптар мен разрядтар бойынша олардың жалпы орналастыру, яғни бағынысты объектілер жүйесін құру мақсатында жүргізіледі. Жіктеу көбінесе ондық жүйе бойынша жүргізіледі. Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) ғылыми және оқу әдебиетінің индекстерімен халықаралық топтастыру жүйесі ретінде қабылданды. Мысалы, ӘОЖ 62 -техника, ӘОЖ 621 — жалпы машина жасау мен электр техникасы, ӘОЖ 621.3 -тау-кен ісіндегі электр техникасы және т.б.
Симплификаттау (қысқарту) — стандарттаудың бұйымның тұрпаттарының немесе басқа түрлерінің санын қазіргі уақыттағы қажеттілікті қанағаттандыратын санға дейін азайтатын нысаны. Симплификаттау қажетті болып саналатын құрамдас бөліктер мен бөлшектер қалады. Симплификаттау объектілеріне қандай да болмасын жетілдірулер кірмейді.
Бұйымдардың конструкциясын типтендіру — бұл бұйымның, олардың кұрамдас бөліктері мен бөлшектерінің қатарлары үшін ортақ конструктивтік параметрлер бар типтік конструкциялар әзірлеу және оларды белгілеу. Типтендіруде бұйымдлар мен олардың құрамдас бөліктерінің қолданылатын типтері мен типтік көлемдері талданады, сонымен бірге ғылым мен техниканың және өнеркәсіптің даму жетістіктері ескерілетін жаңа, келешегі мол жаңа типтер мен типтік көлемдер әзірленеді. Көбінесе осы жұмыстың нәтижесінде тиісті бұйымдардың, олардың кұрамдас бөліктері мен бөлшектерінің тиісті қатарлары белгіленеді.
Технологиялық процестерді типтендіру — бұл машиналардың бір типтес бөлшектерін шығару мен бір типтес жинақтаушы тораптарын жинаудың технологиялық процесін әзірлеу. Технологиялық процестерді типтендірудің алдында бөлшектерді, құрамдас бөліктер мен бұйымдарды жіктеу және өкілобъектінің — осы топтың объектілеріне тән белгілердің ең көп саны тән типтік өкілдерді белгілеу жөніндегі жұмыс жүргізілуге тиіс.
Сәйкестендірудің екі түрі болады. Көлем ішінде сәйкестендіру — бұл базалық моделі бар белгілі бір бұйымның барлық модификацияларын немесе бір тип көлемінің ішінде өзара сәйкестендіру. Көлемаралық сәйкестендіру — бұл базалық модельдерді сәйкестендіру немесе оларды түрлендіру (бұйымның әр түрлі параметрлер қатарының әр түрлі көлемдері арасында, алайда бір типтің ішінде). Сәйкестендірудің көрсетілген екі түрі машиналарды, бір типтің құрамдас бөліктері мен бөлшектерін қамтиды, сол себептен ішкі типтік сәйкестендіруге жатады.
Тип арасындағы сәйкестендіру — бұл әр түрлі параметрлер қатарлары мен әр түрлі типтерге жататын бұйымдарды сәйкестендіру. Мысалы, бір типаралық қатарға көлденең-фрезерлік, көлденең — сүргілейтін, көлденең тегістейтін станоктар R10 (800, 1000, 1250, 1600 мм) қатары бойынша орна-тылған өңделетін әзірлемелердің стандартты енінің негізінде сәйкестендірілуі мүмкін. Бұл барлық көрсетілген станоктардың 45%-да сәйкестендірілген то-раптарды (бағандар, станина, көлденең құрылғы, бағыттаушы, жылдамдық қорабы, басқару органдары және т.б.) қолдануға мүмкіндік береді. Сәйкестендіру зауыттық (зауыт ауқымында), салалық (сала зауытта-рының қатары үшін), салааралык (өнеркәсіптің әр түрлі салалары үшін) бо-луы мүмкін.
Біріктіру — бұл бұйымда әр түрлі сан мен әр түрлі үйлесімде орнатыла-тын, сәйкестендірілген көп рет пайдаланылатын стандартты агрегаттардан (модульдерден) машина, жабдық, аспап және басқа да бұйым жасау әдісі. Біріктіру әдісін пайдаланудың мысалына жеке блоктардан жиһаз жасауды келтіруге болады, яғни блоктарды әр түрлі сан мен үйлесімді қиыстыра оты-рып сатып алушыға қандай да болмасын талғамы мен қаржы мүмкіндігіне орай жиһаздың сан алуан түрін қымбат емес бағамен ұсынуға болады.
Машиналар дербес функционалдық тораптарды (агрегаттарды) бірқатар басқа машиналарда колданылатынын ескере отырып, оларды жеке бөлуге мүмкіндік беретін олардың құрамдас бөліктерін құрылымдық талдау негі-зінде бөлшектенеді. Осындай құрамдас бөлшекке қозғалтқышы бар жылдамдық қорабы, трансмиссия, станинасы бар рама, басқару органдары, жұмыс операцияларын орындайтын тораптар және т.б. жатады.
Агрегаттар бір-бірінен тәуелсіз жасалады және олар өздерінің барлық пайдалану көрсеткіштері мен қосылатын көлемдері бойынша өзара толық алмастырылады. Сәйкестендірілген агрегаттардың оңтайлы конструкциясы жоғары сапалы әрі мүмкіндігінше барынша аз бөлшектен құралуы тиіс. Сәйкестендіру мен біріктіру қисынсыз бірегей әрі қымбат жабдықтың конструкциясын жасау мен шығарудан оларды тексерілген оңтайлы сәйкестендірілген агрегаттардың негізінде шығаруға көшуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жобалау мен жасау мерзімі айтарлықтай қысқарады. Мұндай машиналарды пайдалану мен жөндеу оңай, оларды қызметкерлер тез игереді.